Холинергиялық заттардың жіктелуі. М және н – холиномиметиктер немесе ахэ заттар: м-холиномиметиктер



бет12/25
Дата11.09.2022
өлшемі59.24 Kb.
#460535
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
СЕССИЯ ФАРМА-шпор

Әсер ету спектрі бойынша :

  1. Тар спектрлі антибиотиктер : А ) айрықша грамон флораға әсер ететін заттар : бензилпенициллиндер , жартылай синтетикалық пенициллиназаға тұрақты пенициллиндер , цефалоспориндердің 1 - буыны , макролидтер , линкомицин , ристомицин , фузидин , ванкомицин . Б ) айрықша грамтеріс флораға әсер ететін заттар ; голимиксиндер , урендопенииллиндер , монобактамдар

Антибиотиктерді тиімді тағайындау қағидаттары
• Аурудың клиникасын , науқастың жасын , қосымша патологияны ескере отырып АБ тиімді тағайындау қажет .
• Препаратты дұрыс тағайындағанына көз жеткізу үшін қоздырғыштың АБ сезімталдығын анықтау қажет .
• Аурудың клиникалық ағымына және АБ фармакокинетикасына байланысты АБ оңтайлы енгізу тәсілін және оңтайлы енгізу жиілігін қолдану қажет . толығымен
• АБ тиімді енгізу курсы 7-10 күннен аз болмауы қажет . Сонымен қатар антибиотикотерапия курсы үзіліссіз болуы керек . Бұлардың бәрі микроорганизмдердің АБ резистенттілігінің дамуының алдын алады .
• Аурудан айығу үшін , микроорганизмдердің резистенттілігінің алдын алу үшін АБ - ның максималды ( оптималды ) терапиялық мөлшерін пайдалану керек
Пенициллиндер
Пенициллиндер зең саңырауқұлақтарынан алынған алғашқы биосинтетикалық антибиотиктер. Басқа антибиотиктермен салыстырғанда уыттылығы төмен,оны жүктілік кезінде тағайындауға болады. Бірақ бұл топтың АБ на аллергиялық реакциялар жиі дамиды.
Әсер ету механизмі: Пенициллиндер транспептидазаның белсенділігін төмендетеді, нәтижесінде микроорганизмдердің жасушалық қабырғасының түзілуіне қажетті муреин полимерінің синтезін бұзады. Пенициллиндер микробтардың белсенді көбеюі мен өсуі кезеңінде ғана бактерияға қарсы әсер етеді, микробтардың тыныштық кезеңінде олар тиімсіз болады.
Әсер ету әдісі: бактерицидтік.
Жіктелуі:
І.Биосинтетикалық табиғи пенициллиндер
-Парентералды енгізуге арналғандар:
А) Қысқа уақыт әсер ететіндер:бензилпеницилиннің натрий тұзы,калий тұзы;
Б) ұзақ уақыт әсер ететіндер:бензилпенициллин новокаин тұзы,бицилин -1,бицилин-5.
-Энтеральды енгізуге арналған:феноксиметилпенициллин.
ІІ.Жартылай синтетикалық пенициллиндер.
-Парентералды және энтералды енгізуге арналғандар:
А) Пенициллиназаны әсеріне тұрақтылар:оксациллиннің натрий тұзы,нафциллин.
Б) Әсер ету спектрі кең:ампициллин,амоксициллин.
В) Көк ірің таяқшаға қарсы: карбоксипенициллинлер,уреидопенициллиндер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет