Хирургия стандарт. Асептика және антисептика


АВС системасы бойынша жүрек–өкпе реанимациясын жүргізу



бет22/36
Дата30.09.2022
өлшемі205.89 Kb.
#461675
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Хирургия стандарт. Асептика және антисептика

АВС системасы бойынша жүрек–өкпе реанимациясын жүргізу.
Мақсаты: тыныс алу мен жүрек жұмысының орнына келуі.
Көрсетлім: клиникалық өлім.
Қоры: марлі салфеткалар.
Әрекет алгоритімі:
1.Тыныс жоқтығын анықтаныз.
2.Есінің жоқтығын анықтаныз.
3.Ұйқы артериясына қолды қойып, жүрек соғысының жоқтығына көз жеткізініз.
Ескерту: соңғы 2 манипуляцияны бірге жүргізеді.
А–тыныс жолдарының өтімділігін орнына келтіру.
Сафара үштік әдісін қолданамыз.
1.Науқасты қатты жерге шалқасынан жатқызамыз.
2.Басын артқа қарай шалқайтамыз.
3.Бір қолмен мойнын артынан көтеріп, екінші қолмен маңдайды жоғары төмен басамыз.
4.Омыртқада мойын бөлігі жарақаттанғанда 3 –әдіс қауіпті болғандықтан жасалынбайды.
5.А-аузын ашып қараңыз: салфетка көмегімен қан, құсық қалдықтарын басын бір жағына бұра отырып тазартыңыз.
В–тыныстың орнына келуі.
1.Терең тыныс алып, зардап шегушінің мұрнын қысып, еріндерінізбен зардап шегушінің аузын толық қамтып қатты ішке ауа жіберіңіз. Көмек берушінің қолы мойын астымен маңдайда орналасады.
С - жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымды қалыптастыру.
1.Зардап шегуші тегіс жерде жатады, массаж жүрзіушінің тізесінің дәрежесінде. Басу нүктесі семсер тәрізді өсіндіден 2 саусақ жоғары.
Бір қолдың алақанын төс сүйектің 3/1 бөлігіне, екінші қолды оның үстіне қоямыз. Дененің барлық салмағымен төс сүйегін омыртқаға қарай 5-6 см. басамыз.
2.Қолыңызды төстен алмай еркін ұстаңыз.
Ескерту: Егер 1 адам көмек көрсетседе, көмекті 2 адам көрсетсе 30 рет басып, 2 рет дем береді. Жүрекке массаж минутына 100 -120 рет.
Тыныс жолдарына бөгде зат түскенде алғашқы көмек.
Мақсаты: бөгде затты жою.
Көрсетілім: тыныс жолдарындағы бөгде зат.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқас жағдайын бағалаңыз.
2.Науқасты артынан қолмен қысып, көкірек аймаған басу әдісін қолданыңыз.
3.Зардап шегушінің артынан тұрып,кеудесінен қысып алдыға қарай сәл енкейтіңіз.
4.1 қолдың жұдырығын кіндіктен сәл жоғары қойыңыз.
5.Жұдырықты екінші қолдың алақанымен қысып, науқастың ішін қатты басыңыз, диафрагманың астына жіберіп денені көтеруге тырысыңыз.
6.5 рет қайталау керек.
7.Егер тыныс жолдары тазармаса «бесте бес»циклін қайталау керек.
8.Жартылай отырыңқы қалыпта ауруханаға жеткізіңіз.
9.Тыныс алуды қадағалаңыз.
10.Науқас есін жоғалтқан жағдайда.
11.Шалқасынан еденге жатқызыңыз.
12.Тыныс жолдарын тазартыңыз. Егер бөгде зат көрініп тұрса, саусақпен алып көріңіз. Алайда абай болыңыз, бөгде затты ары қарай итерип жибермеңіз.
13.Бөгде зат шығарылмаса, ал науқас ессіз жатса, өкпе-жүрек реанимациясын жүргізіңіз.
14.Көкірек қуысын басу кезінде бөгде зат сыртқа шығуы мүмкін, сондықтан ауызын тексеріп тұрыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет