Хоторнские эксперименты Элтоном Мейо Ақ шляпа


Мореноның социометриялық әдісі



бет3/5
Дата28.04.2023
өлшемі27.48 Kb.
#472981
1   2   3   4   5
эксперименты управления 6 шляпа талдау

Мореноның социометриялық әдісі.
Ақ
«Социометрия» термині латын тіліндегі: socius – дос, серіктес және mеtrum — өлшеу деген екі түбірдің қосындысынан құралған. Аталмыш термин ХІХ ғасырдың соңында бір топтың басқаларына деген ықпалын зерттеу үшін ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен алғашқы рет қолданылады. «Мәртебе» және «әлеуметтік роль» ұғымдары негізгі социометриялық ұғымдар болып табылады. Бұл ұғымдар тұлғаның топтағы орнын сипаттайды.
Қара - кемшіліктері
Социометриялық сауалнама арнайы әзірленген бағдарламасыз жүргізіледі. Мақсаттар, міндеттер тұжырымдалмаған; сауалнама нәтижелерінің қалай қолданылатыны туралы нақты түсінік жоқ.
Социометриялық карта зерттеу объектісімен алдын ала танысусыз құрастырылады. Критерийлер ретінде қарым-қатынастың жалпы жағдайлары таңдалады.
Зерттеуші топтың сеніміне ие бола алмады.
Сауалнама әдістемесін дайындау кезінде респонденттердің жас ерекшеліктері ескерілмеді.
Сары - артықшылықтары
Қарым-қатынас құрылымы белгілі бір критерийлер жиынтығы бойынша бағаланады (бірлескен қызмет жағдайлары)
Социометриялық сауалнама әдістемесінде эмоционалдық қарым-қатынастарды анықтауға мән беріледі, таңдаудың эмоционалдылығын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.
Социометриялық сауалнама көрсеткіштері топтың нақты, толық құрамына қатысты құрылады
Қызыл
Социометрияның көмегімен тұлғааралық өзара әрекеттестікте анықталатын таңдаудың, селқостықтың немесе қабылдамаудың сандық өлшемін шығаруға болады. Социометрия топ мүшелерінің арасындағы ұнатуды немесе ұнатпауды анықтау үшін қолданылады. Аталмыш әдіс өте жедел жүргізіледі, оның нәтижелерін математикалық өңдеп, кесте түрінде шығаруға болады.
Көк
Социометрияны дайындау және өткізу кезендері
1.Оқушыларға парақтар таратылады, өз парақтарын белгілеу және алынған ақпараттың құпиялығына кепілдік береді.
2.Оқушылар жауаптары шын жүректен шығулары тиіс. Алынған нәтижелер тек қана жұмысты жақсартуға қолданылады және басқа ешкім, мұғалімдерді қоса, онымен таныс болмайды.
3.Өткізу нұсқаулары мынадай компоненттерге ие: жұмыс мақсаты, оны өткізу шарттары, тапсырманы орындау туралы нұсқаунамалар, автордың қол кою қажеттілігі және т.б.
4.Әлеуметтік үдеріс негізінен 10-15 минут уақыт алады
Жасыл
Морено социометриялық зерттеулердің үш тәуелсіз саласын бөліп көрсетті:
Динамикалық революциялық социометрия.
Диагностикалық социометрия.
Математикалық социометрия.
Қазіргі таңда мынандай социометриялық зерттеу әдістерін атауға болады:
Танысу тесті - танысу индексі - танысу диаграммасы.
Социометриялық тест – социометриялық көрсеткіш – социограмма, немесе социоматрица.
Рөл сынағы - Рөл индексі - рөл диаграммасы.
Өзара әрекеттесу сынағы - өзара әрекеттесу индексі - өзара әрекеттесу диаграммасы.
Спонтандылық сынағы – спонтандық цитата – спонтандылық шкаласы.
Психодрама – консервация (жазба) – процесс – талдау.
Социодрама – консервация – процесс – талдау.
Тірі газет.
Емдік фильм (қозғалыс).
Жалпы in situ әрекетті зерттеу.


Соломон Аш

Белая шляпа

Американдық психолог және педагог, конформизм бойынша әйгілі эксперименттердің авторы. 1951 жылы орын алған классикалық экспериментте бөлмеге сегіз субъект шақырылды, шын мәнінде, жеті субъект экспериментатордың «сыбайластары» және бірдей қате жауап берді. Эксперимент нәтижесінде сегізінші субъект 75 пайыз жағдайда қате жауаптарды қайталағаны, ал 25 пайызы жүйелі түрде бақылайтыны анықталды.

Желтая шляпа

Экспериментті жасау арқылы, сол кездегі қоғам адамдарының басқа үлкен топ адамдарының пікіріне тәуелді бола алатыны, және оның себептері анықталды.

Черная шляпа

Аш теориясын қолдаушылар ғана емес, сонымен қатар оның жұмысынан бірқатар қарама-қайшылықтарды көрген сыншылар да болды.
Экспериментке қатысушылардың барлығы бір жастобына жататын 8 ер студент болды. Эксперимент 1950 жылдары жүзеге асқандықтан сол жылдардағы американдық мәдениеттің көрінісі деп санады, ал 1950 жылдары Америка өте консервативті болды және басқа көзқарасты ұстанатын кез-келген адамды қудалады. Мысалы, Аштың жұмысын зерттеген американдық зерттеушілер Стивен Перрин мен Кристофер Спенсер 1980 жылы дәл сол экспериментті қайталайды, тест нәтижелері 396 жағдайдың біреуінде ғана субъект қате көпшілікке қосылғанын көрсетті.

Красная шляпа

Мені экспериментінің нәтижесі жылдар өткен сайын актуалдығын жоғалтып жатқаны қуантады. Себебі уақыт ағынымен адамдардың көпшілігі өз ойын нақты әрі қысылмай білдіре алатын индивидке айналуда. Бірақ бұл адамдарды конфирмизммен соқтықпайды деген сөз емес.

Зеленая шляпа

Бұл эксперименттер дұрыс қорытынды жасауға және оны қоғам алдында қорғаудан қорықпауға мүмкіндік беретін өз бойында сыни ойлауды дамытудың қаншалықты маңызды екенін анық көрсетеді. Ақпаратты сауатты жинап, талдауды, пайымдауды, әртүрлі фактілерді бір-бірімен салыстыруды және көпшіліктің пікіріне көнбей, олардың негізінде логикалық пайымдаулар жасауды үйрену қажет. Қалай болғанда да, бұл дағдылар кез келген адамға пайдалы болады.

Синяя шляпа

Эксперимент соңында қатысушылардан топтың қалған бөлігінің айтқандарына неге ергені сұралды. Көптеген адамдар жауаптың қате екеніне сенімді екенін мойындады, бірақ ақымақ болып көрінгісі келмеді, ал қалған бөлігі өзге қатысушылардың дұрыс жауап бергеніне шынымен сенімді болған. Қорытындылай келгенде, адамдар жалпы пікірге қарсы шыққысы келмейді, яғни топтың ықпалынан шыға алмайды. Себебі, көпшілік өздеріне қарағанда ақылды немесе жақсы ақпараттандырылған деп санайды.

Рингльман тәжірибесі (Рингельман әсері)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет