18 – сабақ
Комплексті қосылыстардың иондарын анықтау
Комплесксті қосылыстар дегеніміз құрамында бір немесе бірнеше донорлы-акцепторлы байланыс болатын жоғары ретті қосылыстар.
Комплексті қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін Швейцария ғалымы Альфред Вернер ұсынған (1893) координациялық теория жақсы түсіндіреді. Бұл теорияның негізгі қағидалары мынадай:
Компекс қосылыстардағы басты орын кешен түзушінің үлесіне тиеді. Комлекс түзуші көбінесе оң зарядталған металл аниондары болады.
Комлекс түзушінің маңайына теріс зарядталған аниондар немесе электронейтрал молекулалар – лигандалар орналасқан.
Комплекс түзушінің маңайына орналасқан немесе координацияланған лигандалардың жалпы саны комплекс түзушінің координациялық саны деп аталады.
Комлекс түзуші мен лигандалар комлекс қосылысының ішкі сферасын түзеді.
Ішкі сфераға сыймай қалған иондар комплекс қосылысысның сыртқы сферасын түзеді.
Комплекс қосылыстарының формулаларын жазғанда ішкі сфера квадрот
жақшаға алынып, сыртқы сферадан бөлінеді.
Негізгі комплекс түзушілерге Д.И. Менделеев периодтық жүйеснің қосымша топшаларында орналасқан d- элементтері жатады.
Комплекс қосылыстар толықтай комплекс иондарынан және сыртқы сфераның иондарына ыдырайтындықтан, тиісті реактивтердің жәрдемімен ол иондарды оңай анықтауға болады, ал комплекс ионының құрамына кіретін иондар мен молекулаларды химиялық жолмен анықтауға болмайды, өйткені ішкі сфера ол бөлшектерге іс жүзінде ыдырамайды. Мысалы, К3[Fe(СN)6]-ге КСNS ертіндісін қосқанда қызыл түсті Ғе(СNS)3 түзілмейді, өйткені бұл ертіндіде бос Ғе3+ иондары жоқ.
1-мысал. СоСІ3 · 5NН3 комплекс тұзы ертіндісіндегі күміс нитраты оның құрамындағы хлордың 2/3 бөлігін ғана тұнбаға түсіреді. Тұз ертіндісінде бос аммиак пен кобальт иондары анықталмаған. Ертіндінің электр өткізгіштігін өлшегенде тұз үш ионға айыралытыны дәлелденді. Бұл қосылсытың координациялық құрылымы қандай? Комлекс тұзының диссоциациялану теңдеуін жаз.
Шешуі. Берілген тұз ертіндісіндегі Со3+ ионы мен бос аммиактың болмауы – бұл компенеттердің кешен (комлекс) қосылыстың ішк сферасына кіретінін білдіреді. Бұдан басқа ішкі сфераға АgNО3 күміс нитратымен тұнбаға түсірілмейтін бір хлорид –ионы кіреді. Демек, ішкі сфераның құрамы мына формулаға сәйкес келеді: [Со(NН3)5СІ]2+. Комплекстің ішкі сферасының зарядының комлексінің орнын толтыратын сыртқы сферада екі хлорид-ионы бар: [Со(NН3)5СІ]СІ2. Ертіндідегі комлексті тұздың диссоциациясы мына сызбанұсқа арқылы жүреді:
[Со(NН3)5СІ]СІ2 =[Со(NН3)5СІ]2+ + 2СІ- және ол берілген электр өткізгіштігіне сәйкес келеді.
Кешен қосылыстың сыртқы сферасында аниондар немесе катиондар болуы кешен ионының зарядына байланысты. Егер қосылыстағы кешен ионының заряды оң болса, сыртқы сферада аниондар орналасады, ал кешен ионының заряды теріс болса, сыртқы сферада катиондар орналасады.
Кешен қосылысының формуласын құрастыру үшін кешен түзушінің координациялық санын, оның зарядын, лигандалар зарядтарын, кешен ионының зарядын, сыртқысферасының зарядтарын анықтау керек.
2-мысал. Кешен түзуші хромның (ІІІ) келесі кешен иондарының зарядын есепте: а) [Сr(Н2О)5СІ]; ә) [Сr(Н2О)4СІ2] [Сr(Н2О2)(С2О4)2].
Шешуі. Хром (ІІІ) ионының заряды +3 тең, ал су молекуласының заряды нөлге, хлорид- пен оксалат иондарының зарядтары сәйкес –1 мен –2 тең болады. Берілген қосылыстардың әрқайсысына зарядтарының алгебралық қосындысы есептелінеді:
а) +3 + (-1) = +2
ә) +3 +2(-1) = +1
б) +3 +2(-2) = -1
Достарыңызбен бөлісу: |