Хирургиялық операциялар


Тыныс жолдары жағынан кездесетін асқынулар



бет5/6
Дата30.04.2024
өлшемі19.96 Kb.
#500172
1   2   3   4   5   6
Хирургиялық операциялар

Тыныс жолдары жағынан кездесетін асқынулар
Наркоздың салдарынан болатын ең ауыр асқыну - тыныс шамасыздығынан өзге асқыну - операциядан кейінгі кездегі науқастар өлімінің жиі себептерінің бірі - операциядан кейінгі пневмонияның алдын алу шараларына баса назар аударған жөн.
Алдын алу шаралары мыналар:
• науқасты ерте тұрғызу;
• антибоитикопрофилактика;
төсекке дұрыс жатқызу;
• тыныс гимнастикасы;
• қақырықты суйылту, қақырық түсіретін дәрілерді қолдану;
• қатаң науқастарға трахея-бронх тармақтарын тазалау;
• горчичниктер, банкілер қою;
• массаж, физиотерапия.
Ас қорыту ағзалары жағынан болатын асқынулар
Бұл асқынулар іш қуысы ағзаларына, іш пердесі артындағы кеңістікте орналасқан ағзаларға жасалған операциялардан кейін кездеседі. Салынған тігістер мен анастомоздар шамасыздығы, жабысқақты ішек түйілуі, қан кету сияқты асқынулар жиі кездеседі. Аталған асқынулардың әрқайсысы жеке хирургияда талқыланады және осы асқынуларды болдырмаудың негізі операция үстінде жүзеге асырылады.
Операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу мен емдеу принциптері:
• науқасты ерте тұрғызу;
• тамақтандырудың тиімді дағдысын сақтау;
• асқазанға сүмбе қою;
перидуралдық блокада;
• жел шығаратын түтік қою;
• гипертониялық клизма;
• асқазан-ішек жолдарының қозғалысын жақсартатын дәрілер жіберу (прозерин, церукал, убретид, 10% хлорлы натрий);
• физиотерапиялық процедуралар (диадинамикалық ток).
Несеп шығару жүйесінде кездесетін асқынулар
Операциядан кейінгі кезеңде жүйелік гемодинамиканың жетіспеушілігінен жедел бүйрек шамасыздығы, қабыну процестері (пиелонефрит, цистит, уретрит) дамуы мүмкін. Кіші дәреттің рефлекторлық кідіруі жиі кездеседі. Оперциядан кейні түзілген несептің тәуліктік мөлшерін ғана емес, сағат сайынғы мөлшерін де қадағалап отыру керек.
Түтіктің қуықта ұзақ уақыт болуы, немесе жиі қайталап түтік қою өрлеу инфекциясына себеп болады. Сондықтан емдік шараларды қарапайым тәсілдерден бастау керек: науқасты ерте түрғызу, ауырғанды басатын дәрілер егу, қуық үстіне жылытқыш қою, краннан су ағызу, кейде жылы клизма қояды. Науқастарды жатып дәрет сындыруға операция алдында үйрету керек. Тек аталған шаралар нәтиже бермегенде ғана қуыққа түтік қойып, антисептикпен жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет