Химия • периодтық кесте • элементтердің ашылуы 1 1-бөлім: Периодтық кестенің құрылуы



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата28.09.2022
өлшемі2.01 Mb.
#461500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
периодтық заң

Қосымша сұрақтар
С2. Қазіргі периодтық кестеге қарап, салыстырмалы 
атомдық массалар реті атомдық нөмірлер ретімен 
сәйкес келмейтін (теллур мен йодтан басқа) басқа 
мысал келтіре аласыз ба? Бұл жағдай не себепті 
орын алады?
Калийдің салыстырмалы атомдық массасы 39-ға 
тең, бірақ периодтық кестеде ол салыстырмалы 
атомдық массасы 40-қа тең аргоннан кейін 
орналасқан. Себебі атомның химиялық табиғатын 
оның атом нөмірі (ядродағы протондар саны) 
айқындайды. Калийдің атомдық нөмірі 19, ал 
аргонның атомдық нөмірі 18, олар сәйкесінше 
1-топқа және 0-топқа орналастырылған. Бұл 
элементтердің салыстырмалы атомдық массалары 
олардың атомдық нөмірлерінің ретімен қойылмаған, 
себебі аргон изотоптарының өлшенген орташа 
массасы калий изотоптарының өлшенген орташа 
массасынан артық.
С3. Баған бойынша жоғарыдан төменге қарай 
элементтердің қасиеттері неліктен өзгереді?
Бұл, атомдардың электрондық конфигурациясына 
байланысты. Топ бойынша төмен қарай түскенде, 
электронға толы қабаттар ядроға “қорғаныш 
қабығы” болып, ядроның электрондарды тартуын 
қиындатады.
• Ұсынылатын фильмдер
- Периодтық кестеге кіріспе
- Атом деген не?


ХИМИЯ • ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕ • ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ АШЫЛУЫ
3
КЕСТЕ 02:
Периодтық кесте мен атомдық теорияның даму кезеңдері


ХИМИЯ • ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕ • ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ АШЫЛУЫ
4
КЕСТЕ 03:
Менделеевтің 1869 жылғы периодтық кестесі


ХИМИЯ • ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕ • ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ АШЫЛУЫ
5
Қасиеттері
Салыстырмалы атомдық масса
Тығыздық (г/см
3
)
Балқу температурасы (°C) 
Оксидінің формуласы
Оксидінің тығыздығы (г/см
3
)
Оксидінің табиғаты
Хлоридінің формуласы
68,8
6,0
Төмен
EA
2
O
3
5,5
амфотерлі – қышқылдар мен 
сілтілерде ериді
EaCl
3
амфотерлі – қышқылдар мен 
сілтілерде ериді
69,72
5,904
29,78
Ga
2
O
3
5,88
GaCl
3
Менделеевтің эка-алюминий 
туралы болжамдары
Галийдің қасиеттері 
• Д.Менделеев белгісіз элементтер жайлы қандай болжамдар жасады?
Қазіргі периодтық кестенің төртінші периодында кальций (2-топ) мен мышьяктың (5-топ) арасында алюминийге 
(3-топ) немесе кремнийге (4-топ) ұқсас болатын элемент болмады. Сол себепті Менделеев кестедегі 3-топ 
пен 4-топта беймәлім элементтерге бос ұяшықтар қалдырды. 1871 жылы ғалым осы элементтер мен олардың 
қосылыстары жайлы нақты сандық болжамдар жасады. Ол алюминийдің астындағы элементті эка-алюминий, ал 
кремнийдің астындағы элементті эка-кремний деп атады.
1875 жылы галий ашылды. Менделеевтің эка-алюминий жайлы болжамдары галийдің шын көрсеткіштеріне 
таңғаларлықтай жақын болды. Осылайша, Менделеев бүкіл әлемге танымал болды, ол өзінің периодтық 
кестесіндегі заңдылықтар кездейсоқ жағдай емес, заттардың табиғаты жайлы шындық екенін көрсетті. 20-ғасырға 
дейін болмаса да, оның заңдылықтарын атомның құрылысына байланысты түсіндіру мүмкін болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет