Операция бірнеше сатыдан тұрады:
1)кіру жолын анықтау.
2)негізгі бөлігі хирургиялық емдеу іске асыру
3)операциялық жараны тігіп жабу,дренаждау.
Кіру жолын анықтау:
1)ауру жерге мүмкіндігінше жақын болу керек
2)тіндерді аз жарақаттау керек
3)қолайлы болуы керек
4)қан тоқтатуға ыңғайлы болу керек
Кіру жолы: типтік және атиптік болып бөлінеді.
Операция кезінде көңіл бөлінетін жайлар:
1)тіндердің жарақатын мейілінше аз жасау
2)гемостазды мұқият жасау, анатомияны жақсы білу керек,қан тамырларының орналасу топографиясына көңіл бөлу керек.
3)асептика және антисептика заңдылықтарын сақтау
Операцияға алудың кезеңдері:
1)операцияға дейінгі кезең ол ауруханаға түскен сәттен бастап операцияға дейінгі сәт. Бұл сәтте ең бірінші науқастың ауырлығын анықтау, екінші түрін анықтау,үшінші операцияның жеделдігін анықтау, төртінші диагноз қою, бесінші операция қажеттілігін анықтау, алтыншы операцияға дайындау шаралары жүргізіледі. Оның мақсаты:
1)операцияның қатерлілігін мейлінше азайту.
2)операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу.
Диагноз анықталған соң операцияға дайындық жүргізіледі, ол үшін:
1. Операция қажеттілігі мен қажетсіздігі анықталып, жеделдігі шешіледі.
2.науқастың ішкі ағзаларының лперация алдындағы жағдайын анықтау мақсатымен клиникалық , лабораториялық, диагностикалық тексерістер жасалынады.
3. науқастың психологиялық жағдайын операцияға дайындау керек.
4. ішкі ағзалар жұмысын жақсартып, гомеостазис өзгерістерін қалпына келтіруге түзетуге тырысу қажет.
5.эндогенді инфекциядан сақтану шараларын жасау керек.
6.анестезия түрін анықтап, премедикация жасау.
7.операция жасайтын тіленетін жерді алдын ала даярлау.
8. науқасты операция бөлмесіне жеткізу түрін анықтау.
9. науқасты операция стөліне жатқызу түрін анықтау.
Операция жасау қажеттілігі:
1. Өмірлік (витальдік) қажеттілік операция – шұғыл түрде жасалынады, үйтпеген жағдайда, адам өміріне тікелей қауіп туады (ішке тоқтаусыз қанау, жедел аппендицит, перитонит т.с.с).
2. Абсолюттік қажеттілік – операция міндеттеледі, жасау уақытын аса созуға болмайды, созған жағдайда өмірлік қауіп артады (стеноз, қатерлі ісіктер, механикалық сарғаю, созылмалы іріңдік т.с.с). бұл жағдайда жедел операция жасалынуы қажет.
3. Салыстырмалы қажеттілікпен емделетін аурулардың негізгі емі хирургиялық болып келеді, бірақ ол аурулардың өмірлік қаупі жоқ, операция уақыты шектелмейді, жоспарлы түрде жүргізіледі (асқынбаған жарықтар, қатерсіз ісіктер, асқынбаған веналар варикозы.)
2)операциянын өзі
3)операциядан кейіні кезең.
Достарыңызбен бөлісу: |