Химиялық және биологиялық қауіпсіздіктердің негіздері


Қайта құрылған химиялық-технологиялық жүйелер



бет15/27
Дата07.11.2023
өлшемі312 Kb.
#482578
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Лекция ОХББ1

Қайта құрылған химиялық-технологиялық жүйелер
Химия өнеркәсібінің даму барысында өмірлік маңызды өндірістер жасалып, қарқынды түрде дами бастады – тыңайтқыштар, мұнай және көмірді өңдеу өнімдері, мотор отындары, синтетикалық каучук, пластикалық массалар. Олардың барлығы ірі тонналы және өнімдердің номенклатуралары аздап қана өзгеріп отырды. Қазіргі кезде химия өндірісіндегі қажетті өнімдердің саны біршама өсті. Ерекше қасиеттері бар материалдар аздаған мөлшерде ғана шығарылады. Олардың өндірісі аз тонналы, номенклатурасы әрбір 5 жылда жаңарып отырады . Қазіргі заманғы химиялық аппаратуралардың қызмет ету уақыты 10-15 жыл. Әрбір өнім үшін жеке өндіріс жасау тиімсіз. Қажетті өнімдерді жинап алғаннан кейін мұндай технологиялық құрал-жабдықтар қажетсіз болып қалады. Сондықтан мұндай технологиялық жүйелерді қайта құру қажеттігі туындайды.
Қайта құрылатын химиялық-технологиялық жүйелерде, бір ғана құрал-жабдықтарда, жүйелерді қайта құрылғаннан кейін (аппараттардағы процестердің режимін өзгерту, аппараттардың арасындағы байланыстарды өзгерту арқылы) әр түрлі химиялық-технологиялық процестерді жүргізуге және шикізаттардың неше түрін өңдеуге, әр түрлі өнімдерді шығаруға мүмкіндік бар
«ХТЖ икемділігі» (гибкая ХТС) түсінігі. Бұл түсінік бойынша икемделгіш өндірістерге бір ғана өнім өндіретін және шикізаттардың сапасының өзгерістеріне, аппараттардың, процестердің параметрлерінің өзгерістеріне тұрақты , яғни химиялық-технологиялық процестердің өзгерістеріне,талаптарына икемделе алатын жүйе кіреді.
Бұл жүйеде бір-бірімен әр түлі байланыстар арқылы тайланысқан аппараттар жүйесі бар. Белгілі бір химиялық-технологиялық процес үшін бір байланыстарды ашады, екіншілерін жабады. Нәтижесінде біреулерін жұмысқа қосады екіншілерін ажыратады. Аппараттардың жұмыс режимін жасайды(хладагенттертің температурасы, көмекші материалдарды әкелу т.б.). Осылайша белгілі бір химиялық-технологиялық процеске арналған ХТЖ жасайды. Бір өнімді өндіргеннен кейін барлық жүйені жуып, басқа бір өнім шығаруға икемдейді.
Қайта құрылған ХТЖ тиімділігі жүйеге жұмсалған шығынның оны
пайдаланғаннан кейінгі үнемнің қатынасымен бағаланады.
Негізгі шығындар мынандай:
процеске қатыспайтын артық құралдарға қосымша шартты-тұрақты шағындар;
процес ауысқан кезде құралдарды дайындауға( жуу) жұмсалатын шығындар
Үнемділігі:
аппараттардың қызмет жасу мерзімінің артуымен шартты-тұрақты шығындардың азаюы (бір өнімді қысқа мерзімде өндіріудің өзіндік құны үлкен капиталдық салымды қажет етеді ) ;
жаңа өнімді өндіруге көшу уақытының азаюы ;
өнімді біраз ертерек пайдалану арқылы тұтынушылар ұтады ;
рыноктағы товарлардың өзгеріп тұру жағдайларына өндірістің тұрақтылығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет