Жоспары:
1.Базистік оқу жоспарындағы химия пәнінің алатын орны
2.12-жылдық мектепте химияның білім мазмұны
3.X и м и я - б и о л о г и я л ы қ бағдарлы мектептерде оқушыларды химиялық әзірлеу жолдары
Лекция мақсаты: студенттерге білім беруде химия пәніне қойылатын қазіргі кезеңдегі негізгі талаптар жайлы мәлімет беру
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.Базистік оқу жоспарындағы химия пәнінің алатын орны.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы адам-коғам-табиғат арасындағы үйлесімді дамуды қамтамасыз ету, өскелең ұрпаққа нарыктық экономиканың талаптарына сай сапалы білім беру,оларды қазіргі өзгермелі және көпмәдениетті адамзат қоғамында өмір сүрүге және табысты қызмет атқаруға қабілетті етіп қалыптастыру міндеттерін қойып отыр. 2006-2007 және 2007-2008 оқу жылдарында осы бағдарламаға сәйкес білім берудің жаңа моделіне көшуге даярлық жасау, білім жүйесін демократияландыру, оқушыларлың ш ы ғ а рмашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктері және практикалық қабілеттерін арттыру, саралап оқытуға, профильдік оқытуға көшу шараларын жүзеге асыруға бетбұрыс жасалды.
Білім беруді демократияландыру, саралау, әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескеру, оқытудың іс-әрекеттік мәнділігін арттыру, білімнің практикалық
бағыттылығын күшейту, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмір тәжірибесіне жақындату, оның өзбетінше оқу және ізденушілік қызметін кеңейтетін жағдайлар туғызу білім сапасын арттырудың пәрменді тәсілдері болып саналады.
Базистік оқу жоспарындағы химия пәнінің максат- Жалпыға білім берудің 2002 жылғы Мемлекеттік стандарттарында анықталған. Химия пәні қоршаған ортаны біртұтастықта қарастыра отырып, тірі және өлі табиғаттың қасиеттері мен кұбылыстары туралы іргелі білім беру окушылардың танымдық белсенділігін арттыру, практикалық қызмет дағдыларын дамыту міндеттерін орындайды.
Мектептік химиялық білімді органикалық және бейорганикалық заттар, олардың құрамы, құрылымы мен қасиеті, химиялық реакциялар, олардың мәні мен өту заңдылықтары, заттарды қолдану және химиялық айналулар, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы білімдер құрайды.
2.12-жылдық мектепте химияның білім мазмұны.
Химияның білім мазмұны инвариантты (жылжымайтын) және вариативті (жылжымалы) бөліктен кұралады. Инвариантты бөліктің мазмұны Мемлекеттік стандартқа сай анықталады. Бұндағы оқу материалы химиялық білімнің іргелі міндеттерін іске асырады. Вариативті (жылжымалы) мазмұны оқушылардың қызығушылығы мен қабілетін, сұранысын, химия ғылымының соңғы жетістіктерін, республиканың аймақтық ерекшеліктерін ескереді. Жылжымалы бөліктің мазмұнын әзірлеу және анықтау білім мекемесінің құзырлығына жатады.
2007-2008 оқу жылында химияны окыту 8-10 сыныптарда Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде дайындалған оқу жоспары, бағдарламалар және «ҚР жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен ОӘК-ді дайындау және баспадан шығару мақсатты бағдарламасына» (26.09.1096 ж., бұйрыкқ № 1173) сәйкес шыққан жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері арқылы жүзеге асырылып отыр.
Екі бағытқа арналған «Химия-11» оқулықтарының жетекші идеясы оқушыларға органикалык заттардың құрамы, құрылысы және қасиеттерінің өзара байланысы, органикалық химияның күнделікті өмірдегі және мұнай химия өндірісімен, қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігімен байланысты республикамыздың шаруашылығындағы маңызы, органикалық заттарды пайдаланудың сактық ережелері, сондай-ақ отандық ғылым мен техниканың негізгі даму бағыттары және Қазақстан ғалымдарының химия саласында қол жеткен жетістіктері жөнінде түсініктер қалыптастыры.
Осыған байланысты мектептің жоғары сатысында арнаулы бағдарламалар мен оқулықтар және ОӘК пайдаланылады. Бағдарлап оқу кезінде окушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, одан әрі оқу үшін дұрыс бағдар таңдауына назар аударған жөн. Таңдалған бағдарға байланысты химия пәңін оқытуға БОЖ-дың вариативті бөлігінің сағат сандары есебінен (таңдау пәндері, факультативтік сабақтар) уақытты көбейтуге болады.
Мектептің жоғары сатысында бағдарлап оқытуды ұйымдастырған кезде оқу_ жоспарына міндетті түрде таңдау курстарын енгізу қажет. Олар төмендегідей болуы мүмкін: «Биохимия негіздері», «Сирек элементтер химиясы», «Қазіргі химиялық технология», «Химия және экология», т.б.
Химияны таңдау пәні ретінде, сондай-ақ тереңдетілген факультативтік сабақ ретінде 8-сыныптан бастап оқуға болады.
3.X и м и я - б и о л о г и я л ы қ бағдарлы мектептерде оқушыларды химиялық әзірлеу жолдары.
X и м и я - б и о л о г и я л ы қ бағдарлы мектептер мен химия тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда химияның негізгі тараулары бойынша арнайы курстар болуы керек. Арнайы курстар үшін мұғалім өз бетінше жұмыс жоспарын, бағдарлама, т.б құжаттар құрастырады, оны арнайы бекіттіреді.
Химияны тереңдететіп оқытуға арналған оқу жоспарын жасағанда «Жалпы білім беретін мекемелерде жұмыстық оқу жоспарын жасауға арналтан нұскаулар» жинағындағы (Алматы, КАО,2004) оқу жоспарының варианттарын басшылыққа алуы тиіс. Химияны оқытуда толықканды жұмыс жасау үшін оқу әдістемелік кешеннің барлық компоненттерін: оқушылар үшін жұмыс дәптері, есептер мен жаттығулар жинағын және мұғалімдерге арналған әдістемелікті түгел пайдалану қажет.
Химиядан оқу бағдарламасын іске асыру қосымша әдістемелік оқу құралдары, химиялық препараттар мен химиялық реактивтер, арнайы құралдар мен көрнекі және зертханалық таратпа материалдар, электрондық оқулық, диа- және видеофильмдері бар, ақпараттық және техникалық оқу құралдары бар арнайы жабдықталған оқу кабинеттерінде жүргізілуі тиіс.
Қазіргі кезеңде оқушыларды химиялық әзірлеудің жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық білім беруді дамытуда айқындалған жалпы әлемдік тенденцияларға барынша сүйенген жөн:
- инварианты бөлігін анықтай отырып, сызбаландыру, қызметін анықтай отырып, теория мен практиканың байланысын күшейту арқылы іргелендіру;
- интегративті процестерді күшейту, жүйелілік, оқушылардың жұмысын шағын топтарда ұйымдастыру;
- өз бетінше жұмыс істеуді көбейту, оқу жұмысының зерттеушілік сипатын кенң тарату (білім мен ақпараттың көзі қызметін атқаратын мұғалім моделі біртіндеп артта қалып, жаңа жүйеде оның нұсқаушылық, жетекшілік, білім беру міндеттерін шешудің дидактикалық және тәрбиелік ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырушылық ролі ашылады);
- химиялық білім берудің мазмұнын экологияландыру, басқа жаратылыстану ғылымдарымен кіріктіру;
-
оқыту мазмұнының практикамен, адамның күнделікті тіршілігімен, техникамен, экономикамен байланысын нығайту;
-
компьютерлендірудің, сандық химиялық, эксперименттің, (компьютерге сүйеніп енгізілген), мультимедиа және интернеттің ролін күшейту;
- оқу пәндерін негізгі (міндетті) және таңдау бойынша (міндетті және міндетті емес) деп бөле отырып, соңғысының үлесін біртіндеп арттыру арқылы саралау.
Білім беруді қазіргі кезеңге сәйкес өзгерту әрбір оқушыға белгілі бір білім жиынтығын меңгертуге ғана бағытталмай, сонымен қатар жеке адамның танымдық және жасампаздық қабілеттерін дамытуды ойластыруы тиіс.
«Химия» пәні мынадай дүние танушылық идеяларды түсінуге негіз болады:
- әлемнін материалдық бірлігі;
- зат қасиеттерінің оның ішкі кұрылысына байланыстылығы;
- әлемді, оның ішінде химиялық әлемді тану.
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталып қалыптасу процесі жүріп жатқанда, білім беруді дамытудың жалпы тенденциялары оқушылардың білімі мен біліктерін елеулі түрде көтерумен ғана шектелмейді, сонымен қатар олардың мәдениетін, қабілетін, шығармашылық мүмкіндігі мен өзіндік қасиетін неғұрлым дамытуды, бала денсаулығын сақтап,
нығайтуды, адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыруды көздейді. Педагогикалық процестің маңызды кұрам бөлігі-мұғалім мен оқушы арасындағы жеке адамға бағытталған өзара қарым-қатынас. Бұл ретте оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін және практикалық қабілеттерін арттыру, саралап оқыту, профильдік оқьпуды жалғастыру шаралары жүзеге асырылуы тиіс.
Химия пәнінің ерекшелігі оқушылардың практикалық және экспериментальдық қызметіне көп көңіл бөледі. Осыдан оқушының өзіндік танымдық қызметі алдыңғы орынға шығады. Оқу технологиялары көмегімен оқушының білімді игеру дәрежесінің қаншалықты екендігін байқауға болады. Оқушы оқу мазмұнының элементтерін өзбетінше таңдай отырып, өзіне тән қарқынмен, жылдамдықпен, тереңдікпен игереді. Жоғарыда аталған критерийлерге жауап беретін технология түріне модульдік оқыту және жобалап оқыту технологиялары жатады. Бұл технологияларды қолдануда оқытудың проблема қою, іздену, интерактивті, коммуникативті қарым-қатынастарды қолдану жүзеге асырылады, оқушының өзбетінше жұмыс жасауы, белсенділігі, қызығушылығы ескеріледі. Бұрынғы дайын сабақ үлгілері мұғалімге және оның қызметінің белсенділігі мен басымдылығына арналған, ал жоғарыда аталған технологиялар оқушының оқу-танымдық қызметінің белсенділігі мен пәрменділігін арттырады. Кәдуілгі сабақ кейбір оқушының қызметін ғана ұйымдастырады, ал оқу процесіндегі жобалап оқыту технологиялары әрбір оқушының белсенді қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
1.Базистік оқу жоспарындағы химия пәнінің алатын орны
2.12-жылдық мектепте химияның білім мазмұны
3.X и м и я - б и о л о г и я л ы қ бағдарлы мектептерде оқушыларды химиялық әзірлеу жолдары
Лекция №6
Достарыңызбен бөлісу: |