Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет265/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
«Абай – классик казахской лите-
ратуры» (1949), Ә.Жиреншиннің 
«Абай и его русские друзья» (1949) 
секілді еңбектерінің Қ. Жұмалиевтің 
«Абайға дейінгі қазақ поэзиясы 
және Абай поэзиясының тілі» (1948) 
атты монографиясына ұласуы мен 
докторлық диссертация қорғауы 
(1946) тағы да дәлелдей түседі. 
Абай мұрасы 1946 жылы ашылған 
ұлттық Ғылым Академиясының 
Тіл-әдебиет институтындағы зерт-
теу жұмыстарының басты нысанала-
рының біріне айналып, бұл саладағы 
жұмыстар қарқынды дами бастады.
1940 жылдардағы абайтану ілі-
міндегі осы секілді тың ізденістер 
халқымыздың басқа екі ұлы ағар-
тушысы Шоқан мен Ыбырайдың өмі-
рі мен шығармашылығын, өнерпаз-
дың тұлғаларын ғылыми зерттеуге 
кең жол ашты. Ы. Алтынсарин мек-
теп оқу құралдарына енгізілгендік-
тен шығармалары біршама таныс-
тырылып, жазушының, ұстаздық 
тұлғасына бағалаушылық мәндегі 
пікірлер айтылып та жатқан еді. 
Ал Ш. Уәлиханов қалдырған мол 
мұраның ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің нысанасына түсуі мен қазақ 
әдебиеті тарихына байланысты сөз 
бола бастауы – осы 1940 жылдардағы 
ғылыми мақалалардың еншісінде. 
Өйткені, оқу құралдарында кеңестік 
идеологияның ұлттар достығы сая-
сатына қайшы келетін және кейін де 
қате табылған тарихи жырлар мен 
отаршылдыққа ашық қарсы шық-
қан Мұрат, Дулат, Шортанбай жә не 
басқа да «керітартпа, ескішіл» са-
налған ақындар шығармашылығы 
қарастырыла бастағандықтан, Шо-
қан мен Ыбырай туралы бұрын дары 
қалыптасқан «тұрпайы социоло-
гизмге» сай көзқарас өз позициясын 
жоғалтты. Оған басты себептердің 
бірі – соғыс жылдарында халықтар 
достығының айырықша дәріптеле 
бастауына орай осы үш ағартушы – 
ойшылымыздың орыс достарының 
көп болуы еді. Бұл ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірдің ХІХ ғасыр да-
ғы қазақ әдебиеті классик терінің 
мұрасын зерттеуге тайсалмай баруы-
на мүмкіндік берді.
Осы кезеңдегі шоқантану саласын-
дағы ізденістердің ізашары санал-
ған Қ. Бекхожиннің «Ш. Уәлиха-
нов – қазақтың тұңғыш білімпазы» 
(«Әдебиет және искусство», 1941, 
№4) сияқты мақалаларынан бастап 
зерттеушілік мәні айқын таныла-
тын біршама ғылыми мақалалар 
жа рық көрді. ХІХ ғасырдағы қазақ 
әдебиетінің өкілі ретінде хрестома-
тиялар мен оқулықтарда енгізілмей 
жүрген Ш. Уәлихановтың ғалымдық, 
ағартушылық тұлғасының таныла 
бастауына бұл мақалалардың жетек-
шілік рөлі зор болды. Олардың іші нен 
Х. Айдарованың «Қазақ халқының та-
лантты ұлы» («СҚ», 1945, 15 шіл де), 
Б. Кенжебаевтың «Ш. Уәлиханов», 
Е. Ысмайыловтың «Ш. Уәлиханов» 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


285


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет