Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет225/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
әдеби-теориялық ой-пікір оларды 
сөз етуді енді ғана қолға ала бастаған 
еді. Сонымен қатар, әдебиет тура-
лы ғылымның тууы – әдебиет тари-
хынан не теориясынан белгілі бір 
терең мәні бар еңбектің жазылуымен 
жүзеге аспақ емес. Ол – зерттеушілік 
ой-пікірдің қайшылықтарға толы ке-
зеңдерінен тұратын ұзаққа созыла-
тын процесс. Бұған қоса әр кезеңде 
туындаған әдеби-теориялық білімдер 
жиынтығы мен сыншылдық таным-
білік тудыратын көркем әдебиет те 
қажет. 
Қорыта келгенде, ұлттық әдеби-
теориялық ой-пікірдің ғасыр лар 
бой ғы ғылыми бағыттағы ізденіс-
терінің нәтижесі ретінде «Әдебиет 
танытқыш» дүниеге келді де, әде-
биет туралы ұлттық ғылымның туа 
бастағанын дәлелдеп берді. Ол әде-
биеттану ғылымының туып-даму 
жолындағы келешек ғылыми-зерт-
теу жұмыстарына негіз және басшы 
болуға тиіс еді. Амал не, екі-үш жыл-
дан кейін А. Байтұрсыновтың қазақ 
зиялыларына төнген алғашқы саяси 
зұлматтың құрбандығына айналу-
ынан бастап, жетпіс жыл бойы ең-
бекті ғылыми айналымнан шығарып 
тастадық. Әйтсе де әдебиет теория-
сынан кейінде жазылған еңбектерге 
негіз болумен қатар, танымдық із-
деністерде табан тірер басты қайнар 
көз болып қала берді. Біз бүгінде 
«Әдебиет танытқыштың» түркі тіл-
дес халықтар ішінде кездеспеген 
құбылыс екенін мақтана айтуға 
тиістіміз.
1925 жылғы «Партияның көркем 
әдебиет саласындағы саясаты тура-
лы» қаулының алға қойған «пролета-
риат әдебиетінің үстемдігін орнату, 
ұлтшылдық буржуазияшыл элемент-
терді әшкерелеу» секілді міндеттері 
орындалып шыққан соң, 30-жыл-
дардың бас кезінде маркстік-ленин-
дік идеологияны басшылыққа ала 
отырып, «түрі ұлттық, мазмұны со-
циалистік әдебиет» жасауға қадам 
жасалды. Әдебиет осы жаңа идео-
логиялық талап-тілектеріне сай 
жанрлық тұрғыдан дами бастады. 
Осыған орай сыншылдық және 
әдеби-теориялық ой-пікір азды-
көпті жинаған тәжірибесін пайда-
лана отырып өркендеуге тиіс еді. 
Бірақ, сыншылдық ой-пікір ҚазАПП 
бас шылығы тарапынан болған әде-
биеттегі жікшілдік мәселесімен ай-
налысып кетті де «тұрпайы социо-
логизмнің» солақай көзқарасының 
ықпалына түсіп кетті. Бұл әдеби-
теориялық ой-пікірге де әсер етіп 
ҚазАПП теоретиктері ұсынған «Д. 
Бедныйша жазу керек» деген ұранға, 
«байлар әдебиетін басып озу керек» 
деген шақыруға сай, сол кездегі 
РАПП-тың позициясынан туындаған 
«жанды адамды көрсету», «Плеханов 
ортодокциясы үшін», «төтен әсер» 
сияқты теориялық теріс қағида лар ды 
сөз етіп кетті. С. Мұқановтың «Блок-
шылдықтан демьяншылдыққа» («Жа-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


244


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет