Десмургия
Бинт пен таңғыш қою техникасы
Мақсаты: Денеге таңбаны бекіту, жарақат кезінде тасымалдау, жарақатты микроб түсуден сақтау, гемостаз мақсатында.
Әрекеттер алгоритімі:
1.Науқасты өзіне ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз не жатқызыңыз.
2.Таңушы науқасқа бетпе-бетқалыпта орналасады
3. Таңуды перефериядан–орталыққа, солдан оңға, сағат тіліне қарсы жүргізу керек
4.Таңуды әрдайым бинттің бекіту бөлігінен бастау керек
5.Бинттің әр келесі орамы алдыңғысын ½ немесе 2/3 бөлігін жабу керек
6.Бинтті таңылған орыннан айырмай орау керек
7.Таңу 2 қолмен жүргізіледі: 1 қолмен бинттің басын, 2 қолмен орамын жасау
8.Бинтті сол қолмен ұстап, оң қолмен орақтаныз, таңылған аймақты орай отырып,
9.Бинтті бір қалыпты таңылған аймақтан орау керек
10.Дененің таңылатын орнына, таңғыш қойылғаннан кейін ыңғайлы болатын қалыпқа қою керек
11.Дененің конустық бөлігіне таңғыштың жақсы орналасуы үшін әр 2 айналым сайын дәкені майыстыру керек.
таңғыш өз функциясын орындау керек.
Таңғыш жарақатқа қарама-қарсы бетке орналастыру керек.
ʺЧепецʺ таңғышын қою техникасы:
Мақсаты: Басқа таңғышты бекіту
Көрсетілімі: Маңдай мен шүйде сүйегінің жарақаты.
Қоры: бинт-ені 10 см, қайшы
Әрекеттер алгоритімі:
1.Науқасты өзінізге қарама қарсы отырғызыныз, тынышталдырыныз, манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.
2.Ұзындығы 80см-1мбинтүзіндісіндайындаңыз.
3.Үзіндігінің ортаңғы жағын төбе сүйегі аймағына орналастырыңыз, ұштарын науқас немесе көмекейі ұстап тұрады.
4.Бинт ұштарын құлақ алды арқылы төмен түсіріңіз
5.Ені 10 см бинт алып маңдаймен төбеден бекітуші айналым жазаңыз
6.Шүйдемен төбе сүйегі аймағында 2-ші айналыммен бинтті бекітіңіз
7.Байлам арқылы қарама-қарсы бетке айналдыра отырып төбемен маңдай сүйегін жаба отырып айналым жасаңыз
8.1-2 рет бекітіңіз
9.Бас сүйегі толық жабылғанша 2-3 орам жасаңыз
10.Байламды иек астынан бекітіңіз
Достарыңызбен бөлісу: |