3. Тетрациклиндер – құрылымдық негізі 4-конденсациялық 6-мүшелі циклдан тұратын антибиотиктер.
4. Феникол тобының антибиотиктері (левомицетин).
5. Аминогликозидтер: стрептомицин, гентамицин, изепамин, амикацин, тобрамицин.
6. Пептидті құрылымды АБ: линкозамидтер, полимиксиндер, гликопептидтер (полимиксиндер).
7. Әр түрлі топтағы АБ: рифампицин, циклосерин, фузидин,, фузафунгин, фосфомицин трометанины.
Әсер ету механизмі бойынша :
1 . Микроб қабырғасының түзілуін бұзатын ( бета - лактамды антибиотиктер ; циклосерин ; гликопептидтер : ванкомицин , тейкоплакин ) .
2 . Цитоплазмалық мембрананың қызметін бұзатын ( циклді полипептидтер , полиенді антибиотиктер ) .
3. Нәруыз және нуклеин қышқылының түзілуін бұзатын (левомицетин , тетрациклин тобы , макролидтер , линкозамидтер , аминогликозидтер . фузидин , анзамициндер ) .
Микроорганизмге әсер ету түрі бойынша :
1. Бактерицидті әсері бар антибиотиктер ( жасуша қабырғасына және цитоплазмалық мембранаға әсер ететін ) .
2. Бактериостатикалық әсері бар антибиотиктер ( макромолекуланың түзілуіне әсер ететін )
Әсер ету спектрі бойынша :
1. Тар спектрлі антибиотиктер : А ) айрықша грамон флораға әсер ететін заттар : бензилпенициллиндер , жартылай синтетикалық пенициллиназаға тұрақты пенициллиндер , цефалоспориндердің 1 - буыны , макролидтер , линкомицин , ристомицин , фузидин , ванкомицин . Б ) айрықша грамтеріс флораға әсер ететін заттар ; голимиксиндер , урендопенииллиндер , монобактамдар .
Жөтелге қарсы заттардың жіктелуі
1. Орталыққа әсер ететін жөтелге қарсы дәрілер:
А . Наркотик әсері бар дәрілер: кодеин, морфин, этилморфин гидрохлориді
Б. Наркотик емес дәрілер: бутамират, тусупрекс, глауцин гидрохлориді.
2. Шеткі әсер ететін дәрілер: либексин, фалиминт.
Кодеин орталыққа әсер ететін апиын алкалоиды , фенатрен туындысы . Жөтелге қарсы анық эффект және әлсіз анальгезиялы әсері бар , дәріге тәуелділікті туындатады. Бірқатар құрама препараттардың құрамына кіреді : кодтерпин , панадеин , солпадеин және т.б.
Морфин наркотик анальгетик , апиын алкалоиды , фенатрен туындысы . Жетелге карсы әсер етуі бойынша кодеиннен күштірек , бірақ бұл мақсатта сирек қолданады , өйткені тыныс орталығын тежеп , наркоманияны туындатады . Тек қана өмірлік көрсеткіштерге байланысты , науқастың өміріне жөтел қауіпті болғанда ( өкпе травмасы немесе инфаркт . кеуде ағзаларына операция жасағанда , іріңдеген туберкулома және т.б. ) колданады .
Бутамират орталыққа әсер ететін , апиын алкалоидтарына не химиялык , не фармакологиялық тұрғыдан жатпайтын , жөтелге қарсы дәрі . Сонымен қатар бронхоспазмдық ( бронхылардың тарылуын басатын ) әсері бар .
Қолдануға көрсетімдер : этиологиясы кез келген жіті жөтел ; операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезеңдерде хирургиялық шаралар жасағанда және бронхоскопия кезінде жетелді басу үшін ; көкжөтел .
Жанама әсерлері : бөртпе , жүрек айну , іш өту , бас айналу .
Глаурин сары мүйізді көкнәр алкалоиды . Жөтел орталығын тежейді және онЖ - ға седативті әсер етеді . Сондай - ақ глауцин бронхитке шалдыккан жағдайда бронхылардың тегіс бұлшықеттерінің тарылуын босаңсытады . Препаратты трахеитке , фарингитке , жіті бронхитке , шалдыкканда жөтелді басу үшін тағайындайды.
Жанама әсерлері : тыныс алуды тежеу , какырык түсіру бронхылардан секреттін өндірілуінің токтауы , ішек функциясының бұзылуы , артериялық қысымның төмендеуі , альфа - адренобеrегіш әсері бар.
Окселадин ( тусупрекс ) тыныс орталығын тексемей , көбінесе жөтел орталығына әсер ететін препарат . Өкпе және жоғарғы тыныс жолдарының ауруларына шалдыкканда жөтел ұстамаларын тоқтату үшін қолданады .
Либексин периферияға басым түрде әсер ететін препарат. Либексиннің әсер ету механизмін жоғарғы тыныс жолдарынын сілемейлі қабығын аз анестезиялайтын әсермен байланыстырады .
Препарат өкпеде және бронхыларда кернеу рецепторларын бөгеп , бронхылардың тарылуын жояды . онж - ға әсер етпейді . Жөтелге карсы әсері бойынша кодеинге жетпейді , бірақ тынысты тежеп , дәріге тәуелділікті туындатпайды .
Қолдануға көрсетімдер : трахеитке , бронхитке , грипке , плевритке , пневмонияға , бронх демікпесіне , өкпе эмфиземасына шалдыққанда болатын қақырықсыз жөтел .
Жанама әсерлері : сілемейлі қабықтын шамадан тыс анастезиясы , артериялық қысымның төмендеуі . Қакырык көп болғанда және гипотензиясы бар науқастарға қолдануға болмайды .
Фалиминт тыныс жолдарының сілемейлі қабығына , ауыз және мұрын қуысына , мұрын - жұтқыншаққа жергілікті әлсіз анастезиялық және дезинфекциялық әсер етіп , олар қабынғанда рефлекстердің және жөтелдің туындауын азайтады .
Әсер ету механизмі әртүрлі жөтелге қарсы дәрілердің қолдануға көрсетімдері : құстыратын , ұйқыны бұзатын және тәбетті нашарлататын , әлсіздендіретін жиі және құрғақ жөтелді ауруларға , грипке , жіті ларингитке , трахентке , бронхитке және қақырықсыз әлсіздендіретін жетелмен байкалатын т.б. ауруларға шалдыққанда жөтелге карсы препараттардың қолдану дұрыс болуы мүмкін . Құрғақ плевриттен ауырғанда жиі және ауырсынумен сипатталатын жөтел де , сондай - ақ осы дәрілерді тағайындауға көрсетім болып табылады.
Жөтелге қарсы дәрістерді қолдануға қарсы көрсетімдер : өкпеден қан кеткенде , бронхообструкциялық жағдайларда , трахеобронхылық секрет шамадан тыс өндірілгенде . Бұл дәрілерді қақырықты жөтел болғанда қолдануға болмайды . Жөтелге карсы және муколитик дәрілерді бірге қосып , тағайындауға болмайды .
Достарыңызбен бөлісу: |