Гипотиреоз - калканшабездің гипофункциясы кезінде кұрамында йоды бар гормондардың жеткіліксіздігінен байқалатың организмнің патологиялық жағдайы. Гипотиреоздің негізгі терапиясының әдісі қалқаншабездің гормондармен толықтырғыш терапия жүргізу.
Гипотиреоидизмде негізгі үш патология бар: микседема (ересектерде); креатинизм (балаларда); эндемиялық зоб (біріншілік гипотиреоз). Осыларды емдеу мақсатында келесі дәрілер қолданылады:
Тиреодин - жануарлардан алынған препарат. Оның әсері құрамындағы екі гормондардың әсеріне сәйкес (тироксин және трийодтиронин). Препарат микседеманы емдегенде тиімді.
Жанама әсерлері: аллергиялық реакция, мөлшерін асырғанда тиреотоксикоз дамиды, тахикардия, тершеңдік, әлсіздік, ЖИА және қантты диабет ағымының нашарлауы.
Трийодтиронин гидрохлориді - қалқаншабездің табиғи гормонының құрамына сәйкес келетін синтетикалық заттегі. Препарат салған жерден жақсы сіңіріледі, жылдам әрі қысқа әсер етеді. Қолдануға көрсетімдер және жанама әсерлері тиреоидиннің әсерімен бірдей.
Левотироксин (L - тироксин) - тироксиннің синтетикалық аналогі. Аталған препараттардан айырмашылығы: баяу сіңіріледі және баяу шығарылады. Күніне бір рет кабылданады.
Тиреокомб, тиреотом - синтетикалық кешенді препараттар, кұрамында екі гормоннан басқа калий йодиді бар. Йоддефицитті зобтың емі мен профилактикасына микродозалы йодты қолданады.
Калий йодид - элементті йодтың мөлшері - 100 мкг және 200 мкг (микродоза) таблеткалары йод дефицитін толықтырады. Қарсы көрсетімі: қалқаншабездің гиперфункциясы, йодқа аллергия.
Достарыңызбен бөлісу: |