Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


Хлорды өндірумен, сақтаумен және қолданумен байланысты объектілерді авариялық құралдармен жарақтау тізімі



бет5/5
Дата13.06.2016
өлшемі456.5 Kb.
#131180
1   2   3   4   5

Хлорды өндірумен, сақтаумен және қолданумен байланысты объектілерді авариялық құралдармен жарақтау тізімі
1. Авариялық жұмысты жүргізуге арналған жеке қорғау құралдары (4-6 жинақ):

1) оқшаулағыш тыныс алу аппараттары (оның ішінде өзін-өзі құтқарғыштар);

2) 100 пайыздық газ тәріздес хлор мен сұйық хлордың төгілуінен қорғауға арналған герметикалық оқшаулағыш костюмдер;

3) құтқару белдігі;

4) ұзындығы 20 м капрон арқан.

2. Хлордың ағуынан қорғауға арналған құрылғылардың, бұйымдардың және аспаптардың жинағы:

1) қорғағыш су бүркемесін жасауға арналған тасымал құрылғылар (кемінде 5 дана);

2) баллоннан хлордың ағуын жоюға арналған «А» жинағы:

авариялық баллонға арналған сауыт;

баллон арматурасына герметикалайтын қалпақ;

баллон корпусынан хлордың ағуын жою үшін тез бөлшектенетін құрылғы;

3) контейнерден хлордың ағуын жоюға арналған «Б» жинағы:

контейнер арматурасына герметикалайтын қалпақ (пайдаланылатын ыдыстың әрбір түріне және әмбебап);

контейнер корпусынан хлордың ағуын жою үшін тез бөлшектенетін құрылғы;

4) теміржол (автомобиль) және танкіден хлордың ағуын жоюға арналған «В» жинағы:

цистерна арматурасына герметикалайтын қалпақ;

цистернаның сақтандыру клапанынан хлордың ағуын жоюға арналған герметикалайтын құрылғы;

цистерна, танк корпусынан хлордың ағуын жою үшін тез бөлшектенетін құрылғы;

5) пайдаланылатын хлор құбырларынан барлық диаметрінен тез бөлшектенетін қамыттар;

6) құбырлардың фланецті құбырларының барлық диаметріне болат тығындар (паронит төсемдер);

7) 5 мм бастап 20 мм дейінгі тесіктерді бітеуге арналған қорғасын конусты0 тығындардың жинағы;

8) сомын кілттерінің жинағы (бекіту қосқыштарының барлық өлшеміне);

9) № 1 және № 2 газ кілттері;

10) сүргілеу аспабы (балға, қысқыш, қосалқы төсемдері бар тұғыр, бұрғылау жинағы бар тескіш, кескіш, монтаждау пышағы);

11) қалыңдығы 3-5 мм өлшемі 500x500 мм паронит табағы;

12) қалыңдығы 5 мм өлшемі 200x200 мм қорғасын табағы;

13) барлық бекітіп қосуға арналған сомындар мен бұрандалар жинағы;

14) қалыңдығы 3-5 мм өлшемі 300x400 мм табақты резина;

15) диаметрі 3-5 мм (15 м) болат (қайралған) сым;

16) вентильдерге арналған майланған толтырғыш.

Аккумулятор шамы (хлор өндіруге және жарылысқа қауіпсіз күйдегі басқа да жарылу қаупі бар объектілер үшін).

Хлорды өндіру, сақтау,

тасымалдау және қолдану

кезіндегі өнеркәсіптік

қауіпсіздік талабына

5-қосымша

Ұсынылатын

Баллондар мен контейнерлерде сұйық хлорды тасымалдауды жүзеге асыратын автомобиль көлігін жарақтау тізімі
1. Көлік құралы мен ыдысты жөндеуге арналған аспаптардың жинағы.

2. Домалауға қарсы тірек.

3. Авариялық тоқтау белгісі немесе қызыл түсті жарқылдайтын шам.

4. «Өтуге болмайды» деген екі белгі.

5. Баллондарды немесе контейнерлерді автомашина шанағына бекітуге арналған құрылғылар мен бұйымдар.

6. Буксир арқаны.

7. Хлор ағысынан қорғайтын тасымал немесе жеке индикатор.

8. Дәрі-дәрмек сөмкесі.

9. Арнайы құрылымдағы екі тасымал шашыратқыш құрылғы.

10. Баллоннан хлордың ағуын жоюға арналған «А» жинағы немесе контейнерден хлордың ағуын жоюға арналған «Б» жинағы (Талапқа 4-қосымшаны қараңыз).

11. Жедел байланыстың ұялы құралы.

12. Хлор контейнерін тасымалдауға арналған автомобильдер үшін контейнерді тегістегіш.

13. Толтырылған сұйық хлорды тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғалар үшін тыныс алу органдарын және теріні жеке қорғау құралдарының шағын жинағы:

сүзгі газ қағары;

оқшаулағыш тыныс алу аппараты;

оқшаулағыш костюм.



Мазмұны


Бөлім, тарау,

параграф




Беті

1-тарау

Жалпы талаптар




2-тарау

Хлорды электролиз әдісімен өндіру кезіндегі қауіпсіздік талаптары




1-параграф

Диафрагмалы әдіспен электролиздеу




2-параграф

Мембраналық әдіспен электролиздеу




3-параграф

Сынап әдісімен электролиздеу




4-параграф

Тұз қышқылымен электролиздеу




5-параграф

Сұйық хлорды өңдеу




3-тарау

Технологиялық жабдық. Құбыр өткізгіштер және арматура




4-тарау

Бақылау, басқару, дабыл және автоматика жүйелері




5-тарау

Сұйық хлорды сақтау




6-тарау

Сұйық хлорды құю және ағыту тәртібі




1-параграф

Жалпы талаптар




2-параграф

Вагон-цистерналарды сұйық хлормен толтыру тәртібі




3-параграф

Сұйық хлоры бар вагон-цистерналарды қабылдау және босату




4-параграф

Контейнерлер мен баллондарды толтыру




7-тарау

Техникалық жабдыққа, құбырларға және оларды жөндеу




8-тарау

Сұйық хлорды тасымалдау




9-тарау

Контейнерлер мен баллондардағы сұйық хлорды тұтынушыларға арналған қауіпсіздік талаптары




1-параграф

Толтырылған хлорды тұтынушыларға жеткізуді ұйымдастыру




2-параграф

Контейнерлер мен баллондардағы сұйық хлор қоймаларын орналастыру және орнату




10-тарау

Жеке қорғау құралдары







Қабылданған қысқартулар




1-қосымша

Сұйық хлорға арналған теміржол цистернасын толтыру журналының нысаны




2-қосымша

Жабық ыдыстағы сұйық бетіндегі хлордың қаныққан буының тепе-теңдік (абсолюттік) қысымы




3-қосымша

Негізгі сыйымдылыққа және жылу алмастырғыш технологиялық жабдыққа және құбырларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге қойылатын талаптар




4-қосымша

Хлорды өндірумен, сақтаумен және қолданумен байланысты объектілерді авариялық құралдармен жарақтау тізімі




5-қосымша

Баллондар мен контейнерлерде сұйық хлорды тасымалдауды жүзеге асыратын автомобиль көлігін жарақтау тізімі







Мазмұны




_______________






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет