Іріңді жараға таңғыш қою.
Мақсаты: жарадағы антисептиканы сақтау.
Көрсетілім: іріңді жараның болуы.
Қоры: стерильді лоток, стерильді резеңке қолғап, стерильді таңғыш, пинцет, 1% йодонат ерітіндісі, КБУ, зонд, шприц, жалпақ резеңке дренаждар, антисептик ерітінді, жара кергіш.
Әрекет алгоритімі:
1.Қолыңызды гигиеналық дәрежеде өңдеңіз.
2.Стерильді қолғап киіңіз.
3.Пинцетпен жарадан лас салфетканы шешіңіз.
4.Пинцетпен жалпақ резеңке дренажды шешініз.
5.Жара аймағын 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен ұстап өңденіз.
6.Салфетканы пинцетпен ұстап жараны кептірініз.
7.1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен ұстап жараны өңденіз.
8.Жараны зондпен немесе жара кергішпен тексереміз.
9.Жараны шприцпен қайраусыз инемен 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен шайыныз.
10.Салфетканы пинцетпен ұстап жараны кептірініз.
11.Қолданылған құралдарды лас лотокқа тастаныз.
12.1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен ұстап жараны өңденіз.
13.Пинцетпен зонд көмегімен жараға жалпақ резеңке дренаж енгізініз.
14.Жараға антисептик ерітіндісіне малынған салфетка қойыныз.
15.Дәкені лейкопластырь немесе клеол қолданып бекітініз.
16.Қолданылған құралды, қолғапты, таңғыштық буға тастаныз.
Сіреспеге қарсы спецификалық профилактика жүргізу.
Мақсаты: Жедел сіреспеге қарсы спецификалық профилактикасы.
Көрсетілім: 2-3 дәрежелі күйік, үсу, жара болуы.
Қоры: стерильді резеңке қолғап, стерильді таңғыш, шприц, спирт, сіреспеге қарсы адамиммуноглобулині,КБУ.
Әрекет алгоритімі:
1.Қолынызды гигиеналық дәрежеде өңденіз.
2.Стерильді қолғап киініз.
3.Теріні 70% спиртпен өңдеңіз.
4.Тері астына білектің жұмсақ аймағына 0,1 мл, 1:100 бөлікке бөлінген сіреспеге қарсы сарысу енгізініз.
5.Талдауды 20 мин кейін бағаланыз; егер папула өлшемі 0,9 мм болса талдау теріс, сонда тері астына қалған 0,1 мл 20 мин кейін енгізіледі.
6.Науқасты 1 сағ бақыланыз.
7.Қолданылған құралды, қолғапты, таңғыштық буға тастаныз.
Ескерту:
сіреспенің алданалу сезімталдыққа талдау алынғаннан кейін жүргізіледі.
сарысуды көктамырға немесе жұлынға енгізеді.
ауру ауырлығына байланысты сарысуды рефлекторлы тырыспалар жойылғанша енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |