4-тарау. Бақылау, басқару, дабыл және автоматика жүйелері
108. Өндіріс үдерістерін бақылау, реттеу және басқару, хлорды сақтау, тұтыну басқару орынжайында орналасқан оператордың жұмыс орнынан жүзеге асырылады және жабдықтың орналасу орны бойынша көшіріледі. Технологиялық үдерістерді бақылау және басқару жүйелері, авариядан қорғау жүйелері микропроцессорлық техника негізінде орындалады.
109. Технологиялық өлшемдерді (шығын, қысым, температура және басқалары) өлшеу және реттеу бақылау-өлшеу және реттеу аспаптарын және хлор ортасында тотығуға төзімді немесе оның әсер етуінен қорғалған құрылғыларын (бөлу құрылғылары, пневматикалық қайталағыштар, инертті газды үрлеу және тағы басқалары) пайдалана отырып жүргізіледі.
110. Ақауы бар, калибрленбеген бақылау-өлшеу аспаптарын, тексеру мерзімі өтіп кеткен аспаптарды қолдануға болмайды.
111. Автоматты реттегіштердің атқару органдары технологиялық арматурамен және коммуникациялармен бірге сыналады.
112. Аварияға қарсы қорғағыш бұғаттағыштардың және дабыл сызбаларының, электронды, реле және электрлік сызбалардың жарамдылығы ай сайын және әрбір технологиялық үдеріс тоқтаған кезде тексеріледі.
113. Хлор және сутегі бар импульсті құбырларды басқару орынжайына кіргізуге болмайды.
114. Электролиз қондырғылары мынадай:
1) электролизерлер сериясындағы кернеу мен ток күшін;
2) тұрақты ток көздерін электролиз залынан және басқару орынжайынан, хлор компрессорлары орынжайларынан, олар тоқтаған кезде авариялық ажыратуды;
3) ток ажырағаннан кейін 3-4 с соң (сынаптан басқа электролиз әдістерінің барлығына) электролиздерге қорек беретін тұрақты ток кенет ажырағанда хлор және сутегі компрессорлары электрқозғалтқыштарын автоматты тоқтатуды; сынаппен электролиздеу әдісі кезінде хлор компрессорлары 3 минутқа дейін автоматты түрде ажыратылады. Бір мезгілде хлорды авариялық сіңіру жүйесі қосылады;
4) хлор компрессорлары кенет тоқтаған кезде (3-4 с), егер сынап сорғылары тоқтағанда хлор компрессорлары өздігінен қосылмаса, электролиздерге қорек беретін тұрақты ток көздерін автоматты ажыратуды; электролиз залына, басқару орынжайына қатар дабыл беріледі;
5) жұмыс істеп тұрған бірнеше хлор компрессорларының біреуі кенет сөнген кезде электролиз залына, қайта өңдеу шағын станциясына және басқару орынжайына дабыл беруді;
6) сынап сорғысының электрқозғалтқышы тоқтаған кезде немесе сынап катоды бар электролизерлерде сынап айналымы тоқтағанда электролиз залына және басқару орынжайына дабыл беруді;
7) сынап электролизерлерін қоректендіретін қысымды бактардағы тұздық пен таза судың деңгейін, сынап электролиздерін қатты катодпен қоректендіретін қысымды бактарда тұздық деңгейін, деңгейдің шекті мәннен төмен төмендеуі туралы дабыл беруді автоматты реттеуді;
8) жинағыштардағы электр басқыштардың және каустик деңгейін, басқару орынжайына шекті рұқсат етілген мәніне жеткені туралы дабыл беруді автоматты реттеуді;
9) диафрагмалы электролиз әдісі үшін сутегі коллекторында сирету регламенттелген мөлшерден артық болса және сынап және мембраналы электролиз әдістері үшін сутегі коллекторында қысым регламенттелген мөлшерден төмен болса, басқару орынжайына дабыл беруді;
10) артық сутекті атмосфераға (балауызға) тастайтын компрессорлардың айдау құбырындағы сутегінің қысымын автоматты реттеуді;
11) хлор коллекторларында сутегі қосылымының артық болуы туралы дабыл беруді;
12) диафрагмалы электролиз әдісі үшін коллекторлардағы хлор мен сутегіні сиретуді және сынап пен мембраналық электролиз әдістері үшін коллекторлардағы хлорды және сутегі қысымын сиретуді автоматты реттеуді;
13) ауадағы сутегі қосылымы жарылуға дейін жеткен кезде сутегіні тазалау және кептіру орынжайларында, сутегі компрессорларында дабыл беруді және авариялық желдеткіштің автоматты іске қосылуын бақылау, дабыл және басқару жүйелерімен жарақталады.
115. Сұйық хлорды өндіру кезінде:
1) хлор конденсаттарынан өту және шығу жолдарында, сұйық хлор конденсаттарынан шығу жолдарында салқындатқыш температураны автоматты бақылау;
2) хлорды конденсациялағанда абгаздарда сутегінің қауіпсіз қосылымын автоматты бақылау және ұстау;
3) сутегінің көлемдік үлесі конденсация абгаздарында 4 % астам жоғарылағанда басқару орынжайына дабыл беру қарастырылады.
116. Сұйық хлордың цех аралық құбырларында, цех ішіндегі коллекторларда сұйық хлор құбырындағы қысым шекті рұқсат етілген мәніне жеткен кезде іске қосылатын дабыл және шекті рұқсат етілген қосылымға жеткен кезде аварияға қарсы қорғау жүйесінің іске қосылуы қамтамасыз етіледі.
117. Сұйық хлор резервуарлары, танкілері, жинағыштары:
1) басқару орынжайында көрсеткіш мәндерін көрсететін қысымды бақылау аспаптарымен;
2) басқару орынжайында және регламенттелген сыйымдылықтарды толтыру, тіреу нормасына жеткен кезде дыбыс және жарық белгілерін автоматты қоса отырып, сұйық хлор массасын (деңгейін) өлшейтін және бақылайтын екі тәуелсіз жүйемен;
3) басқару орынжайында және орында орнатылатын қысымның 1,2 МПа астам жоғарылағаны туралы дабыл жүйесімен жарақталады.
118. Хлор бөлінуі ықтимал орынжайлар хлор құрамын автоматты анықтау, бақылау жүйесімен жарақталады. 1 мг/м3 тең хлордың шекті рұқсат қосылымынан артық болған кезде дыбыс және жарық дабылы, авариялық сіңіру жүйесімен қосылған авариялық желдету іске қосылады. Хлордың бар екені жөнінде датчик белгісі бойынша авариялық лақтырындыларды ұстап қалудың абсорбциялық әдіс жүйесін пайдаланғанда бейтарап ерітіндіні санитарлық бағанды суландыруға беру үшін сорғылар, одан соң санитарлық бағанда суландыру ерітіндісін беру үшін қажетті уақыттан кейін авариялық желдеткіш іске қосылады.
119. Хлор қосылымы 1 шекті рұқсат қосылымынан артық болған кезде хлордың қос сатылы газ талдағышын пайдалану кезінде жарық және дыбыс дабылы іске қосылады, 20 шекті рұқсат қосылымынан артық болған кезде авариялық сіңіру жүйесімен бұғатталған авариялық желдеткіш іске қосылады. Хлор қосылымы 20 шекті рұқсат қосылымына жеткен кезде дабылдағыштың іске қосылу уақыты 30 с аспайды.
120. Танкілердегі хлор қоймалары, бөлек тұрған буландыру, хлорды ағызу-құю бекеттері, тұндырмалы теміржол тұйықтары мен хлор ыдыстарын тиейтін бекеттер, оның шекті рұқсат қосылымының артқаны туралы дабыл беретін хлор ағуын бақылайтын сыртқы контурмен жарақталады. Хлордың ағуын бақылайтын жүйелердің сезімталдық дәрежесі, олардың мөлшері мен орналасу орны жобада анықталып негізделеді.
121. Шекті рұқсат қосылымынан 0,5 деңгейінде қосарлы компоненттер болғанда хлор қосылымын өлшеудің жиынтық өзгерістері ±25 % аспайтын болса, хлор сигнализаторлары қолданылады.
122. 20-50 мг/м3 диапазонында мәндерді бақылайтын сыртқы контур датчиктерін орнату орындарында хлор қосылымына жеткен кезде:
1) автоматты: қорғағыш су бүркемесінің хлор толқынын шектейтін тұрақты жүйесі;
2) автоматты немесе қолмен: электронды есептеу машиналарын пайдалана отырып (бір сыйымдылықтағы 25 т астам ыдыстарда хлор сақтау көзделген объектілер үшін) хлордың жайылуын болжау жүйесі.
123. Жылу алмастыру аппаратурасында сұйық хлорды буландырған кезде:
1) сұйық немесе буланған хлор шығынын автоматты бақылау;
2) буланған хлор қысымын автоматты бақылау және реттеу;
3) буландырғышта хлор қысымының жоғарылауынан қорғау үшін автоматты сақтандыру құрылғысы;
4) хлор температурасы немесе жылу тасығышта ең төменгі шектіден төмен төмендегенде буландырғыштан хлордың шығуын автоматты жабу;
5) буландырғышта жылу тасығыш температурасын автоматты бақылау және реттеу;
6) жылу тасығышта хлордың болуын автоматты бақылау;
7) буландырғыштың жұмысында ақау болған кезде буланған хлордың ағынымен шығатын сұйық хлорды ұстап қалу мен буландыруға арналған құрылғы қарастырады.
124. Газ тәріздес хлорды контейнерлерден немесе баллондардан алу кезінде хлор қысымы мен шығынын бақылау жүзеге асырылады.
125. Сұйық хлор толтырылған жұмыстар жүргізілетін өндірістік орынжайлар, сұйық хлор қоймалары аварияларды жою жоспары бойынша әр түрлі екі байланыс түрімен қамтамасыз етіледі.
5-тарау. Сұйық хлорды сақтау
126. Мақсатына байланысты сұйық хлор қоймалары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) сұйық хлор өндіретін цех жанындағы қоймалар, олар хлорды ұйым ішінде өндіру және пайдалану кезінде қатты байланысты жою, сондай-ақ басқа ұйымдарға вагон-цистерналарға, контейнерлерге, баллондарға толтырылған сұйық хлорды үздіксіз тиеу мақсатымен резервуарларда (танктерде) сұйық хлордың жедел қорын құруға арналады;
2) сұйық хлорды вагон-цистерналарда алатын тұтынушы ұйымдарда резервуарлардағы (танктердегі) сұйық хлордың шығын қоймалары;
3) жеткізу барысында ұйымның ағымдық қажеттілігі үшін қажетті мөлшерде сұйық хлорды контейнерлерде, баллондарда сақтауға арналған сұйық хлордың шығын қоймалары;
4) тұтынушылардың шығын қоймасын толтырылған хлормен қамтамасыз ету үшін контейнерлерге немесе баллондарға кейін хлор құятын, вагон-цистерналарда келіп түсетін сұйық хлорды қабылдауға арналған резервуарлардағы (танктердегі) хлордың базис қоймалары;
5) контейнерлер мен баллондарда сұйық хлордың жедел қорын құруға және белгілі бір аймақтың тұтынушыларының шығын қоймасын толтырылған хлормен қамтамасыз етуге арналған ыдыста сұйық хлордың бірлескен қоймалары;
6) сұйық хлорды қабылдауға арналған, кейін оны вагон-цистерналарға құятын және аймақтың тұтынушы ұйымдарына жөнелтетін, резервуарлардағы (танктердегі) сұйық хлордың аймақтық қоймалары.
127. Ұйым аумағында бір мезетте болатын сұйық хлордың ең аз мөлшері сақталады, ол жобада негізделеді. Сұйық хлорды өндіретін ұйымдардағы оның шекті мөлшері үш тәуліктік өнімнен артық болмайды, бірақ 2000 т аспауы қажет, ал тұтынушы ұйымдар үшін 15 тәуліктік тұтыну мөлшерінен артық емес.
128. Резервуарларда (танкілерде) сұйық хлорды сақтау мынадай тәсілдермен:
1) сұйық хлордың қайнау температурасында атмосфералық қысымда (изотермиялы сақтау тәсілі);
2) салқындатылған күйде қоршаған ортаның температурасынан төмен температурада жүзеге асырылады. Мұндай әдіспен хлорды сақтау өлшемдері авария болған жағдайда мүмкіндігінше хлорды бірден лақтыру көлемдерін барынша шектейді:
3) қоршаған ортаның температурасы кезінде жүзеге асырылады (хлордың мұндай сақтау әдісі хлор қоймасының аварияға қарсы тұрақтылығын арттыру бойынша арнайы шараларды қабылдауды қажет етеді).
129. Сұйық хлорды нақты сақтау және оны танкілерде сақтау өлшемдері, жалпы сақтау көлемі және кейбір сыйымдылықтардың тиімді көлемі, адамдар тобының зақымдануын болдырмау қажеттілігі негізінде анықталады. Қабылданған шешімдердің тиімділігі авариялық лақтырынды мен авария кезінде атмосфераға хлордың таралу үдерістерін жаңарту әдістерін қолдана отырып, хлор қоймасының қауіпсіздігін талдаумен негізделеді.
130. Сұйық хлор қоймаларына арналған қауіпті аймақтың радиусы:
1) баллондардағы хлор қоймалары үшін-150 м. Хлор лақтырындысын жедел шектеуді қамтамасыз ететін техникалық іс-шараларды іске асыру кезінде техникалық негіздеме жобаға сәйкес болғанда қауіпті аймақтың өлшемін қысқартуға болады;
2) контейнердегі хлор қоймалары үшін-500 м (хлор лақтырындысын жедел шектеуді қамтамасыз ететін техникалық іс-шараларды іске асыру кезінде техникалық негіздеме жобаға сәйкес болғанда қауіпті аймақтың өлшемін қысқартуға болады);
3) танкілердегі хлор қоймалары үшін-зақымдайтын қосылыммен хлор бөлігінің таралу тереңдігінің шегінде (есеппен анықталады).
131. Қауіпті аймақ радиусының шегінде тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық, өнеркәсіптік мақсаттағы объектілерді орналастыруға болмайды.
132. Хлор қоймасынан бастап сұйық хлорды өндірумен (тұтынумен) байланысы жоқ ұйымның өндірістік және қосалқы объектілеріне дейінгі ең қысқа шекті қашықтық танктің саңылауын ашу кезінде түзілетін хлордың бастапқы бөлігінің гравитациялық ағатын ең жоғарғы радиусы шегінде белгіленеді (есеппен анықталады).
133. Хлор қоймасынан бастап жарылыс шығу қаупі бар объектілерге дейінгі ең қысқа шекті қашықтық хлор қоймасы объектілерінің соққы толқынына және жылумен сәулелену әсеріне төзімділігі жағдайлары негізінде анықталады.
134. Сұйық хлор қоймалары, әдетте, басқа ғимараттар мен құрылыстарға қарағанда барынша төмен орындарда және жақын орналасқан елді мекендерге қатысты жел бағытымен желдетілетін жақтан орналасады.
135. Сұйық хлор қоймасының аумағында қойманың кез келген нүктесінен көрінетін, желдің бағыты көрсеткіштер орнатылады. Танкілерде хлор қоймалары бар ұйымдар метеостанциямен және хлордың атмосфераға таралуын болжау жүйесімен жарақталады.
136. Хлор қоймалары биіктігі кемінде екі метр болатын тұтас тұйық қоршаумен, авариялық жағдайдың бастапқы кезеңінде газ толқынының таралуын шектеуге арналған және қойма аумағына бөгде адамдардың өтуін болдырмайтын тұйық, мықтап жабылатын қақпалармен қоршалады.
137. Сұйық хлор қоймасына өрт сөндіру автомобильдері мен газдан қорғау қызметі автомобильдерінің кіру жолы қамтамасыз етіледі.
138. Хлор қоймасының аумағында хлор қоймасында жүзеге асырылатын өндірістік үдерістерге тікелей қатысы жоқ жабдық пен қондырғыларды орналастыруға болмайды.
139. Сұйық хлор қоймасын хлорды сұйылту, буландыру, контейнер мен баллонға құю қондырғыларымен, гипохлоритті, хлор темірін ала отырып, хлорды сіңіру қондырғыларымен, вакуумдау және сығымдап басу үшін сығылған ауаны алу қондырғыларымен бұғаттауға болады.
140. Хлор қоймаларын жер бетіндегі және жартылай тереңірек орналасқан бір қабатты ғимараттарда немесе жер асты құрылыстарда орналастыруға болады.
141. Танкілерде аспа астынан ашық хлор қоймаларын жобалау тиісті негіздеме болған жағдайда ғана орнатуға болады.
142. Жабық сұйық хлор орнату кезінде мынадай талаптар орнатылады:
1) резервуарларда (танкілерде) хлорды сақтауға арналған жер бетіндегі және жартылай терең орналасқан орынжайлар хлор авариялық төгілген кезде орынжайлардың құрылымдарын бұзылудан сақтандыратын құрылғылармен қамтамасыз етіледі;
2) әрбір танкінің астынан сыйымдылығы танкінің толық көлемінен кем болмайтын тұғыр орнатылған;
3) хлор қоймасының есіктері көшіру жолына қарай ашылады;
4) едендер, қабырғалар мен төбелердің қаптамалары, металл құрылымдары хлордың агрессивті әсеріне төзімді материалдардан жасалады.
143. Резервуарларда (танкілерде) сұйық хлорды сақтауға арналған ашық түрдегі қоймалар мынадай талаптарды сақтай отырып жобаланады және пайдаланылады:
1) резервуарлар атмосфералық қалдықтардан және тікелей күн сәулелерінен қорғалады;
2) әрбір сыйымдылық авариялық хлор төгінділерін жинауға арналған тұғырмен (немесе үйіндімен) жарақталады.
144. Төгінділерді шектеу үшін әрбір танкінің астынан қалқа құрылғысы бар едәуір үлкен резервуардың толық көлемінен кем емес сыйымдылықта жалпы тұғырдың болуына жол беріледі.
145. Резервуарларға (танкілерге) арналған тұғырларды жылу өткізгіштігі төмен коэффиценттегі материалдардан жасайды, олар топырақ суларының өтуінен қорғалады, ашық қоймаларға арналған тұғырлар қосымша атмосфералық жауын-шашыннан қорғалады.
146. Резервуарлардағы (танкілердегі) сұйық хлор қоймасы үшін резервтік сыйымдылықтың болуы қамтамасыз етіледі, оның көлемі қойма сыйымдылығын анықтау кезінде ескерілмейді. Резервуарларды орау сызбасында резервтік ретінде олардың кез келгенін пайдалану мүмкіндігі қарастырылады және авариялық сыйымдылықтан (танктен, цистернадан) хлорды көшіру қамтамасыз етіледі.
147. Сұйық хлоры бар құбырлар мен ыдыстарды пайдалану кезінде оларға температураның, қысымның артуына немесе хлормен бірге жарылу қаупі бар қоспалардың түзілуіне ықпал ететін ылғал мен заттардың мүмкіндігін болдырмайды.
148. Хлорды сақтау үшін оны сыйымдылыққа (резервуар, танк, вагон-цистерна, жинағыш) жіберу және шығару желілерінің құрылымы сыртқы құбыр зақымданған кезде сұйықтықтың кері ағып кетуін болдырмайтындай етіп орындалады.
149. Газ тәріздес хлорды алу буландырғыштарды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Буландырғыштар ретінде ағынды жылу алмастыру аппараттары қолданылады. Көлемді буландырғыштарды жобада тиісті техникалық негіздеме болған кезде ғана пайдалануға болады.
150. Жылу тасығыштың шекті температурасы оның қасиеттерін ескере отырып анықталады және сұйық хлор буландырғышының төзімділік сипаты мен құрылымдық жүйесіне сәйкес болады.
151. Газ тәріздес хлорды тұтынуға алып, шығын сыйымдылығы ретінде резервуарды, танкіні, жинағышты пайдалануға болмайды.
152. Теміржол вагон-цистернасын газ тәріздес немесе сұйық хлорды тұтынуға алып, шығын сыйымдылығы ретінде пайдалануға болмайды.
153. Резервуарлар мен вагон-цистерналарды сақтаумен, толтырумен және сүйеп қоюмен, сұйық алмастырумен байланысты технологиялық үдерістер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында технологиялық регламентпен реттеледі және олардың жүргізілуі үшін автоматты өздігінен жазатын аспаптарды пайдалана отырып, тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
154. Сұйық хлорды сыйымдылыққа (резервуар, танк, жинағыш, вагон-цистерна) құю кезінде оны хлор ыдыстары үшін (1,25 кг/дм3) белгіленген нормадан асырып толтыруға жол берілмейді, бұл ретте 117-тармағының талаптары және мыналар:
1) жіберетін желілерде сыйымдылықтың ішінен қысқа сифонды (құятын келтеқұбыр) абгаздарын орнату талаптары сақталады, оның төменгі қимасы сыйымдылықтағы сұйық хлордың ең жоғарғы шекті деңгейіне сәйкес болады;
2) жіберетін құбырда сыйымдылықтың сыртынан сұйық хлордың абгаз желісіне өткені туралы белгі беретін құрылғыларды орнату (71-тармағында қарастырылған тиек вентилінен кейін) талаптары сақталады.
155. Сұйық хлорды төменгі температуралы изотермиялы жағдайларда сақтау кезінде мынадай талаптар орындалады:
1) резервтік резервуардың сыйымдылығы едәуір үлкен изотермиялы сыйымдылықта сақталатын хлор мөлшеріне сәйкес болады;
2) изотермиялы резервуарды сұйық хлордан бөлу міндетті түрде резервтік сорғы болған кезде термо компрессорлық әдіспен және құрғатылған ауамен сығымдау әдісімен сұйық хлорды қотарып алуға арналған сорғыларды пайдалана отырып жүргізіледі (жобада негізделеді);
3) изотермиялы резервуарларды орау сызбасы олардың резервуардың есептік қысымынан артық қысыммен жұмыс істейтін желілермен және аппараттармен қосу мүмкіндігін болдырмайды;
4) өткізгіш құбырлар мен тиек арматурасы суыққа төзімді және хлорға тотығуға төзімді материалдардан жасалады;
5) резервуар орамына кіретін барлық магистральдар қашықтықтан басқарылатын тиек арматурасымен жарақталады;
6) изотермиялы резервуардың сыртқы қабатын жылудан оқшаулау резервуарда белгіленген температураны ұстап тұруға ең жоғарғы энерго шығынының төмендеуін ескере отырып есептеледі;
7) сыртқы қабатты жылудан оқшаулау үшін мынадай қасиеттерге ие-отқа төзімді, сұйық және газ тәріздес хлорға химиялық тұрақты және ылғал өткізбейтін (немесе ылғал өткізбейтін қабықшамен қорғалған) материалдар қолданылады;
8) изотермиялы резервуарды сұйықтандырылған хлормен толтыру режимі оның жоғарғы және төменгі бөліктерінде температураның әр түрлілігінен резервуар корпусында жеткіліксіз кернеудің пайда болу мүмкіндігін болдырмайды.
156. Резервуарды жұмыс режиміне шығару кезінде:
1) тиелетін хлор сапасының сұйық хлор талаптарына сәйкестігін;
2) резервуардың тұтас биіктігі бойынша температураның төмендеуін тексереді.
157. Резервуарға сұйықтандырылған хлор регламенттенген сақтау температурасына дейін салқындатылып түсіріледі.
158. Хлорды изотермиялы сақтау үшін қос қабырғалы резервуарларды қолдану кезінде 138-140 талаптарға қосымша:
1) регламенттенген жұмыс режимін бұзғанда (сақтаныдыру клапандары, тез әсер ететін ысырмалар және басқалары) қысымның артуынан қорғауға арналған ішкі және сыртқы резервуарлар үшін құрылғылардың болуы;
2) қорғағыш құрылғыларды қайталау;
3) ішкі және сыртқы резервуарлар арасындағы кеңістікті шық нүктесіне сәйкес келетін-40°С ылғал құрамына дейін құрғатылған ауамен тұрақты үрлеу;
4) үрленетін газдағы және авариялық дабылдағы хлор құрамын автоматты бақылау жүйесінің болуы;
5) сұйық және газ тәріздес хлорға ішкі резервуардың жанбайтын, құрғақ және химиялық тұрақты жылу оқшаулағышының болуы қарастырылады.
159. Осы Талаптың 126 тармағының 1, 2, 3 және 4 тармақшаларында көрсетілген түрлерге жататын хлор қоймаларының аумағындағы бөлек тұрған буландырғыштарда, хлор ыдыстарын тиеу орындарында, құю-ағызу орындарында және хлоры бар теміржол вагон-цистерналарына арналған тұнба тұйықтарында авариялық хлор лақтырындысын автоматты бақылау жүйелері, қорғағыш сулы бүркемемен және (немесе) қауіпсіз қосылымға дейін сирету көмегімен оларды шектейтін жүйелер және құрылғылар қарастырылады.
160. Газ хлоры қабықшасын сулы бүркемемен шектеу жүйесі ұйымның басқа да қажеттіліктеріне едәуір су шығынын ескере отырып, хлордың ағуын болдырмау үшін қажетті уақыт ішінде үздіксіз жұмыс істеу есебінен су қорымен қамтамасыз етіледі. Шашыратқыштардың, гидранттардың саны мен орналасу орны және қажетті су қоры жобада анықталады және негізделеді.
161. Сұйық хлор төгінділерін көбікпен шектеу жүйесі хлорға химиялық бейтарап көбікті пайдалануды қарастырады.
162. Тұрақты жұмыс орындары жоқ өндірістік орынжайларды жасанды қозғалтқышы бар жалпы алмастырушы желдеткіш жүйесімен жабдықтауға болмайды. Орынжайға кіретін жолдың сыртынан орынжайда хлормен газдану дәрежесінің жоғары екені туралы белгі беретін жарық дабылы және орынжайды санитарлық нормаларға сәйкес орынжай ауасында хлор қосылымын желдету үшін авариялық желдеткішті қосу қарастырылады. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде осы бөлмелерді жылыту жылжымалы желдеткіш-жылу беру құрылғыларымен жүзеге асырылады.
163. Хлор қоймаларында, толтыру станцияларында, буландырғыштарда және хлор жинағыштарда авариялық жағдайды шектеу үшін осы Талаптың 118-тармағына сәйкес газ талдағыштың дабылы бойынша автоматты түрде қосылатын авариялық желдеткіш қарастырылады.
164. Авариялық желдеткіштен шыққан лақтырындылар хлор сіңіру жүйесіне жіберіледі.
165. Тұрақты хлор сіңіру жүйелерінде: жүйеде қолданылатын желдеткіштерді, сорғыларды резервтеу, хлордың сіңіру аппараты арқылы өтуін бақылау қарастырылады.
166. Хлорды авариялық сіңіру жүйесін іске қосу авариялық желдеткіштің іске қосқышымен бұғатталады және 118-тармақтың талаптарына сәйкес болады.
167. Хлорды авариялық сіңіру жүйесінің өнімділігі мен сіңіру құралдарының қоры жобада негізделеді және авариялық жағдайды шектеу үшін жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіледі.
168. Хлорды құю-ағызу, буландыру, танкілерде сақтау учаскелері, хлоры бар контейнерлер мен баллондарды іске қосу және ажырату орындары хлорды жергілікті сору және сіңіру жүйелерімен жарақталады.
6-тарау. Сұйық хлорды құю және ағызу тәртібі
1-параграф. Жалпы ережелер
169. Сұйық хлорды тасымалдауға арналған вагон-цистерналарды, контейнерлер мен баллондарды есепке алу және тіркеу теңгерімінде хлор ыдысы бар толтыру ұйымдарында жүзеге асырылады. Бұл үшін ұйымда мынадай құжаттар жүргізіледі және сақталады (толтыру журналдарының нысандары осы Талапқа 1-қосымшада келтірілген):
1) вагон-цистерналарға:
қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың паспорты;
вагон-цистернаны пайдалану жөніндегі техникалық сипаттама мен ұсыныстар;
жөндеу және толтыру журналдары;
2) контейнерлер мен баллондарына:
барлық қолда бар ыдыс паркінің картотекасы;
толтыру журналы;
сынау журналы.
170. Вагон-цистерналардың, контейнерлер мен баллондардың сыртқы қабатының сыры, ажырату белгілері мен жазбалар ыдысты дайындаушы зауыттың нұсқауларына сәйкес орындалады.
171. Жаңадан дайындалған вагон-цистерналардың, контейнерлердің және баллондарды сырлауды және оларға жазба жазуды дайындаушы ұйым жүргізеді, ал одан әрі пайдалану барысында теңгерімінде хлор ыдысы болатын толтыру ұйымдары жүзеге асырады.
172. Ыдыстың паспорттық деректері көрінбейтін таңба орындарындағы деректер анық көрінетіндей етіп қайта басылады, үстінен түссіз лак жағылып, жиек түрінде ақ сырмен жиектеледі.
173. Сұйық хлормен тек ақауы жоқ, осы мақсатқа арналған вагон-цистерналар, контейнерлер мен баллондар толтырылады.
174. Егер вагон-цистерналар, контейнерлер мен баллондар:
1) басқа өнімдерге арналса;
2) техникалық куәландыру мерзімі өткен болса немесе тұтынушыға вагон-цистернаның, контейнердің немесе баллонның келіп түскен сәтінен бастап 15 тәулік ішінде мерзімі өтетін болса;
3) сақтандыру клапаны мен мембранасын тексеру мерзімі өткен болса (вагон-цистерналарға арналған);
4) ыдыстың механикалық зақымы мен басқа да ақаулары болса (сызат, майысқан жері, пішіннің өзгеруі, тотығып тесілу);
5) жүріс бөлігінің ақауы болса (вагон-цистерналар үшін);
6) тиісті сыр мен жазба болмаса, таңбаны оқу мүмкін болмаса;
7) басқа өнім қалдығы болса;
8) тиек арматурасының ақауы болса;
9) баллондардан алынған сифон құбырлары бөлшектенбесе сұйық хлор үшін пайдалануға болмайды.
175. Бос және толтырылған вагон-цистерналарды, контейнерлер мен баллондарды өлшеумен байланысты барлық операциялар мемлекеттік тексерістен өткен ақауы жоқ жарамды таразыларда жүргізіледі.
176. Ыдысқа құйылатын сұйық хлордың массасы екі тәуелсіз бақылау жүйесінің көмегімен өлшенеді.
177. Хлор құю кезінде ыдыстың (резервуардың, танкінің, вагон-цистернаның, жинағыштың) шамадан тыс толтырылуын болдырмау үшін 154-тармағының талаптары сақталады.
178. Ыдыс белгіленген нормадан тыс толтырылған жағдайда артық сұйық хлор көшіріледі. Көшіру тәртібі технологиялық регламентте көрсетіледі.
179. Сұйық хлорды құю мен ағызуды тұрғызылған және толтырылған ыдыс арасында қысымды төмендету есебінен немесе сұйық хлорды қотарып алуға арналған сорғылардың көмегімен басып тығыздау әдісімен жүргізуге болады.
180. Сұйық хлор мынадай:
1) қойылған ыдысқа құрғақ сығылған ауаны (азотты) немесе басқа ыдыстан немесе термо компрессордан газ тәріздес хлор буын айдау;
2) қойылған ыдыстағы хлор буының қысымы және толтырылған ыдыстан хлор газын алу есебінен;
3) аралас тәсілмен басып тығыздалады.
181. Сығылған газды пайдалана отырып, сұйық хлорды құю-қотару операциялары:
1) хлор аппаратурасын тек тығыздауға, үрлеуге, сығымдауға арналған сығылған ауаны (азотты) дайындау мен берудің автономды жүйесі болған кезде;
2) қоспалардан тазартылған және құрғатылған сығылған ауа (азот) болған жағдайда орындалады. Шық нүктесінің температурасына сәйкес -40ºС аспайтын құрғатылған ауадағы (азоттағы) ылғалдың құрамы шекті ылғалдың жоғарылағаны туралы дабылды автоматты ылғал өлшегішпен үздіксіз бақыланады;
3) сығылған ауаны (азотты) беру жүйесінде хлордың сығылған ауа (азот) желісіне түсуін болдырмау үшін сақтандыру клапанымен және құрылғысымен жарақталған ресивер болған жағдайда орындалады.
182. Басып тығыздау кезіндегі сығылған ауаның (азоттың) қысымы 1,2 МПа аспайды және хлор басып тығыздалатын ыдыстағы қысымнан жоғары, 1 МПа кем емес болады.
183. Сұйық хлорды газ тәріздес хлормен басып сығымдау кезінде қысымның төмендеуі регламенттік құю-ағызу өлшемдерін қамтамасыз ету жағдайларымен анықталады.
184. Вагон-цистерналарда сұйық хлорды жөнелтетін немесе алатын ұйымдар өзінің құрамында хлор қоймасына жақын жердегі ұйымның кіреберіс теміржолдарының тұйық учаскелерінде орналасатын сұйық хлорды құю-ағызу бекеттері қарастырылады. Вагон-цистерналарға қызмет көрсетуге арналған алаңдарда тегіс беті мен кез келген бағыттан цистернаға бару үшін еркін өту жолы болады.
185. Кезекті тасымалдауға және қоюға арналған вагон-цистерналар үшін барлық бір мезгілде жіберілетін немесе келіп түсетін, бірақ 10 аспайтын вагон-цистерналарының бір партиясын орналастыруды қамтамасыз ететін тұнба жолдары (тұйықтар) қарастырылады. Тұнба жолдарының (тұйықтардың) орналасу орны және сыйымдылығы жобада анықталады және негізделеді.
186. Құю-ағызу бекеттері мен тұнба тұйықтары:
1) хлордың ағуын бақылайтын және хлор толқынын шектейтін сыртқы контурмен;
2) тиісті белгілермен;
3) жылжымалы құрам тұйығына рұқсатсыз өтуге және бөгде тұлғалардың кіруіне кедергі келтіретін құралдармен;
4) түнгі тәулік уақытында жарық бергішпен жарақталады.
187. Тұйықта тұрған вагон-цистерналар тіркеледі және жылжуын болдырмау үшін қол тежегішпен немесе башмактармен бекітіледі.
188. Вагон-цистерналар орналасқан тұйыққа өту кезінде:
1) «Тоқта. Жол жабық. Хлор» деген жазбасы бар белгі (өлшемі 0,4х0,6 м);
2) қызыл түсті дабыл;
3) тұйыққа рұқсатсыз кіргізбейтін арнайы бұғаттағыш құрылғы орнатылады.
189. Құю-ағызу бекеттері хлор қоймасына жақын орналасқан бокстарында орналасады.
190. Құю-ағызу бекеттерінде вагон-цистерналарды тұрақты құбырларға ыңғайлы және қауіпсіз қосу үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі.
191. Жер бетінде орналасқан вагон-цистерналарға қызмет көрсетуге арналған платформа (жұмыс орны) сырғанамайтын қабатпен немесе төсеммен, қанаттармен және қоршаумен жабдықталады. Платформа төзімді, жанбайтын болуы қажет және авария болған жағдайда адамдарды көшіру үшін ыңғайлы тұрақты құрылыс сияқты орнатылады.
192. Құю-ағызу бекетінде мынадай тұрақты құбыр жүйелері болады:
1) вагон-цистернаға басып тығыздау үшін сығылған ауаны (азотты) немесе хлорды беру құбыры;
2) сұйық хлорды құю-ағызу құбыры;
3) газ тәріздес хлорды тұтынуға немесе сіңіруге бөлетін құбыр.
193. Вагон-цистернаны құю-ағызу бекетіне қою кезінде және құю-ағызу операцияларын жүргізу алдында вагон-цистерналар екі жағынан тежеуіш башмактармен бекітіледі, жерге қосылады және іске қосылған жағдайда теміржол цистернасында және технологиялық құбырда тиек арматурасын автоматты жабуды қамтамасыз ететін құю-ағызу бекетін аварияға қарсы автоматты қорғау жүйесіне қосатын вагон-цистернаны жылжыту дабылына қосылады.
194. Құю-ағызу бекетіне апаратын бағыт ауыстырғыш жылжымалы құрамның өту мүмкіндігін болдырмайтын күйде орнатылады, ал құю-ағызу бекеті теміржолының учаскесі арнайы құрылғымен бұғатталады.
195. Вагон-цистерналарды тұрақты құбырларға қосу иілгіш түрінде болады, салмақтың өзгеруі есебінен өзінің аспасында вагон-цистернаның тігінен табиғи ауыстырылуын қамтамасыз етеді, жік аралық торапты қосуға ыңғайлы және герметикалы болады. Түйістіру үшін мынадай қосу түрлері қолданылады:
1) шарнирлі айналма қосқыштары;
2) иілгіш металл шлангілер немесе металл бронда арнайы материалдардан жасалған шлангілер.
196. Сұйық хлор сынамасын алу және оның сапасын тексеру технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
197. Вагон-цистерналарға, контейнерлерге немесе баллондарға тиелетін хлордың әрбір партиясымен паспорт (сертификат) ілесе жүреді, онда мынадай деректер қамтылады:
1) өнімнің сапасы;
2) партияның сандық құрамы;
3) толтыру журналының деректері (зауыт нөмірі, ыдыстың таза салмағы, орамымен салмағы, құйылған хлордың салмағы, ыдысты кезекті растау мерзімі).
198. Паспортқа толтыру ұйымының өкілдері қол қояды және оның бір данасы тұтынушыға жіберіледі.
199. Ұйымдарда хлорды құю-ағызуға дайындық және оны жүргізу бақылау тұлғасының басшылығымен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |