ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
ріншісі, партиялық баспасөз орны
болып табылатын «Социалистік Қа-
зақстан», «Казахстанская правда»
газеттерінің жол бастауымен мерзім-
ді жарияланымдарда «тұрпайы со-
циологизм» көзқарасындағы сола-
қай сыншылдықтың өріс алуы бол-
са, екіншісі, жарамсыз деп табылған
оқулықтарды пайдаланудан алу мен
сынға ұшыраған ақын-жыраулар шы-
ғармашылығын алып тастап, қаулы
талабына сай жаңа оқулықтар жазу
еді. Қаулының егемендік алғанға де-
йінгі ғылыми зерттеу жұмыстарына
тигізген орасан зор кесірін таныту
үшін бұл жайттарға кеңінен тоқтала
кеткен артық болмайды.
Қаулы мен баяндамадан соң-ақ
іле-шала белсенділік танытуға ұм-
тылған партиялық баспасөздер тал-
қандауға құрылған саяси науқанды
бастап жіберді. «Социалистік Қазақ-
стандағы» «Идеологиялық жұмыс-
тағы қате-кемшіліктерді батыл жоя-
йық» (11 наурыз) атты бас мақала,
«Казахстанская правдадағы» В. На-
умов пен Н. Антоновтың «На пози-
циях гнилого либерализма» аталатын
мақаласы қазақ әдебиеттану ғылы-
мы туралы солақай сыншылдық-
тың өріс алуына жол ашты. Қаулы
шықпай тұрып-ақ ғылыми зерт теу
жұмыстарының ұлттық мүддеге
сай бағыт алуына күмәндана қарап,
осы қаулының қабылдануына не-
гіз болды деп ойлауға болатындай
мақалалар жарияланғандардың күні
оңынан туды. Оны қаулыдағы рес-
ми тұжырымдар мен 1946 жыл ғы
«Социалистік Қазақстанда» жария-
ланған П. Кузнецовтың «Идеясыз-
дық пен жайбарақаттық жағдайында»
(4 қазан), Б. Степановтың «Қазақстан-
да идеологиялық жұмыстың кей-
бір мәселелері туралы» (10 тамыз),
С. Төлешевтің «Әдебиеттік оқу
кітаптарындағы елеулі кемшіліктер»
(13 қараша), «Қазақ әдебиетін зерт-
теу дегі елеулі қателіктер мен кемші-
лік терді батыл және тез жояйық»
(1 желтоқсан) секілді мақалалардағы
сын нысанасына түскен мәселелер
мен пікірлерді салыстыра қарағанда
анық байқауға болады.
Ұлттық әдебиеттанудағы қате-
ліктерді жоюға шақырған үндеуге
идеологияға жақын екенін үнемі
дәлелдеуге ұмтылатын сол кездегі
әдеби сын бірден үн қосты. Сын-
шылдық көзқарастың қаулыға дейін
анда-санда көрініс беріп қалып
отырған тапшылыққа негізделген
сыңар жақ солақайлығы қайта дә-
уірлеп, ғылыми-тарихи, әдеби-тео-
риялық ой-пікірдің «өрескел қа-
теліктерін» аямай әшкерелеу мен
өлтіре сынау өрістеді. Ол партиялық
басшылықпен арнайы ұйымдас ты-
рылды және осындай сәттерге көзге
түсіп қалуға тырысатын айғайшыл
адамдарды шеберлікпен пайдалан-
ды, мақсатты тапсырыс беріліп жаз-
дырылды. Ол 1947 жылғы «Әдебиет
жә не искусстводағы» М. Ақынжанов-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
299
Достарыңызбен бөлісу: |