«химия және биология» факультеті «жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы


Тақырыбы: 12-жылдық мектеп мұғалімі



бет8/15
Дата23.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#3321
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Тақырыбы: 12-жылдық мектеп мұғалімі



Жоспары:

1.12-жылдық білім берудің жаңа реформалық жүйесі.

2.Жаңа үлгідегі мектеп мұғаліміне қойылатын талаптар.

3.Мұғалімнің педагогикалық мәселелері.


Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық мектеп мұғалімі қандай болуы керектігін түсіндіру

Лекция мәтіні (қысқаша):

«Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана

шеберлік емес, ол – жаңадан

жаңаны табатын өнер»



Жүсіпбек Аймауытов
1.12-жылдық білім берудің жаңа реформалық жүйесі.

«Біз баға жетпес тәрбие мен білім қорын арттырып, оны жаңаша түрлендіру білуіміз қажет» - деген болатын Н.Ә.Назарбаев. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі. Сондықтан да мектеп тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімі мен қызметкерлерінің де түгелімен жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапалары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет етеді.

Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12-жылдық білім беру турасында өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім бұл жүйенің сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.


2.Жаңа үлгідегі мектеп мұғаліміне қойылатын талаптар.

Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде жалпы орта мектептің мұғалімдеріне қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, негізгі талаптарды толықтырып, жаңа талаптар ұсынылады. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы, әдістерін меңгеру оның кәсіптік сапаларының қалыптасуына өз септігін тигізеді. Осының бәрі жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерде зерттеушілік-шығармашылығы талаптарын толық меңгерген, қызығұшылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес бере алатын мұғалім қажет.


3.Мұғалімнің педагогикалық мәселелері.

Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, киімі, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолданудықажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өткенді жөн:



  • сабаққа педагогикалық талдау жасау;

  • дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

  • сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;

  • мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

Мұғалім үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі көзі-сабақ болып

табылады. Тек сабақта ғана мұғалім оқушылармен ұжымдық, топтық, жеке дара жұмыстар жүргізе отырып, оқушылардың білімінің мол, дүниетанымының кең, тәрбиелі азамат болып өсіп шығуына мүмкіндік жасайды. Сабаққа талдау жасау, оның ішкі құрылымының бірізділік, логикалық байланысы жағынан көптеген сұрақтарға жауап таба аламыз.

Сабаққа талдау жасаудағы негізгі мақсат – жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау, жетістіктерді жетілдіріп, кемшіліктерді жою жөнінде ойтұжырымын жасау. Әрбір мұғалім «Мен сабақтың негізгі мақсат-міндеттерін анықтай отырып, өзіме жауапты істі шешуге деген құштардыққа ие боламын» деген қағиданы бойына сіңіріп, жүрегімен ұғынуы тиіс.

Дамыта оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, өздігінен оқуға үйрету. Жаңа қоғам мұғалімі үшін өзінің шығармашылық жұмысына ұқыптылығымен қарау нәтижелі сабақтың жағдайын жасау болып табылады.

Тек нақты мақсат пен материалды жетік меңгеру мұғалімге кез келген күтпеген жағдайды сабақты сабақ етіп, аспай-саспай жүзеге асыруға, жұмыс формасын бұзбауға көмектеседі.

Жастардың тәрбиесімен айналысатын ұстаздар өз ұстанымын осы мақсатты іске асыруға пайдаланса, онда еліміздің бейбітшілік пен бірлік, ынтымақ қашан да қанат жайып тұратыны сөзсіз.


Бақылау сұрақтары:

1.12-жылдық білім берудің жаңа реформалық жүйесі.

2.Жаңа үлгідегі мектеп мұғаліміне қойылатын талаптар.

3.Мұғалімнің педагогикалық мәселелері.

4.Ұстаздың оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жолдары.

Лекция №10

Тақырыбы: 12-жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету жолдары



Жоспары:
1.ҚР білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

2.12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілігі: арнайы құзіреттілік; әлеуметтік құзіреттілік; білім беру құзіреттілігі.

3.12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді сапасын арттыру жолдары

Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету жолдарын үйрету


Лекция мәтіні (қысқаша):


1.ҚР білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық даму мақсаты - бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл басты мақсатқа жетуге 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және ТМД мемлекеттерінің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің I съезінің шешімдері ықпал етуде.

Бүгінгі танда білім берудің жаңа үлгісі ҚР білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында анықталған. Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өркендеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Адам -мемлекеттің басты байлығы» деп атап көрсеткен. Мемлекеттің стратегиялық жаңаруын іске асыру қазақстандықтардың білім деңгейіне, әлеуметтік және салауаттылық көніл-күйіне байланысты. Бұл міндеттерді тек кәсіби құзыреттілігі жоғары педагогтар ғана шеше алады. Сондықтан да 12-жылдық білім беру моделіне көшу мұғалімдерден инновациялық шығармашылық тарапынан ойлауды, алға қойған міндеттерді өз бетінше шеше алуды талап етеді, оларға кәсіби іс-әрекетінің қоғамдық кажеттілігін сезіне отырып, нәтижеге жету жауапкершілігін жүктейді.

2.12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілігі: арнайы құзіреттілік; әлеуметтік құзіреттілік; білім беру құзіреттілігі.

12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзыреттлігін жоғары деңгейде қалыптастыру үшін


ол бірнеше құзыреттілікті игеруге міндетті: арнайы құзыреттілік; әлеуметтік құзыретілік;
білім беру құзыретгілігі.

Арнайы құзыреттілік: өзінің кәсіби қызметін жоғары денгейде
айналысатан және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабылет;

Әлеуметтік құзыреттілік: бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабылеті (ұжыммен топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу;

Білім беру құзыреттілігі: білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

В.А. Сластенин «тұлғанын кәсіби педагогикалық бағыттылығын - мұғалімнің құзыреттілігінің белгісі» деп санаған. Оның ойынша, құзыреттілікке мыналар жатады:



  • тұлғаның танымдық кәсіби-педагогикалық бағытын анықтайтын қасиеттері;

  • оның психологиялық дайындығын талап ету;

  • арнайы дайындығының көлемі мен құрамы;

  • мамандығы бойынша әдістемелік деңгейінің мазмұны

Ал А.К. Маркова мұғалімнің технологиялық құзыреттілігіне мыналарды жатқызады:

  • кәсіби-педагогикалық білім;

  • кәсіби-педагогикалық шеберлік;

  • кәсіби-негізгі қасиеттер, танымдық, мотивациялық сферасы;

  • кәсіби-педагогикалық позициялары (тұрақты қатынас жүйесі, оқушыға, өзіне, әріптестеріне оның әрекетін анықтайтындай болуы).

Сондықтан да біз технологиялық құзыреттілікті жан-жақты және өзара бір-бірімен байланысты үш компоненттен құралғандығын айтуымыз керек. Олар: а) кәсіби білім; ә) кәсіби шеберлік; б) педагогикалық әрекеттегі кәсіби ерекше қасиеттер. Осы аталған үш компонент маман тұлғасын дамытуда бір тұтас жүйе ретінде қолданылады. Сонымен қатар олар бір-бірін қайталамайды, күрделі диалектикалық қатынасқа түседі, сол арқылы әр компонент педагогикалық әрекет кезінде не құрал, не сілтеме немесе даму нәтижесі ретінде қолданылады.

Қазіргі заман мектебіндегі әдістемелік жұмыс - ғылымның жетістіктеріне және алдыңғы педагогикалық іс-тәжірибеге негізделген бәсекеге қабілетті сапалы білім бере алатын мұғалімнің жан-жақты кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған кешен.

Педагогтардың кәсіби кұзыреттіліктерінің жалпы диагностикасы мұғалімдердің келесі салалар бойынша жұмыста қиналу нәтижені көрсетеді:


  • Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі;

  • педагогика мен психологияны білуі;

  • оқытудың әдісі мен технологияларын білуі;

Диагностика жүргізу нәтижесінде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетін жүргізуде келесі психологиялық кедергі белгіленді: өз-өзін төмен бағалау; өз жұмысының нәтижесін дұрыс талдамау және жүйелей білмеу; жаңалықтан қорқу. Осы диагностика негізінде 12-жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын арттыру мақсатында келесі жұмыс бағыттары анықталып, жұмыс жүргізілуде: мектептің кадрлық педагогикалық ахуалын нығайту және біліктіліктерін көтеруге жағдай жасау, мұғалімді кәсіптік іс-әрекетінің, әлеуметтік өмірдің субьектісі ретінде дайындау.
3.12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді сапасын арттыру жолдары.

12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын арттыруының негізгі жолдары:



  • әдістемелік жұмысты жетілдіру, мектеп жағдайында педагогикалық кадрлардың біліктіліктерін көтеруге мүмкіндіктерді ұжымды пайдалану;

  • педагогтарға өз ісінің нәтижелілігін дәлелдеу, өйткені бұл еңбек әрекетінің нәтижесіне түбегейлі әсерін тигізеді;

  • өз біліктіліктерін көтеріп, оқушылардың білім сапасы мен жетістіктерінің өсуін мақсат тұтатын педагогтарға материалдық қолдау көрсету мәселесін шешу;

  • ұжым мүмкіндіктерін зерттеу, бағалау;

  • мұғалімдердің біліктілік деңгейлерін көтеру тәсілі ретінде аттестаттау шараларын жетілдіру;

  • ұстаздардың жаңаша педагогикалық ойы мен инновациялық іс-әрекетін дамьпу;

  • педагогтардың ғылыми-зерттеу және әдістемелік мәдениетін көтеру және дамыту;

  • психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижесінде педагогтардың кәсіби іс-әрекетінің нұсқасын жасау, жұмыс нәтижесі негізінде уақтылы түзету шараларын жүргізу, сараптама жасау;

  • бақылау жүйесін жетілдіру, педагогтар іс-әрекеті нәтижесі негізінде тиімді басқару механизмін қалыптастыру;

  • педагогикалық қызметкерлердің еңбектерін дұрыс бағалауға бағытталған мониторингтін және диагностикалық бағдарламалар жасау;

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін көтеру жұмысының негізгі бағыттары ұстаздардың біліктілігіне және өз білімдерін жетілдіруіне қарай келесі топтар бойынша ұйымдастырылады: 1 - жас мұғалімдер; 2 - санатсыз ұстаздар; 3-2 санатты ұстаздар; 4 - 1 және жоғары санатты ұстаздар.

Сонымен, күрделі ұстаздық мәселені саралау, оны шешу үшін қажетті білім мен тәжірибені пайдалану, оқу-тәрбие мәселесінде мақсатына жетудің жолдары мен тәсілдерін анықтау, өз қызметінің барысын зерттеу, соған орай, өз тәжірибесін жинақтай білу - міне, мұғалім шығармашылығының негізгі буыны осында. Өйткені өзінің кәсіби-шығармашылығын жүзеге асыру жолында шеберлікке отандық және озат шетелдік тәжірибелерді өз тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білетін маман - жаңашыл ұстаздар қауымын толықтыратыны сөзсіз.


Бақылау сұрақтары:

1.ҚР білім берудің дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

2.12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілігі: арнайы құзіреттілік; әлеуметтік құзіреттілік; білім беру құзіреттілігі.

3.12-жылдық мектеп педагогінің кәсіби деңгейінің өсуін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді сапасын арттыру жолдары



Лекция №11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет