Химиялық және биологиялық қауіпсіздіктердің негіздері


Химия өндірісіндегі құрал-жаддықтар



бет13/27
Дата07.11.2023
өлшемі312 Kb.
#482578
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Лекция ОХББ1

Химия өндірісіндегі құрал-жаддықтар.
Химия өндірісінде процестер белгілі бір қондырғыларда – машиналар мен аппараттарда жүргізіледі. Олардың арасындағы ағындар құбырлар арқылы тасылады. Ағындар запорлы арматуралар (вентилдер, задвижкалар) арқылы реттелініп отырылады. Процесті бақылау мен басқару датчиктер, приборлар және басқа да аппаратуралар арқылы жүргізіледі. Бұлардың барлығы құрлыс конструкцияларында – ғимараттарда, опорлы қондырғыларда, эстакадаларда орналастырылады. Барлық аталған құрал-жабдықтар және конструкциялар өндірістің құрлысын салу кезінде жасалынады және өндірістің бүкіл жұмыс жасау мерзіміне есептелінеді, оларды «капиталдық салым» деп атайды. Жөндеу және ескірген бөлшектерді ауыстыру да қарастырылады бірақ капиталдық салымдар алғашқы кезде салынады. Капиталдық салымдар былайша жіктеледі.
А. Химиялық-технологиялық процесті жүргізуге арналған құралдар.
1. Жекеленген процестерді жүргізетін технологиялық аппараттар (Реакторлар, ректификациялық колонналар, абсорберлер, жылуалмастырғыштар, буландырғыш аппараттар, сүзгілер) Көпшілік аппараттардың қозғаомалы элементтері болмайды.
2. Технологиялық процесті қамтамасыз ететін технологиялық машиналар. Олардың негізгі жұмыс органы қозғалатын – сорғыштар, вентиляторлар, турбиналар, компрессорлар, транспортерлар, т. б.
3.Аппараттар және машиналар арасында газ сұйық ағындарын таситын құбырлар.
4. Реттегіш және запорлы арматуралар – крандар, вентилдер, задвижкалар.
5. Бақылау және басқару аппаратуралары ағындар датчигі, көрсеткіш приборлар, басқару жүйесі.

Б.Құрал-жабдықтарды орналастыратын құрлыс-монтаж конструкциялары.


1. Құрал-жабдықтарды, персоналдарды орналастыратын ғимараттар мен құрлыстар.
2. Аппараттар мен машиналар үшін ғимарат сыртында орналасқан опорлы конструкциялар
3. Құбырлар үшін опорлы конструкциялар – эстакадалар.
Капиталдық салым мөлшері біраз болады, сондықтан өндірісті жобалаған кезде, капиталдық салым мөлшерін азайту да қарастырылады. Ол үшін технологиялық шешімдер арқылы құрал-жабдықтарға , химиялық-технологиялық жүйеге слынатын шығынды азайту болып табылады. Олардың кейбір тәсілдерін қарастырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет