Холинергиялық заттардың жіктелуі. М және н – холиномиметиктер немесе ахэ заттар: м-холиномиметиктер


Тромбозға қарсы препараттардың жіктелуі



бет20/25
Дата11.09.2022
өлшемі59.24 Kb.
#460535
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
СЕССИЯ ФАРМА-шпор

Тромбозға қарсы препараттардың жіктелуі:
1.Антикоагулянттар - фибринді тромбтардың түзілуін бұзатын дәрі дәрмектер :
А ) тікелей әсері бар : гепарин және оның препараттары ( фраксипарин , сандопарин , лиотон т.б ) , гирудин , лепирудин , натрий цитраты
Б ) жанама әсері бар : недокумарин , синкумар , фенилин , фепромарон ж.т.б.
2.Фибринолитиктер :
А ) тікелей әсері бар : фибринолизин
Б) жанама әсері бар : стрептолиаза , стрептокиназа , урокиназа , актилизе
3.Антиагреганттар : ацетилсалицил қышқылы , дипиридамол, пентокфиллин , тиклопидин , индобуфен , реополиглюкин.
Тікелей емес антикоагулянттар. Оларды пероральдық антикоагулянттар деп те атайды.
Әсері тікелей емес антикоагулянттарға 2 химиялық заттардың тобы жатады:
А) 4-оксикумарин туындылары -варфарин, неодикумарин, синкумар
Б)индандион туындысы-фенилин
Бұл 2 химиялық топ препараттары К1 витаминінің антагонистері болып есептеледі.
Әсер ету механизмі:К витаминінің эпоксидінің редуктазасын тежейді және К1-эпоксидтің II,VII,ІХ, Х факторлардың синтезін тежейтін К витаминінің белсенді түріне тотықсыздануына кедергі жасайды . Бұл факторлар бауырда К витаминіне тәуелді протромбиннің ,проконвертиннің және бірқатар басқа факторлардың да синтезін тежейді.
Бұл препараттарды қабылдағанда тез арада емес, 8-24 сағаттан соң әсер етеді, яғни баяу әсер ететін кумуляциялық қасиеті бар препараттар . Осыған байланысты әр препарат әсер ету жылдамдығы мен күші , кумуляциялык дәрежесі әртүрлі . Екіншіден бұл препараттар әсерін ұзақ сақтап тұрады . Тек in vivo әсер етеді .


Бронхолитиктердің классификациясы:
І.Бронхтарды кеңейтетін заттар-бронхолитиктер
1. нейротропты заттар
А. Бета адреномиметиктер: сальбутамол, феноторол, изадрин, адреналин
Б. М-холиноблокаторлар: атропин, метацин
2 -Миотропты әсерлі спазмолитиктер: теофиллин,эуфиллин
ІІ. Қабынуға қарсы және бронхолитикалық қасиетті ДЗ
1-Қабынуға қарсы стероидты заттар: гидрокортизон, дексамеитазон, беклометазон
2-Аллергияға қарсы ДЗ:кетотифен
3-Лейкотриендер биосинтезін тежейтіндер: зилеутон
4-Лейкотриендік рецепторлардың тежегіштері: зафирлукаст, монтелукаст


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет