Химиядан «ӘРТҮрлі типтегі есептерді шығару жолдары» Қолданбалы курс бағдарламасы түсінік хат



бет5/32
Дата13.12.2023
өлшемі159.37 Kb.
#486308
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
есеп және шығару жолдары

3 – сабақ.
ТақырыбыМолярлық көлем. Авагадро заңы. Газдардың салыстырмалы тығыздығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға интерактивті тақтаны пайдалана отырып химияның негізгі заңдарының бірі Авогадро заңы, сонымен қатар газдардың молярлық көлемі және газдардың салыстырмалы тығыздығы жайлы білім беру
Дамытушылығы:Қатысушылардың формулаларды пайдаланып есеп шығару арқылы ойлау жылдамдығын және ой өрісін дамыту
Тәрбиелілігі:Берілген жаңа тақырыпты түсіндіре отырып оқушыларды қоршаған ортаға деген көзқарасын дамытып,ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: слайд,кесте, т.б
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Заттың молярлық массасы және молярлық көлемі.
Молярлық масса – заттың формулалық бірлігі молінің массасы. Ол заттың массасы мен мөлшері арқылы есептеледі: М = m / n

Молярлық масса г/мольмен өлшенеді. Кез – келген заттың бір молінде құрылымдық бірлігі бірдей саны болса, онда молярлық масса заттың салыстырмалы молекулалық (немесе атомдық) массасына пропорционал:


М = К . Мr
Мұндағы К – 1 г/ мольге тең пропорционалдық коэффициент. 126С көміртегі изотопының Аr = 12, ал атомның молярлық массасы 12 г/ мольге тең.
Демек, екі массаның сан мәні сәйкес келеді де, К=1 тең болады. Олай болса, г/мольмен берілген заттың молярлық массасы сан мәні жағынан салыстырмалы молекулалық( атомдық) массаға тең. Атомарлық сутектің молярлық массасы — 1,008 г / моль, молекулалық сутектікі – 2,016 г/ моль, оттектікі – 31,999 г /мольге тең.
Авогадро заңы бойынша қалыпты жағдайда кез – келген газдың молекулалар саны бірдей болса, олар бірдей көлем алады. Кез – келген заттың 1 молінде бөлшектер саны бірдей. Осыдан, белгілі температура мен қысымда кез – келген газ күйіндегі заттың 1 моль бірдей көлем алады. Қалыпты жағдайда, яғни 101,325 кПа атмосфералық қысымда және 273 К температурада 1 моль газ қандай көлем алатынын есептеуге болады. Мысалы, қалыпты жағдайда 1 л оттегінің массасы 1,43 г тең. Бір моль оттегінің көлемі 32 /1,43 = 22,4 л тең болады.
Демек, молярлық көлем дегеніміз заттың алатын көлемінің зат мөлшеріне қатынасын айтады. Қалыпты жағдайда кез – келген газдың молярлық көлемі 22,4 л/ мольге ( Vn = 22,414 л/мольге) тең.
ІІІ.Жаңа сабақ
Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын сендерге бірнеше сұрақ қойғым келеді.

  1. Ауаның құрамына қандай газдар кіреді?

  2. Авагадро санын еске түсіре отырып,ол нещеге тең екенін айталық?

  3. Молекула дегеніміз не?

Көптеген газдар қалыпты жағдайда газ күйінде болады.Олар ауа құрамына кіретін азот,оттек, т.б газдар.Одан басқа метан.этан сияқты көміртек пен сутектен құралған газдар да бар.Газдардың белгілі бір заңға бағынатынын физикадан білесіңдер.
Қатты заттардан газ тектес заттардың айырмашылығы – оларды сипаттау кезінде массадан гөрі көлем ұғымы жиірек пайдаланылады.Итальяндық ғалым А.Авагадро газдар құрамына кіретін жай заттардың молекуласы екі атомнан тұратынын айтты.Мысалы жай заттар сутек Н2, оттек О2 және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет