Хирургия стандарт. Асептика және антисептика


Артериялық қан кетуде резеңке жгут қою техникасы



бет3/36
Дата30.09.2022
өлшемі205.89 Kb.
#461675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Хирургия стандарт. Асептика және антисептика

Артериялық қан кетуде резеңке жгут қою техникасы.
Мақсаты: Артериялық қан кетуді тоқтатау.
Көрсеткіштері:Артериялық қан кету.
Қоры: Эсмарха резеңке жгуті,стерилденген қолғап, үлкен жаялық немесе сүлгі,таңғыш материал, қағаз қарандаш.
Әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты қараңыз, сабырға шақырыңыз , жатқызыңыз
2. Науқастың жағдайын анықтаңыз, жарасын қараңыз

  1. Науқасқа мақсатымен әрекеттің жүрісін түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды спиртпен өңдеңіз

  3. Стерилденген қолғап киіңіз.

  4. Артерияны және сүйекті саусақпен қысыңыз.

  5. Қан айналым жақсы жүру үшін аяқ қолды жоғары қалыпта қоямыз.

  6. Резеңке жгут қою орнына қан кету аймағынан жоғары бинт немесе сүлгімен ораңыз.

  7. Қан кету тоқтату үшін резеңке жгутті қатты байлаңыз.

  8. Келесі айналымдарды алдынғысын жаба отырып айналдырып ораңыз.

  9. Резеңке жгутты бекітеміз.

  10. Резеңке жгут дұрыс тұрған тұрмағанын анықтаймыз.

13. Жгут салынған уақыт жазылған қағазды жгут астына қыстырыңыз
14. Науқасты жатқызып тасымалдаңыз.
Қысып таңғыш қою техникасы
Мақсаты: Қантамырдан - капиллярдан қан кетуді тоқтату, бастың жұмсақ тіндерінің гемостазы.
Қоры: стерильді салфетка, стерильді қолғап, 1% йоданит, мақта марлілі тампон, бинт, антисептик ерітіндісі, 2 пинцет, спирт, ауру сезімін басатын заттар, КБУ
Әрекет алгоритімі:

  1. Қолды спиртпен өңдеңіз.

  2. Резеңке қолғап киіңіз

  3. Науқасты қараңыз, тынышталдырыңыз, жатқызыңыз.

  4. Науқастың жағдайын бағалаңыз

  5. Манипуляция мақсатын науқасқа түсіндіріңіз

  6. Жара анық көрінетіндей науқасты ыңғайлап, жатқызыңыз

  7. 1% йоданат ерітіндісімен жара айналасын өңдеңіз

  8. Сальфеткамен құрғатыңыз

  9. Жараға стерильді салфетка қойыңыз

  10. Салфетка үстіне мақта–марлілі тампон қойыңыз

  11. Тампонды бинтпен бекітіңіз

  12. Науқасты стационарға тасымалдаңыз, тасымалдау уақытында тамыр соғысын, қан қысымын есін, байлам күйін қадағалау

  13. Қолғапты шешіп КБУ-ға тастаңыз

Ескерту: Тараңдық бау венадан, капилярдан қан кеткенде қойылады.
Ауруханаға дейінгі көмек көрсету дәрежесінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет