Модульдік технологияның принциптері:
▪ модульділігі;
▪ ерекшеленген элементтерді мазмұннан бөлу;
▪ динамикалылығы;
▪ білімнің ұтымдылығы және шапшаңдығы, олардың жүйелілігі;
▪ икемділігі;
▪ болашақты ұғынуы;
▪ жан-жақты методикалық кеңес беру;
▪ паритеттілігі.
Осы принциптерге жеке-жеке тоқталайық.
Модульдік принцип. Нақты дидактикалық мақсатқа жету үшін бұл принцип бойынша оқытудың функционалдық түйіні модуль түрінде құрылады. Оқытудың мазмұнын, формасын және әдістерін айқындайды.
Ерекшеленген элементтерді мазмұннан бөлу принципі. Кіріктірілген дидактикалық мақсатқа жету үшін бұл принцип оқу материалының әрбір модулінің ауқымын біртұтас жүйе деп қарастырады. Әрбір элементтің алдына дидактикалық мақсатты іс-әрекет қойылады.
Динамикалық принцип. Бұл принцип әлеуметтік тапсырысты ескере отырып, модульдің мазмұнын еркін өзгертуге болатындығын қамтамасыз етеді, яғни оқу материалының нақты бөлімін өзгертуге, толықтыруға және дамытуға болады. Білімнің ұтымдылық , шапшаңдық және олардың жүйелілік принципі сақталуы тиіс.Бұл принцип оқытудың мақсатты түрде жүруін, соның нәтижесінде білім алуға мотив қалыптасатынын білдіреді.
Икемділік принципі. Білім алушының жеке қажеттілігіне бағдарланған оқу мазмұны мен оны меңгеруге оңтайланған модуль құру. Соның нәтижесінде білім берудің дараланған түрін қолдануға болады.
Болашақты ұғынуы. Білім алушы білімнің аралық және соңғы мақсатын түсінуге ынталы.Оқушылар танымдық және практикалық әрекетте оқыту нәтижесін көрсете білуі шарт.
Жан- жақты методикалық кеңес беру принципі. Оқушы пәнді және қоршаған ортаны тану үшін өз бетімен біліктілігін жетілдіруі қажет. Оқушының мүмкіндігі мен оқытушының шеберлігінің арасында бұл принцип ұстанымдары елеулі нәтиже береді.
Паритеттілік принципі. Білім алушы педагогикалық процесте белсенділік көрсетеуі, ал мұғалім оқытуды басқаруы өзара тығыз байланысып, оқу процесін оқушының өзі басқаруын талап етеді.
Модульдік оқыту принциптері жалпыпедагогикалық және өзара байланысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |