Бейэлектролиттердегі металл коррозиясы
Бейэлектролиттердегі коррозия – бұл сұйық заттар коррозиясы, оларда электр тогы тасымалданбайды. Бейэлектролиттерге мына заттар жатады: бром, балқыған күкірт, көптеген органикалық заттар (бензол, хлороформ, фенол және т.б), сұйық жағармайлар (нефть, керосин, бензин) және жанар майлар. Металл және оның балқымаларының коррозиясы сусыз бейэлектролит ерітінділерде, электролит ерітінділерге қарағанда аз жылдамдықпен жүреді. Сонда да ол металл аппаратураның бұзылуына алып келеді. Балқыған күкірт химиялық активті, сол себепті ол барлық металдарға әсер етеді. Оның болуымен мыс, қалайы, қорғасын, аз мөлшерде болат пен титан және білінбейтін мөлшерде алюминий былғануы мүмкін.
Ылғалданған хлор аппаратураны күшті коррозияға алып келіп соқтырады. Оның ортасында тек қана титан мен металл емес материалдар ғана тұрақты. Ылғалдың концентрациясы 0,04% төмендегенде ғана болатты аппаратураларды қолдануға болады. Коррозияға тұрақтылықты көбейту үшін болат бетін никелдік қабатпен қаптау керек. 30мкм қалыңдықпен қапталған аппаратура 200С хлорда тұрақты, мұнда ылғалдылық 0,3%.
Сұйық бром бөлме температурасында көптеген металдармен әрекеттеседі. Оған мына металдарды жатқызуға болады: мыс, күміс, алюминий, қалайы, титан хром, темір, көміртекті болаттар және т.б. сұйық бромды сақтау үшін іші қорғасынмен қапталған болаттан жасалған заттар қолданылады, сонымен қатар никелменде қаптауға болады. Құрамында суы және басқада қосылыстары жоқ органикалық сұйықтар болатқа инертті. Бірақ ылғалдың аз мөлшері олар агресивті орта құрып, металдың тотығу процесі жоғарылауы мүмкін. Болат хлор көміртекте коррозияға тұрақты болып саналады. Ылғал түскен кезде гидролиз процесі өтеді:
CCl4 + Н2О = СС13ОН + НС1
Агресивті электр өткізгіш орта пайда болады, ол болатың күшті коррозияға ұшырауына алып кеп соғады. Мұнай және мұнай өнімдерінің коррозиялық активтілігі оның құрамындағы күкіртті қосылыстардың – күкіртсутектердің және меркаптандардың болуымен анықталады. Бұл қосылыстар кобальттың, мыстың және басқада металдардың коррозияға ұшырап, металл бетінде сульфаттар мен металл меркаптандарының түзілуіне алып кеп соғады. Сұйық заттарда күкірт мөлшері қаншалықты көп болса, соншалықты коррозия процессі күшті болады. Мазутта 3,7% күкірт болады және оның коррозиялық жылдамдығы (0.12%). Бейэлектролиттер ортада жұмыс істейтін металл бұйымдары да осы ортаға тұрақты метериалдардан істелінеді. Жоғарғы хромды болаттар мұнай айдау аппаратураларын жасауда қолданылады. Болат бетіне қорғаушы қабаттарды бекіту кеңінен қолданылады.
Бақылау сұрақтары
1.Газдық коррозия жүретін шарттарды атаңыз.
2.Металдың жылу тұрақтылығы және жылу беріктілігі дегеніміз не?
3.Коррозияның химиялық механизміне анықтама беріңіз.Ол қандай жағдайда газдық фазада жүзеге асады?
4.Кристалдық торлардың түрлерін атаңыз.
5.Кристалдық торлардың қандай дефектілерін білесіндер.
6.Металдардың құрылысында қатаю кезінде қандай өзгеріс болады?
7.Термодинамикалық негіздердің негізгі теңдігін атаңыз.
8.Көміртектің парциалды қысымының металдың тотығу реакциясына әсер етуін талдаңыз.
Бақылау сұрақтары
1. Тоттану
2. Тоттанудың негізгі реакциялары
3. Тоттанудану қорғану
4. Металды тотанудан қорғау
5. бетонның тоттануын тоқтату
Негізгі және қосымша әдебиет
Негізгі әдебиет
1. Ахметов Н.С. «Жалпы және бейорганикалық химия». Баспа «Жоғары мектеп». М. 2005 г.
2. Глинка Н.Л. «Жалпы химия» - И. Интеграл-пресс. 2003.
3. Некрасов Б.В. «Жалпы химияның негіздері» т.1,2,3. Химия –М 1976 г.
4. Н.Н. Нурахметов, М.Б. Муратбеков, Ә.К. Тәшенов «Бейметалдар химиясы», Алматы, «Қазақуниверситеті», 2009 ж.
5. Н.Н. Нурахметов, Ә.К. Тәшенов «Бейметалдар химиясы», Алматы 2011 ж.
Бiрiмжанов Б., Нұрақметов Н. Жалпы химия. Алматы. Ана тiлi. 1992.
Ақанбаев Қ. Химия негiздерi. Алматы.: Мектеп. 1987.
Бегалиева Ж., Самыратов С., Қолұшпаева А. Химия курсы. Алматы.: ҚазКҚА. 2002, 292 б.
Қосымша әдебиет
2. Кусепова Л.А., Кусепов А.К. «Практикум по общей химии», ЕНУ 2003
3. Нурпейсова Д.Т. Лабораторный практикум по общей химии, Астана 2000 г.
|
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
|
Күні: _______ 2011 ж.
|
Басылым: бірінші
|
Дәріс
|
ЕҰУ
|
5-бет
|
Достарыңызбен бөлісу: |