Хирургиялық операциялар


Ішкі қан кетуді анықтау қиын, арнайы белгілері арқылы ғана анықтауға болады



бет4/6
Дата30.04.2024
өлшемі19.96 Kb.
#500172
1   2   3   4   5   6
Хирургиялық операциялар

Ішкі қан кетуді анықтау қиын, арнайы белгілері арқылы ғана анықтауға болады.
Инфекцияның дамуы. Жарадағы инфекцияның алдын алу шаралары операция үстінде басталады. Операциядан кейінгі дренаждардың қалыпты жүмыс істеуін қадағалап отыру керек, өйткені жарада жиналған экссудат микроорганизмдердің өсіп-көбеюіне қажетті орта болып табылады. Операциядан кейін келесі күні жараны байлап таңу кезінде қабыну процестерінің, гематоманың белгілері болса, тігісті шешіп экссудатты, гематоманы сыртқа шығару керек.
Тігістердің ажырауы. Бұл асқынудың іш қуысына жасалған операциялардан кейін дамуы аса қауіпті және эвентерация деп аталады. Мұндай асқынудың себептеріне операция кезіндегі тігістердің ақауы, іш қуысындағы қысымның артуы (ішек парезі, перитонит, пневмония, жөтел), жарадағы инфекция жатады.
Операциялық жараны тігу кезінде тігістердің ажырап кету қаупі күшті болса, іш қабырғасының жарасын ілгек немесе түтік салып тігеді.
Жүрек-қантамыр жүйесіңдегі асқынулар
Операциядан кейінгі кезеңде жүрек-қантамыр жүйесі жағынан негізінен үш түрлі асқынулар кездеседі:
1. Операциядан кейінгі жүрек және қантамыр шамасыздығы:
• көктамырлық ағыстың жеткіліксіздігі, жүрек шамасыздығы,
• жүрек-өкпе шамасыздығы, шок синдромы, қан айналысының кенеттен тоқтауы;
2. Жүрек өткізгіштігі мен ырғағының бүзылуы: операциядан кейінгі блокадалар мен аритмиялар.
3. Миокард инфарктісі.
Тромбоэмболиялық асқынуларды да шартты түрде осы топқа жатқызуға болады, өйткені алғашқыда қан тамырларында (көктамырлардағы ұйықтар (тромбтар), үлкен қан шеңберіндегі эмболдар) пайда болғанмен, кейін жүрек, тыныс шамасыздығына әкеп соғады.
Тромбоэмболиялық асқынулар жиі кездесетін науқастарды бөлек топқа жатқызады:
1. 50 жастан асқан науқастар;
2. Атеросклерозға шалдыққан науқастар;
3. Төменгі қуыс көктамыр жүйесінің тамырлары кеңеййген науқастар;
4. Миокард инфарктісіне шалдыққан науқастар;
5. Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар;
6. Қантты диабет, семіздікпен ауыратын науқастар;
7. Кіші жамбас қуысына операция жасалатын науқастар;
8. Жүрек-қантамыр жүйесіне операция жасалған, жүрек ырғағын реттейтін апппараты бар науқастар;
9. Жүктілікке қарсы дәрілер, гормондар алған науқастар;
Тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу шаралары бейспецификалық және спецификалық болып екіге бөлінеді:
Бейспецификалық шараларға:
1. Тромб қаупі бар науқастарды операциядан кейін белсенді түрде жүргізу (ерте түрғызу, тыныс гимнастикасы, «төсекте жүру»).
2. Аяғындағы көктамырлары кеңейген науқастардың аяғын операция алдында созылмалы дәкемен бастырып байлау.
3. Түрақты гемодинамиканы қамтамсыз ету.
4. Су-электролит тепе-теңдігін түзету, қанды сүйылту (гемодилюция).
5. Қанның реологиялық қасиеттерін жақсарту жатады. Тромбоэмболиялық асқынуларды болдырмау мақсатында жүргізілетін
Спецификалық шараларға тіклей әсер ететін антикоагулянттарды тағайындау жатады: қанның ұюын бақылай отырып гепарин, лимон қышқылды натрий, гирудин тағайындайды (қанның ұю уақыты, қан кетудің үзақтығы). Кейінірек тікелей емес антикоагулянттарға көшу керек. Олардың қатарына дикумарин, неодикумарин, фенилин, синкумар жатады. Тікелей емес антикоагулянттарды тағайындаған кезде несепті макро- микроскопиялық жолмен, протромбин көрсеткіші мен уақытын бақылап отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет