Химия • периодтық кесте • элементтердің ашылуы 1 1-бөлім: Периодтық кестенің құрылуы



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата28.09.2022
өлшемі2.01 Mb.
#461500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
периодтық заң

Атом құрылысының
үш өлшемді моделі
• Ұсынылатын фильмдер
- Атомдық құрылыс
- Менделеевтің көрегендігі
Ұсынылатын жаттығу
- Төменде Менделеевтің эка-кремний деп атаған элемент жайлы 
болжамдары көрсетілген. Бұл 4-топ элементі, кремнийдің астында қалған ұяшыққа 
орналастырылды. Біз қазір оны Ge деп атаймыз. Германийдің қасиеттерін зерттеп
оларды Менделеевтің болжамдарымен салыстырыңыз. Менделеев болжамдары 
германийдің қасиеттеріне ұқсас па? Германий қайда қолданылады? Кремнийдің 
қолданылуымен қандай ұқсастықтары бар?
Қасиеттері
Салыстырмалы атомдық масса
Тығыздық (г/см
3
)
Балқу температурасы (ºC) 
Оксидінің формуласы 
Оксидінің тығыздығы (г/см
3
)
Хлоридінің формуласы
Хлоридінің қайнау температурасы (°C)
72
5,5
Жоғары
EsO
2
4,7
EsCI
4
100-ден төмен
Менделеевтің эка-кремний 
жайлы болжамдары 


ХИМИЯ • ПЕРИОДТЫҚ КЕСТЕ • ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ АШЫЛУЫ
6
Қосымша сұрақ
С4. Менделеевтің периодтық кестесі үшін галийдің ашылуы неліктен маңызды болды? 
19-ғасырда қанша химиялық элемент бар екенін ешкім білмеді. Менделеев кестеде бос ұяшықтар қалдырып
нақты болжамдар айтып, үлкен тәуекелге барды. Егер, бұл бос ұяшықтарға сәйкес келетін элементтер 
анықталмаса немесе олардың қасиеттері Менделеевтің болжамдарына сәйкес келмесе, ғалымның атақ-
абыройына нұқсан келер еді.
2-бөлім: Периодтық кестенің заңдылықтары
• Периодтық кесте бойынша элементтер қалай өзгереді?
2-ші және 3-ші периодқа назар аударсақ, 1-топтағы элементтердің 
(литий, натрий) металдық қасиеті жоғары, ал 4, 5, 6, 7-топтардағы 
элементтердің (көміртек, азот, оттегі, фтор, неон, кремний, фосфор, 
күкірт, хлор, аргон) металдық қасиеті әлсіреп, бейметалдық қасиеті 
артады. Элемент оксидтері де өзгереді. 1-ші және 2-ші топтағы 
элементтердің оксидтері (натрий оксиді, кальций оксиді) суда ерігенде 
күшті негіздік, ал 4-ші және 5-ші топтағы элементтердің оксидтері 
күшті қышқыдық қасиет көрсетеді (көміртек диоксиді, күкірт диоксиді, 
күкірт триоксиді, азот диоксиді және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет