Теріге тігіс қою техникасы.
Мақсаты: жара шеттерін біріктіру.
Көрсетілім: жара болуы.
Қоры: 1,5% йодтың спирттік ерітіндісі, стерильді таңғыш, клеол, №3 және №4 жібек, ине ұстағыш, өткір тері инелері, хирургиялық пинцет, корнцанг, қайшы, стерильді лоток,КБУ.
Әрекет алгоритімі:
1.Қолыңызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.
2.Стерильді қолғап киініз.
3.Жара айналасын шетінен переферияға қарай антисептиктердің біріне малынған мақта шаригімен өңденіз.
4.Вишневскийменжергіліктіанестезияжасаныз.
5.Өткір тері инесімен №3 және №4 жібекті ине ұстағышпен ұста.
6.Пинцетпен жара шетін, теріні және тері асты майын ұста.
7.Жара шетінен 3-4 см өтіп, тік бұрышта жараны инемен тесініз.
8.Қарама-қарсы беттен тесініз.
9.Инемен ине ұстағышты алып тастаныз, жібек тіндерде қалу керек.
10.Жібек ұшымен жара шеттері бір-біріне қосылғанша тартып түйінденіз.
11.Келесі тігістерді арасы 1,5 см етіп жүргізініз.
12.Жара шеттерін пинцетпен біріктірініз, жібек қалдықтарын байламнан 11,5см өтіп, үзіп алып тастаныз.
13.Тігісті антисептикпен өңдеп, антисептикалық таңғыш қойыныз.
14.Қолданылған құралды, қолғапты, таңғышты буға тастаныз.
Түйінді тігістерді шешу техникасы.
Мақсаты: түйінді тігісті шешу.
Көрсетілім: жараның жазылу кезені.
Қоры: йодонат ерітіндісі, 70% спирт, стерильді таңғыш, стерильді салфетка, хирургиялық пинцет, анатомиялық пинцет, корнцанг, қайшы, стерильділоток, КБУ.
Әрекет алгоритімі:
1.Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.
2.Стерильді қолғап киініз.
3.Науқасты жатқызып, манипуляция мақсатын түсіндірініз.
4.Таңғышты шешіп, жараны тексерініз.
5.Пинцет немесе қысқыш қолданып жарадан таңғышты шешініз.
6.Терімен тігісті 70% спирт, йодонат немесе бриллиант көгімен өңденіз.
7.Анатомиялық пинцетпен тігісті түйінінен ұстап тартыныз, ақ түсті аймағы жалаңаштанатындай.
8.Қайшы немесе скальпельмен бұл аймақтағы жіпті кесіп, пинцетпен алып тастаймыз.
9.Осы ретпен қалған тігістерді алып тастаймыз.
10.Отадан кейінгі орынды йодонатпен өңденіз.
11.Асептикалық салфетка қойып бекітініз.
12.Тігісті антисептикпен өңдеп, антисептикалық таңғыш қойыныз.
Ескерту:
Тігістер жара жазылғаннан кейін 7 –ші күні шешіледі.
Тігіс шешу ережесін бұзған жағдайда, ауырлықтар пайда болуы мүмкін. ( Лигатурный - Свищ).
Достарыңызбен бөлісу: |