ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
қателескен болар едік. Керісінше,
олардың осындай деңгейде танылу-
ына ғылыми зерттеу мақалалар мен
монографиялық сипаттағы еңбек-
тердің үлесі аз бола қойған жоқ.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің
мақалалар мен еңбектерде ерек ше
көңіл аударғаны қазақ әдебиеті та-
рихын дәуірлеу мәселесі болды. Ол
енді ғана қалыптасу жолын бастаған
қазақ әдебиеттану ғылымы үшін
заңды құбылыс еді. Себебі, бірде-бір
ғылым өзі тексеріп отырған саланың
негізгі даму кезеңдерін анықтап
алмай тұрып, ішкі ерекшеліктерін
зерттеуді қолға ала алмайтыны
белгілі. Осыған сай қазақ әдебиеті
тарихын дәуірлеуде 1940 жылдардың
бас кезінен бастап-ақ екі түрлі
көзқарастағы жүйедегі бөлу жо-
басы қалыптаса бастады. Оның
алғашқысын Қ. Жұмалиев ХVІІІ
ға сырдың екінші жартысындағы,
ХІХ ғасырдың бірінші және екінші
жартысындағы әдебиет, ХХ ғасыр
басындағы әдебиет деген үлгіде 1940
жылы ұсынған болатын [77].
Ал бұған қарсы екінші көзқа-
растағы үлгі Б. Кенжебаевтың
қазақ әдебиеті тарихын «Қазақ
хандығы тұсындағы әдебиет (ХV-
ХVІІІ ғғ.), ХІХ ғасырдың алғашқы
жартысындағы әдебиет, ХІХ ғ. екін-
ші жартысындағы әдебиет, ХХ ғ.
басындағы әдебиет, Қазақ совет
әдебиеті» деп бөлген, С. Мұқановтың
Алтын Орда тұсындағы әдебиет, Ақ-
табан-шұбырынды тұсындағы әде-
биет деп дәуірлеген жүйелері болды.
Алайда Б. Кенжебаев пен С. Мұ -
қанов ұсынған бұл жүйелердегі жоба
басқа әдебиетші ғалымдар тарапы-
нан қолдау таппады. Б. Кенжеба-
ев: «Кейбір жолдастар «Асанқайғы
мен Сыпыра жырау тарихта бол-
маған, халық ойдан шығарған, әде-
биетіміздің тарихын олардан бас-
тамай, тарихта болғаны ақиқат Бұқар
жыраудан – ХVІІІ ғасырдан бастауы-
мыз керек», – дейді. Бұл дұрыс емес,
ауырдың үстіменен, жеңілдің асты-
менен жүргендік болады», – деп, өзі
қазақ хандығы тұсындағы әдебиет
деп атаған дәуірдің тарихи маңызы
мен зерттелетін ақын-жыраулар-
ды атап көрсеткенімен, құлшыныс
білдіргендер болмады. Сол себептен
де болар, әдебиет хрестоматияларын
құрастыру мен оқу құралдарын жазу
барысында Қ. Жұмалиев ұсынған
дәуірге бөлу нұсқасы басшылыққа
алынып кетті. Әсіресе 8 класқа
арналған оқу құралдарын жасау-
шы осы Қ. Жұмалиев болғандықтан
да қиындықсыз жүзеге асты. Оны
1942 жылы «Қазақтың ХVІІІ-ХІХ
ғасырдағы әдебиетінің тарихынан
очерктер»атты еңбегінде С. Мұ-
қанов та қолдап, өзінің алғашқы
дәуірге бөлген нұсқасынан бас
тартты. Ғылыми ізденістің негізгі
бағыт тары да осы ғасырлардағы
әде биет өкілдері төңірегінде жүруі
Қ. Жұ малиевке 1948 жылғы «Қазақ
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
282
Достарыңызбен бөлісу: |