ХИМИЯ • ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕ • ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ АШЫЛУЫ
2
Қосымша сұрақ
С1. Неліктен Деберейнер мен Ньюлендстің идеялары
қабылданбады, ал Менделеевтің идеясы қабылданды?
Деберейнер мен Ньюлендс байқаған заңдылықтар жай ғана
сәйкестік
деп саналды, өйткені олар осы заңдылықтардың
болу себебін түсіндіре алмады. 1860 жылдары атомның
құрылысы жайлы еш мәлімет болмады, тіпті кейбір ғалымдар атомның болғанына әлі де күмәнданады,
сондықтан ашылған заңдылықтардың теориялық түсініктемесі жоқ.
Менделеевтің жетістігі – ол өзі қалдырған бос ұяшықтарды толтыратын және болжамдарына сәйкес келетін
ашылмаған элементтер бар деп есептеуінде болды. Галий мен германий элементтері ашылып,
қасиеттері
ғалымның болжамдарымен сәйкес келгенде, ол бүкіл әлемге әйгілі болды. Оның идеясы қазіргі элементтер
классификациясының негізіне айналды.
• Ұсынылатын фильмдер
- Фосфордың ашылуы
- Флогистон қарғысы
- Флогистон және оттегі
- Периодтық кестеге кіріспе
- Джон Ньюлендстің мұрасы
• Д.Менделеев периодтық кестесі үшін элементтердегі қандай заңдылықтарды
қолданды?
Дмитрий Менделеев (1834-1927) 1869 жылы өзі
жасаған периодтық кестенің бірінші нұсқасын жарыққа
шығарды. Ол Ньюлендс
сияқты элементтерді топ деп
аталатын ұқсас элементтер қатарына қойылуы үшін
салыстырмалы атомдық массаларының өсу ретімен
орналастырды. Қазіргі периодтық кестеде бұл топтар
бағандар түрінде орналасқан. Натрий, калий және литий
бір топта орналасса, хлор, бром және йод өзге топта
орналасқан. Ол кестенің маңызды
ерекшіліктерін сақтау
үшін, элементтерді ұқсас қасиеттеріне қарай бір топқа
біріктірді. Бұл үшін кейде ол салыстырмалы атомдық
массалар өсу ретінесепке алмады. Салыстырмалы
атомдық массасы 128 және 127 болып табылатын
теллур мен йодқа келгенде,
олардың орнын ауыстырып,
теллурды 6-топқа, селеннің астына, ал йодты
7-топқа, бромның астына орналастыруға тура келді.
Екі жағдайда да химиялық қасиеттердің ұқсастығы
сақталды. Қазір біз, бұл қайшылық теллур мен йодтың
изотоптарына байланысты екенін білеміз.
Дмитрий Менделеев
өзінің периодтық кестесін
көптеген химиялық мәліметтердің негізінде жасады:
оларға элементтің тығыздығы,
балқу және қайнау
температурасы сияқты қасиеттері; оксидтері мен
хлоридтерінің тығыздығы, балқу және қайнау
температурасы, формуласы; қышқылдық-негіздік
қасиеттері жатады. Балқу температурасы сияқты сандық
қасиеттер толқын түрінде өсіп-кеміп отырады, ал
қасиеттері ұқсас элементтер бірдей уақыт аралығында
пайда болып отырады. “Периодтық кесте” ұғымы осыдан
шыққан.
Алайда, Менделеевтің басты жаңалығы – оның
қасиеттері бірдей элементтерді
бір топқа орналастыру
үшін бос орындар қалдырып кетуі еді, ол осы бос
орындарды болашақта ашылуы мүмкін элементтер
толтырады деп болжады және бұл болжамы тура келді.
Достарыңызбен бөлісу: