ʺУздечкаʺ таңғышын қою техникасы
Мақсаты: астынғы жақ қимылсыз қалыпқа келтіру.
Көрсетілім: астыңғы жақ жарақаттары.
Қоры: ені 10 см бинт, қайшы.
Іс-әрекет алгоритмі
1.Бинттің бастамасын сол қолға, бас жағын оң қолға алыңыз.
2.Маңдай немесе шүйде сүйегі аймағынан бекітуші орау жүргізіңіз
3.Байламды шүйдемен шеке астынан жіберіп, самай мен төбе сүйегін айналдыра 2 айналым жасаңыз.
4. 3-4 рет қайталаңыз (1рет)
6.Байламды шүйденің сол жағынан алып бекітіңіз.
7.Басты айналдыра бекітіңіз
8.Ұштарын бастың маңдай аймағынан байлаңыз
Екі көзге таңғыш салу техникасы
Мақсаты: Таңғышты бекіту
Көрсетілім: Отадан кейінгі жарақат, көз жарақаты
Қоры: ені 10-12 см дәке, қайшы
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзінізге қаратып отырғызыныз, тынышталдырыныз.
2.Манипуляция мақсатын түсіндірініз.
3.Науқасты отырғызып, жарақатын қараныз.
4.Ені 10-12 см бинт алыңыз.
5.Бинт бастамасын сол қолынызға, басын оң қолынызға алыңыз.
6.Бас аймағынан бекітуші байлау жүргізініз.
7.Байламды шүйде арқылы құлақ артынан жіберініз.
8.3-4 рет қайталап,басты айналдыра бекітініз.
9.Байламды шүйдемен маңдай арқылы төмен алып көздің екінші бөлігіне жабыныз.
10.Құлақтан төмен шүйде арқылы алып бекітуші айналым жүргізініз.
11.Екінші көзді 3-4 қайтара орап,бекітіңіз.
12.Байламды айналдыра орап бекітіңіз.
"Қолғап" таңғышын қою техникасы.
Мақсаты: Таңғышты бекіту
Көрсетілім: Күйік,үсік барлық саусақтардың жарақаты.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзінізге қарама-қарсы отырғызып, жарақаттанған қолының жайлап үстел үстіне қойыныз, білегі еркін төмен түсіп тұруы керек.
2.Тынышталдырып, манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.
3. Бинт бастамасын сол қолыңызға, басын оң қолыңызға алыңыз.
4.Шынтақ айналасына бекітуші таңғыш қойыныз.
5.Білек пен саусаққа қарай бекітуші орам жүргізіңіз.
Ескерту: он қол 1 үлкен саусақтан бастап танылады,сол қол 5 саусақтан.
1.Таңғышты айналдыра отырып, барлық саусақтарды басынан аяғына дейін бекітініз.
2.Білек пен шынтақ арқылы айналма орам жасаныз.
3. 1,2,3 рет қайталай отырып ораңыз.
4.Шынтақты айналдыра отырып бекітініз.
Ескерту: Таңғыш дұрыс қойылған жағдайда науқастың алақаны бос болады.
Достарыңызбен бөлісу: |