Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет228/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ескілікті көксеудің, ақсүйектік дә-
уірді жырлаудың, ұлтшылдықтың 
белгілерін іздеу науқанға айналды. 
Оған КазАПП сыншылары қатты ат 
салысты. Әрі-беріден соң арнайы 
мақсаттағы іс-жоспар да жасалды. 
«Әдебиет майданы» журналының 
1932 жылғы № 4 санында шыққан 14 
тармақтан тұратын бұл іс-жоспарда 
«ұлтшыл-алашордашылардан» қалған
әдебиеттің зиянды бетін ашу, проле-
тариат ақын-жазушылардың шығар-
маларын тексеру ғана емес, сол 
жылы қай қаламгердің не жазатын-
дығын көрсеткен міндеттемелер 
қабылдауын талап етті. Міне, әде-
би сында әсіре тапшылдықты на си-
хаттаған «тұрпайы социологизм» дә-
уірлеп тұрған, ғылыми зерттеу ісінде 
орыс әдебиеттану ғылымын дағы 
В. Фриченің, П. Н. Саку линнің еңбек-
терінен туын даған социология лық 
және 
формальды-социологиялық 
әдіс белгілері орын алып тұрған кез-
де, Сталин дік түзетулерге ұшыраған 
маркс тік-лениндік әдіснама оларға 
қарсы күресе отырып өз позици-
ясын нығайтуға ұмтылды. Ол бү-
кіл кеңестер Одағына кіретін ұлт 
республикаларының әдебиеті ендігі 
жерде «түрі ұлттық, мазмұны со-
циалистік» болатынын анықтап берді 
де, оның әдеби дамудағы негізгі әдісі 
социалистік реализм болып табы-
латынын шұғыл түрде күн тәртібіне 
қойды, кеңестік идеология оны жан-
жақты және батыл насихаттай бас-
тады. Ал бұл шақта енді ғана туа 
бастаған қазақ әдебиеттану ғылымы 
түгіл, қалыптасқан тәжірибесі бар 
және академиялық мектеп аталған 
әр түрлі ғылыми бағыттағы мектеп-
тері бар орыс әдебиеттануының өзі 
дағдарысқа душар болған еді. Себебі, 
маркстік-лениндік әдіснаманың зерт-
теу әдістері толық айқындала қой ған 
жоқ болатын және оған сталиндік 
басшылық жиі-жиі өзгерістер енгі-
зіп бұрмалап тұрды. Сондықтан да 
ғылыми зерттеу жұмыстарындағы 
бұрынғы дәстүрден қол үзбей жаңа-
мен байланыстыратын тың жол 
іздеді. Бірақ, буржуазиялық идеоло-
гияға қарсы күрес өрістеп, жаңа 
заман талаптарына сай дамуға ұм-
тылған ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің ізденістері ретінде байқал-
ған формализм, фрейдизм, олардың 
биографиялық, компаративистік әдіс-
терін, мәдени-тарихи мектептің өз 
бағыттарын жалғастыруға деген қа-
дамдарын сталиндік басшылықтағы 
маркстік-лениндік әдіснама қатал-
дықпен талқандап отырды. Көп 
жағдайда оған саяси астар беріп, 
ұлтшылдықты, тап жауларын әшке-
релеумен байланыстыру орын алды. 
Сондықтан да орыс әдебиеттану 
ғы лымыңдағыдай қазақтың ұлт-
тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірі 
20-жыл дардағы айқындала бастаған 
бағытынан жаңылып, жаңа әдіснама 
талаптарына сай амалсыздан икем-
деле бастауға мәжбүр болды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


247


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет