Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет372/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы 
түйек», М. Сералиннің «Топжарған», 
М. Дулатовтың «Оян, қазақ», «Тер-
ме», А. Байтұрсыновтың «Маса», 
«Тіл құрал» және басқа да кітаптар 
басылғанын хабарлады. «Қазақтың» 
библиографиялық сипаттағы іздені-
сінде «Қазақ» басқармасында сатыла-
тын кітаптар» деген атпен басқарма 
тарапынан шыққан мақалалардың 
мәні зор. Мысалы, 1915 жылы осы 
айдармен шыққан хабарда қазақша 
басылған он кітаптың тізімі беріл ген. 
Олар: А. Байтұрсыновтың «Әліп-
пе», «Маса», «Тіл құрал» (1-жыл 
үшін), «Тіл құрал» (2-жыл үшін), 
М. Дулатовтың қазақша «Кираәт 
кітабы», «Бақытсыз Жамал», «Есеп 
құралы» (1-жыл үшін), «Есеп құралы» 
(2-жыл үшін), Ғ. Қарашовтың «Аға 
тұлпар», Б. Өтетілеуовтің «Жиған-
терген» кітаптары. Газет тізіміндегі 
кітаптың нақты нарқы мен почта-
мен жіберілгендегі бағасын қоса 
көрсетіп отырған. Міне, тура осын-
дай дәрежедегі тізім газеттің он 
тоғыз санында шыққанын ескерсек, 
газет өзі шығып тұрған кездегі қазақ 
кітаптарының библиографиялық ті-
зімін толық көрсетіп берді деуге 
негіз бар. Бұл жеке кітаптар туралы 
хабарларды есептемегенде. Бұған 
М. Шоқаевтың 1915 жылғы №156 
санында жарияланған «Ә. Дива-
ев» мақаласында ғалым бастырған 
этнографиялық материалдар мен 
фольклорлық үлгілерді «Ертегі – 
хикаялар», «Мысалдар», «Тарихи 
қағаздар» деген топқа бөліп, толық 
тізімін беруін қоссақ, біршама жұ-
мыс жүргізілгеніне куә боламыз. 
Не гізінен газет қазақ кітаптарының 
басылуы мен таралуы, олардың сапа-
сы деген мәселеге селқос қарамаған. 
М. Дулатов М. Тұрғанбайұлы ның 
«Пайғамбар заманы» деген оқу құ-
ралына жазған мақаласында (1915 
№ 139): «Бұл кітаптың тілі сұлу, 
түсінікті, айқын қазақша жазылып, 
бастауыш мектептің соңғы жылына 
арналған. Басылуы да көркем, емле-
сі қазақша. Мектеп кітаптарымыз 
жеткіліксіз болып тұрған кезде бұл 
мезгілді һәм орынды шыққан жақсы 
бір кітап болды», – деп бағалайды. 
Одан соң кітап иесінің «Түрік 
қауымдарының ішіндегі ең сап болып 
тұрған жалғыз қазақ әдебиеті екен. 
Осы алтындай таза, гауһардай қым-
бат қазақ әдебиетіне қылған қызметі-
міз бүтін түрік қауымдарына қылған 
қызметіміз ғой» деген пікірін қоштай 
келе, бұл салада арта қалып келе 
жатқанымыз қазақ баспахананың, 
кітап бастырушының және кітап сау-
дасымен айналушылардың жоқтығы 
деп көрсетеді. Осы кітапты бастырып 
шығарған Қ. Қоңыратбайұлынан үлгі 
алуға шақырады. «Қазақ» бетіндегі 
осы тақылеттес ой-толғамдардың 
молынан айтылуы, қазақ библио-
графиясының мәселелеріне тікелей 
қатысты болмағанымен сол бағыт-
тағы жұмыстардың жандануына өз 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


394


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет