ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
са, екіншісі, сол арқылы ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірде «тұрпайы
социологизм» теориясының ерек-
ше өріс алып кетпеуі үшін күресу
еді. Оған дәлел ретінде 1948-1949
жылдары Қ. Жұмалиевтің «Абайға
дейінгі қазақ поэзиясы және Абай
поэзиясының тілі», «М. Өтемісұлы»,
Б. Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұттың
ақындығы», «Қазақ әдебиеті тари-
хы ның» І томы, «Қазақ совет
тарихының очеркі» және тағы да
басқа еңбектерді атай отырып, олар-
ды заман талабына сай таптық көз-
қарас пен социологиялық арқауы
басым талдаулардың көбірек орын
алғанына бола, бүгінгі күнгі талапқа
сай даттай беруге де болмас. Ең бас-
тысы, олар ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің
«тұрпайы
социоло-
гизм» теориясының ықпалына бір-
жола мойын ұсынудан, азды-көпті
табыстарды түгелдей жоққа шыға-
рудан сақтап қалды. Шынын айтсақ,
«тұрпайы социологизм» бұл бағытта
өз ұмтылыстарын жасамай да қалған
жоқ емес. 50-жылдардың басын-
дағы Абай мұрасына байланысты
дискуссияның болуы оған нақты
дәлел.
Қазақ әдебиеттану ғылымы ой-
пікірге тұсау салған қаулы-қарарлар
қыспағына түсіп, өз «қателіктерін»
маркстік-лениндік әдіснама талап-
тарына сай түзету жасауға талпын-
ған дарымен, әшкерелеуге құрылған
саяси науқан жалғаса берді. 1950
жылдардың басынан бастап ол тіпті
үдеп кетті. Оған «халықтар көсемі»
Сталиннің ғылыми жұмыстардағы
дискуссияға белсене араласуы се-
беп болды да, идеологиялық тазалау
басталды. Физиологияда академик
Павловтың, тіл білімінде Маррдың,
саяси экономияда Вознесенскийдің
шәкірттеріне қарсы күрес өрістеді.
Шарлатан Лысенконың ілімі дә-
ріптелді. Әсіресе, Сталиннің тіл білі-
міне қосқан «жаңалығы» ұлт респуб-
ликаларында «ұлтшыл дық-бур жуа-
зияшылдық», космополититтік көз-
қа расты әшкерелеумен тығыз ұш-
тас тырылды. Марксизм-ленинизмнің
не гізін салушыларға түзетулер енгізе
отырып, тілді қондырмаға да, ба-
зиске де жатпайтынын дәлелдеген
Сталин «жаңалықтары» ғылымда ғы
буржуазияшыл-ұлтшыл
пиғылда-
ғы жаңа тап жауларын талқандауды
кеңестік идеологияға міндеттеп бер-
ді. Басқаларды былай қойғанда,
М. Әуезовтің өзі «Дружба народов»
журналында «Вопросы казахско-
го языка в свете трудов И. Сталина
по языкознанию» (1951, №6) ма-
қала сында қолдаса, Ә. Хасенов де-
ген «Қазақ тіл ғылымындағы марр-
шылдық пен ұлтшылдыққа қарсы»
атты мақаласымен талқан дағыш
күшке айналдырып жіберді. Бұл ұлт-
шылдықты әшкерелеудің басқа ғы-
лым салаларына да ауыз сала бас-
тағанының белгісі еді. Тіл-әдебиет
институты қаралағыш сипаттағы ауыр
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
304
Достарыңызбен бөлісу: |