Көкіректен өтіп кеткен жарақаттар кезіндегі шұғыл көмек (пневмоторакс)
Мақсаты: алғашқы медициналық көмек.
Көрсетілім: көкіректен өтіп кеткен жарақаттар.
Қоры: стерильді қолғап, антисептикалық ерітінді, 50% анальгин, 2% димедрол, антисептик ерітіндісі, лейкопластырь, мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, КБУ.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2.Тексеру мақсатын түсіндіріп, тынышталдырыңыз.
3.Өзіңізге қаратып жартылай отырыңқы жағдай жасаңыз.
4.Қолынызды спиртпен өңдеп, резеңке қолғап киіңіз.
5.Жараны қараңыз.
6.Көктамырға 50% 2 мл анальгинмен 2% 1мл промедол ерітінділерін жансыздандыру үшін енгізіңіз.
7.Антисептика ерітіндісімен жараны өңдеңіз.
8.Жараға окклюзиялық таңғыш қойыңыз.
9.Жараны стерильді салфеткамен томпондағаннан кейін.
10.ИПП таңғыш пакетінен резеңке матаны стерильді бетімен қойыңыз.
11.Лейкопластырьмен жабыстырыңыз.
12.Жарақат орнына мұзды мұйық қойыңыз.
13.Қолғапты шешіп КБУ-ға тастаңыз.
14.Зембілмен жартылай отырыңқы қалыпта хирургия бөлімшесіне тасымалдаңыз.
15.Қан қысымын, тамыр соғысын қадағалаңыз.
Бас сүйек жарақаты кезіндегі алғашқы көмек.
Мақсаты: бас жарақаты бар науқасқа көмек көрсету.
Көрсетілім: Жабық бас сүйек жарақаты, бас сүйек жіктері сынығы, бас сүйек негізінің сынығы.
Қоры: 50% 2 мл анальгин, 1% 1мл димедрол, 40% глюкоза ерітіндісі, 20 мл 25% магний сульфат ерітіндісі бұлшық етке 10 мл, мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, жұмсақ үйінді.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқас жағдайын бағалаңыз.
2.Тексеру мақсатын түсіндіріп, тынышталдырыңыз.
3.Зардап шегушіні зембілге басжағы биік жатқызып, тасымалдаңыз.
4.Қолынызды спиртпен өңдеп, резеңке қолғап киіңіз.
5.Жараны қараңыз.
6.Антисептика ерітіндісімен жараны өңдеңіз.
7.Көктамырға 50% 2 мл анальгинмен 1% 1 мл димедрол ерітінділерін енгізіңіз.
8.Көктамырға 20 мл 40% глюкоза ерітіндісін немесе бұлшық етке 10мл 25% магний сульфат ерітіндісін енгізіңіз.
9.Басына мұзды мұйық қойыңыз.
10.Есін жоғалтқанда тілді жұтып қоймауын қадағалаңыз .
11.Құсық қалдықтары болса, басын бір жағына бұрып, ауызын тазалап, тілін салфеткамен өзіңізге қарай тартыңыз.
12.Қан қысымын, тамыр соғысын қадағалаңыз.
13.Хирургиялық бөлімшеге жеткізіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |