Хирургия стандарт. Асептика және антисептика


«Өткір іш» синдромындағы шұғыл көмек



бет24/36
Дата30.09.2022
өлшемі205.89 Kb.
#461675
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Хирургия стандарт. Асептика және антисептика

«Өткір іш» синдромындағы шұғыл көмек.
Мақсаты: Қабынулар мен жарақаттар кезіндегі асқынулардың алдын алу.
Көрсетілімі: Өткір іш синдромына мына аурулар кіреді: өткір аппендицит, өткір холецистит, өткір панкреатит, асқазан-ішек ойық жаралары, іш жарақаты. жтб.
Қоры: мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп,стерильді қолғап.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2.Тексеру мақсатын түсіндіріп, тынышталдырыңыз.
3.Тізелерінің астына үйінді қойып, зардап шегушіні зембілге көлденең жатқызыңыз.
4.Ішіне мұзды мұйық қойыңыз.
5.Хирургиялық бөлімшеге жеткізіңіз.
Ескерту: жылытқыш, клизма, іш тазалау дәрілері,жансыздандырушы дәрілер енгізуге болмайды.
Ұзақ жаншылу синдромындағы шұғыл көмек.
Мақсаты: зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету.
Көрсетілім: резеңке еспе, транспорттық шина, реополиглюкин, 2% промедол, 0,5% реланиум.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2.Тексеру мақсатын түсіндіріп, тынышталдырыңыз.
3.Қолынызды спиртпен өңдеп, резеңке қолғап киіңіз.
4.Жараны қараңыз.
5.Антисептика ерітіндісімен жараны өңдеңіз.
6.Көк тамырға 2 мл 5% анальгинді 1мл 1% димедролмен енгізіңіз.
7.Жаншылған түпкіліктерді босату алдында, жаншылған жерге жақын резина жгут қойыңыз.
8.Жаншылудан босатқаннан кейін, сирақтан табанға дейін эластикалық дәкемен қатты орап, резеңке жгутты алып тастаңыз.
9.Зақымдалған түпкілікке мұзды мұйық қойыңыз.
10.Зақымдалған түпкілікке шина қойыңыз.
11.Көк тамырға 400 мл реополиглюкин енгізіңіз.
12.Хирургиялық бөлімшеге жеткізіңіз.
Омыртқа жотасы жарақаттанған кездегі шұғыл көмек.
Мақсаты: Ауырсынудың алдын алу және транспорттық тасымалдау.
Көрсетілім: Омыртқа жотасы жарақаты.
Қоры: қатты зембіл немесе тасымалдаушы вакуум, үйінді, 2% промедол, полиглюкин, кордиамин ерітіндісі, Еланский шинасы, Шанц мақта маталы жағасы, тонометр, фонендоскоп, ені 20-25см дәке.
Әрекет алгоритімі:
1.Омыртқа сынығында пневматикалық шинамен тасымалдау:
2.Науқасты қараңыз.
3.Омыртқа сынығы барын анықтаңыз.
4.Науқасты тынышталдырыңыз.
5.Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.
6.Науқасты абайлап зембілге ауыстырыңыз. Ауыстыруды 4 адам бір уақытта іске асырады.
7.Зембіл қабын байлаңыз.
8.Зембілден ауаны арнайы аяқ ауа шығарғышымен толығымен шығарыңыз.
9.Науқасты арнайы 2 адам тасымалдайтын зембілмен шығарыңыз.
Ескерту:
Омыртқаның көкірек қуысы аймағындағы сынықтарда вакуумды зембілдер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет