Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет281/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
өз «қателіктерін» большевиктер
ше 
түзетуге амалсыздан кірісті. 1947 
жы лы С. Кеңесбаев «Тіл және әде-
биет институты өзінің қателіктерін 
большевикше түзетуде» («СҚ», 22 
мау сым) мақаласында партияның 
«әділ сынынан» қорытынды шыға-
рып жатқанын хабарлап, бұл ба-
ғыттардағы жұмыстардың жал-
пы жобасын баяндап берді. Қаулы 
мен оны насихаттаған баяндама-
лар және мақалалардағы «совет 
дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихын 
зерттеуді назардан тыс қалдырды» 
деген сынынан қорытынды шығару 
ісі қолға алынғаны дәлелдене бас-
тады. Ол «Вестник АН КазССР-
де» Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, 
М. Ритман-Фетисовтардың «Работа 
над историей казахской советской 
литературы» (№4), М.Сильченко мен 
Ә.Тәжібаевтың «На пути к созда нию 
истории казахской литературы» (№8), 
Қ.Сатбаевтың «Наука в Казахстане 
за 30 лет Советской власти» (№12) 
секілді мақалаларда көрініс тапты. 
Бұларға М. Әуезовтің 1948 жылғы 
«Қазақ әдебиетін жасау мәселелері» 
(«Әдебиет және искусство», №2) 
атты мақаласын қоссақ, ұлттық әде-
биет туралы ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікір маркстік-лениндік әдіснама-
ның әдебиеттің таптығы, халық-
тығы секілді қате қағидаларының 
тар шеңберлі құрсауына біржо-
ла түскенін көрер едік. Әсіресе, 
М. Әуезов өз мақаласында фольклор-
тану саласындағы алға басқандық 
болып танылатын соны табыстар 
мен ізденістерді жоққа шығаруға 
мәжбүр болды. Атап айтсақ, І том-
ды жаңаша редакциялауда әдет-салт 
жырлары таптық, тарихи, халықтық 
тұрғыдан қайта қарастырылды, ба-
тырлар жырынан халыққа салт-
санасы жат ақындар жырлап келген 
«Едіге», «Орақ-Мамай», «Шора ба-
тыр», т.б. жырлар алынып тасталды. 
Лиро-эпостық жырлардың таптық, 
қоғамдық негізі қаза тексерілді, та-
рихи жырлардан Абылай, Кенесары-
Наурызбай, Қабанбай және басқа ха-
лық батырлары туралы жырлардың» 
халыққа жат мазмұнда» екені атап 
көрсетілді, шешендік сөздер фоль -
клор классификациясынан шетте- 
тілді. М. Әуезов осы мақаласында 
басқа да фольклорлық жанр түрлерін 
таптық, идеологиялық позицияда 
қарау керектігін, рушылдық, ескі са-
налы қайшылықтарды ашу қажеттігін 
маркстік-лениндік әдіснама талапта-
рына сай баяндап берді. 
Қаулы мен идеологиялық сая-
саттын қатаң талаптарына сай 
ғылыми зерттеу жұмыстарындағы 
қателіктерді түзету үшін оқулықтар 
мен оқу құралдарын қайта жазу ісі 
де қауырт қолға алынды. Бұл са-
лада бұрын жұмыс жасап жүрген 
авторлардың көбіне саяси сенімсіз-
дік білдірілді және қырағылықпен 
қадағаланып отырылды. Сол се-
бептен 8 сыныпқа арналған «Қазақ 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


301


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет