1. Ынтымақтастық педагогикасы.
Мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту, балаға ізгілік тұрғысынан қарау мен оқыту мен тәрбиенің бірлігі болып табылады.
Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымының ерекшелігі:
мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субьект, мұғалім де субьект;
екеуінің бірлік одақта қызмет істеуі, бір-біріне басымдық көрсетпеуі;
жалпы мектеп ұжымының арасында өзара ынтымақ болуы;
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
балаға жеке ізгілік қарым-қатынас;
дидактикалық белсендіруші және дамытушы кешені;
тәрбиелеу тұжырымдамасы;
қоршаған ортаны педагогикаландыру;
-
Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили)
Мақсаты: баланы оның жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, жаны мен жүрегіне жылылық ұялату және баланың танымдық күшін қалыптастыру мен біліммен кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау болып табылады.
Білім беруді ізгілендіру технологиясының тұжырымының ерекшелігі:
ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдары;
бала-табиғат пен ғарыштың туындысы, сондықтан ол мықтылық, шексіздік сияқты қасиеттеріне ие;
бала психикасы дамуға, есеюге және еркіндікке құштар.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Меңгеруге тиіс барлық білік, икемділіктер:
жазу-сөйлеу қарекеті;
математикалық пайымдау, математикалық түсіну;
әсемдікті, әлемдікті сезіну, қабылдау;
өзге тілді меңгеру;
рухани жетілу т.б әдістері;
ізгілік, жеке қарым-қатынас, қарым-қатынас шеберлігі, ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
оқыту арқылы тәрбиелеу.
-
Ойын арқылы оқыту технологиясы
Мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік.
Ойын арқылы оқыту технологиясының тұжырымының ерекшелігі:
Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Мазмұнының ерекшелігі-білімдік, танымдық, шығармашылық, репродуктивтік. Әдістері-пәндік, сюжеттік, рөлдік, іскерлік, драмалық, еліктеушілік.
-
Проблемалық оқыту технологиясы
Мақсаты: білім, білік, дағдыға ие қылу мен өз бетімен әрекетену әдістерін меңгерту және танымдық, шығармашылық икемдікті дамыту болып табылады.
Тұжырымының ерекшелігі:
білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтын үрдіс;
бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;
бала материалды сезім мүшелері арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
оқытуда табысқа жетудің шарттары;
оқу-материалында проблема туғызу;
баланың белсенділігі;
оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Белгісіз х-ке байланысты:
Х-мақсат
Х-іс-әрекет обьектісі
Х-қызмет әдісі
Х-іс-әрекетті орындау шарты.
Әдістеменің ерекшелігі: алдын-ала белгіленбеген, кенеттен;
проблемалық мазмұндау;
эвристикалық;
проблемалық демонстрация; зерттеушілік-лабороториялық жұмыс;
проблемалық жан-жақты эксперимент;
мәселені проблемалық шешу;
проблемалық ситуация (ойын түрінде)
5.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов бойынша)
Мақсаты: білім, білік, дағды қалыптастыру мен жеке мәліметтеріне (әлеуметтік) қарамастан, барлық баланы оқыту және оқытуды жеделдету
Тұжырымының ерекшелігі:
үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;
жеке бағдарлы қарым-қатынас;
ізгілік (барлық бала талантты);
зорлықсыз, еркімен оқыту;
әр оқушының табысының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.
Мазмұнының ерекшелігі:
материал ірі мөлшерде енгізіледі;
материалды блокпен топтау,
оқу материалдарын тірек-схема, тірек конспект түрінде хаттау.
Әдістерінің ерекшелігі:
-
теорияны блоктау;
теориялық материалды сыныпта меңгеру;
үйде де өз бетімен жұмыс істеу;
Бірінші қайталау:
конспект (меңгергенін жан-жақты бақылау)
тірек конспектісіе ауызша баяндау
Екінші бақылау:
жалпылау және жүйелеу;
Үшінші бақылау:
өзара бірін-бірі бақылау
-
практиканы блоктау
практикалық жұмыс(жаттығу)
есеп шығару
нәтиже
Кеңестік дәуірде жеке пәндерді оқыту үрдісінде өз заманында оқытудың жаңаша бір әдістемелік жүйесін қалыптастырып, оқытудың жаңа технологиясын мектеп өміріне белсенді түрде ендіріп, оқушылардың білім сапасының жоғарылығын қамтамасыз етуге қол жеткізгендердің бірі — донецкілік математика пәнінің мұғалімі Виктор Федорович Шаталов болып табылады. Кезінде оның оқыту технологиясы да көптеген қиындықтарға кездесті. Себебі, В.Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесін жаңа жағдайда жұмыс жасауын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, түсіндіру және сипаттау жеткіліксіз болды..
Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федорович Шаталовтың есімі айрықша дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б. жатады(16).
Ерекше әсер қалдыратын нәрсе, бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-тәсілдермен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті түрде, сындарлы бірізділікпен, белгілі бір әдістемелік жүйемен құрылуындағы жетістіктерді көрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі.
Біздің ойымызша, В.Ф.Шаталовтын басты еңбегі – оқыту ісін оқушылардың өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көруінде. Жасыратыны жоқ, “Оқыту әдісі дегеніміз – мұғалімнің оқыту, білім беру, үйрету іс-әрекеті мен оқушының оқу, үйрену іс-әрекетінің бірлігі” деген формулада келтірілген оқушылардың оқу-танымдық іс- әрекетіне назар аударылуына қарамастан, В.Ф.Шаталов мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген белсенділікті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан алғанда, ол кеңестік психологияда тұжырымдалған А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина сияқты ғалымдардың жалпы идеяларын шынайы түрде жүзеге асырып, оларды әдістемелік жағынан “нақыштай” білді.
В.Ф.Шаталов оқушыларының оқу-әрекетінде қандай нақты формалар бар? Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа оқу материалын игеру алдымен мұғалімнің оқу материалының мазмұнын толық түсіндіруі және оқушылардың оны белсенді түрде тыңдауы түрінде өтіледі. Сонан соң оқушылар мұғалім үлестірген тірек сигналды, парақтарды оқып үйреніп және жазып жаттығады. Бұдан кейін оқу материалы бойынша жасалған тірек сигналдарымен қызу жұмыс істеу, осындай конспекті құрастыруға байланысты (шамамен 15-20 сабақта бір рет) шығармашылық жұмыс орындау және т.б. жүзеге асырылады.
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналды парақтары өзінің мәні жөнінен П.Я.Галь-
периннің оперативті әрекет схемаларына, оқытылатын ұғымдары мен белгілері П.Я.Гальпериннің белгілі бір жүйе бойынша акыл-ой әрекетін сатылы түрде қалыптастыру теориясына (теория поэтапного формировангия умственных действий) сай карточкаларға жазылған жұмысқа жақын. Глобальді, іріленген тақырыптар идеясының өзі “меңгерудің негізгі бірліктері” түрінде жүзеге асырылады (П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин және басқалар).
Мұғалімнің оқушылардың өтілген оқу материалын қаншалықты сапалы меңгергендігін бағалау мақсатындағы оқу тапсырмаларын сұрауы да сол сияқты В.Ф.Шаталов оқушыларынан белсенді әрекеттің жаңа формаларын талап етеді. Сөйлеу практикасын, ең бастысы, оқу материалын — оның жоспары мен негізгі бірліктерінің бірізділігін белсенді түрде қайта жаңғырту практикасын дамытып отыратын меңгерілген материалды бәсең дауыспен магнитофонға ауызша айту (бір сабақта 20 оқушыға дейін); бұл жазылғандарды кезектесіп тындау және бағалау — міне, осының бәрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындықтың кажеттігін тудырды.
Оқушылардың оқу материалындағы білімдердің глобальді, іріленген бірліктерін орындауы (басында мұғалімнін ізінше) және олардың жүйелері мен “байланыстарын” бөліп алуы, әрі оларды белсенді түрде жазбаша жаңғыртуы олардың оқуға деген белсеңді іс-әрекетінің дәлелі ретінде көрініп отырады. Сондай-ақ, мұғалімнін күнделікті сабақ сұрау жүйесі оқушылардың үлгерімін кең түрде бағалауға мүмкіндік бергендігін көрсетеді.
В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесінде оқушылар оқу материалының мазмұнын, тірек сигналдарды дауыстап оқығанда біршама қиындықтар туындағанмен, практикалық жұмыс кезінде кейбір сәттер ойдағыдай шықпағанмен, бәрібір, мұнда білімді жинақтау процесі, істің ішкі мәнін терең толғау процесі және жүйелі еңбекке белсене араласу жүріп жатады. Бұған қоса бұл арада қаншама бала ауызша жауап береді. Оқушыға сынып алдында қате жауап беріп, қысылу, өзінің білімсіздігін жұрт алдында көрсету оңай емес.Сондықтан В.Ф.Шаталов өз оқушыларына мұғаліммен бетпе-бет отырғызып, бәсең дауыспен сабақ айтқызған немесе одан да оңайы - оқушыға өз жауабын магнитофонға жазғызған. Білім деңгейі төмен оқушы өзінің магнитофонға жазғанын мүғалімнің ешкімге тыңдатпайтынын және жауабында қандай қателіктер жібергенін ешкімнің естімейтінін жақсы біледі. Бұл өте қарапайым әдістемелік тәсіл өзіне деген сенімділігін қалыптастыруды қажет ететін оқушыларға қаншама рухани күш береді.
Жаңа әдістеменің жетекші принциптерінің бірі — жариялық принципі. Оқушылардың магнитофонға жазғандарын ашық тындау – соның кішігірім элементі(17).
Бір мезгілде бірнеше операцияны орындау: әңгіменің жоспарын есте сақтау, әңгімені өзі айту және өзара байланысты тірек сигналдарының арасындағы абзацтарды толтыруға тиісті материалды ойша қорыту қажеттігі жойылады. Профессор В. В. Давыдовтьң зерттеулері көрсеткендей, бір мезгілде бірнеше ой операцияларын орындау қатты шаршауға немесе бұл операциялардың әрқайсысының ойдағыдай орындалмауына әкеліп соқтырады.
Жаңа терминдермен, есімдермен, даталармен жұмыс істеу жеңілдейді, бұл өз кезегінде күтпеген эффектіге жеткізеді: оқушының сөз сөйлеуіндегі орынсыз қыстырма сөздер іс жүзінде толығымен жойылады. Өзі-ақ айтып тұрғандай бұрын бұл сөздер бір ғана қажеттілік үшін – жаңа сөздер мен тілдік құрылымдар ойлап табуға қажет уақыт өту үшін пайдаланылатын еді.
Тірек плакаттарын пайдаланып ауызша сабақ айту кезіндегі оқушылардың ынта-ықыласы әдеттегіден жоғары, яғни 88-деп 92%-ке дейін (бақылаудағы кластарда 56—60%) болады. Мұндай жағдайда басқа бір конструкцияны қабылдау өте қиын. Бұл арада түрлі салыстырулардың, бір жағынан оқушыны шаршата түсетін, екінші жағынан ынта-ықыласты әлсірете түсетін ішкі қарама-қайшылықтардың болатыны даусыз(18).
Оқулықпен жұмыс істеу. Осының бәрі тұтас алғанда материалды түгелдей есте сақтап қалуға қолайлы жағдай тудырады және әр түрлі зерттеулер көрсеткеніндей оқушының сабаққа дайындалу уақыты, егер әңгіме тек теориялық материал туралы болса, 20 минуттан аспайды, ал бұдан да қолайлы жағдайда 10-15 минутпен шектеледі. Сонымен қатар, тірек сигналдары бар көлемді блокты конструкцияларды есте сақтап қалуды мнемоника тәсілдерін қолдана отырып, прозадан, поэзиялық шығармалардан үзінділерді немесе спектакль қоярдағы дайындық кезіңдегі диалогтарды жаттағандағыдай іске асыру керек.
6. Түсіндіре басқарып -оза оқыту технологиясы (Лысенкова С.Н.)
Мақсаты: білім, білік, дағдыны меңгерту, барлық баланы табысты оқыту.
Тұжырымының ерекшелігі:
Педагогикалық ынтымақтастық тұжырымдары:
табыс- баланы оқыту арқылы дамытудың басты шарты;
сыныптағы қалыпты жағдай (түсіністік, өзара көмек)
қателікті ескерту, жазғырмау;
оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі;
саралау әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы;
бірте-бірте толық дербестікке жету;
нашар оқитын оқушыны білгір оқушы арқылы үйрету.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
-
а) Болашақ білімінің алғашқы бөлігін алдын-ала енгізу.
ә) жаңа ұғым, түсінікті нақтылау, қолдану.
б) оқу әректі мен ойлау қисынының жылдамдығын дамыту.
2. Бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, азайту үшін оза оқыту әдісін қолданады:
қиын тақырып әр сабақ сайын азғантайдан өтіле бастайды;
сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;
1 сыныпта үйге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай(әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі.
ережелерді құр жаттап алуға жол берілмейді.
баланы жинақылыққа баулу;
ата- анамен қарым-қатынас;
оқудағы сабақтастық
-
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы
Мақсаты: әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Тұжырымының ерекшелігі:
Мықтылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады. Күшті топтарда оқуға деген ынта артады, білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында оқу жеңілдейді.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
оқу мазмұны мектептің – арнайы мектептер, гимназиялар, лицей, колледж, жеке меншік мектеп сияқты типтерінің;
гимназия, тереңдетіп оқытылатын сыныптардың;
факультатив, әр жастан біріктірілген топтар;
сынып құрамындағы топтар бағдарламалары негізінде жүзеге асады.
-
Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б.Скинер, Н.Краудер, В.П.Беспалько)
Мақсаты: ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту.
Тұжырымының ерекшелігі: оқыту құралдарының (ЭВМ бағдарламаланған оқулық, кино-тренажер т.б.) көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту кішкентай бөлігі арқылы логикалық бірізділік пен беріледі.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
• сызықтық бағдарлама;
• тармақталған бағдарлама;
• құрастырылған бағдарлама. Әдісі: блоктық және модульдық оқыту. Блоктық (ақпараттық блок, тестілік-ақпараттық, түзету-ақпараттық, проблемалық). Модульдық (блоктық оқытуды дамыту ретінде), оқушылар модульдерден құрастырылған оқу бағдарламасымен жұмыс істейді. Модульдық оқыту технологиясы уақытты реттеумен оқу материалдық мазмұнында ыңғайлатуға мүмкіндік береді.
-
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Мақсаты: ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты “ақпараттық қоғамға” даярлау.
Тұжырымының ерекшелігі:
оқыту — бұл оқушының компьютермен қатынасы
баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
-
информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу;
-
компьютерлік техниканың принциптерін білу.
-
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П.М.Эрдниев)
Мақсаты: математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу, пәндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау.
Тұжырымының ерекшелігі:
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру оқытудың төмендегі нақты жолдарын:
-
өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру; 2. есеп құрастыру және шығару үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету; 3. деформацияланған жаттығулар әдісін; 4. тура есепті кері есепке және керісінше айналдыру; 5. математикалық білімінің күрделілігіне орай, жүйелі де тиянақты білім беру; 6. берілетін тапсырмаларының баланың ойлау операцияларын меңгеруін, логикасын дамытуға әсерлі болуын ұсынады.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
· бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеру;
· өзара қарама-қарсы ұғымдарды салыстыру;
· тұтас және қарама-қайшы ұғымдарды сәйкестендіру, салыстыру.
· жаттығуларды орындау, есептер шығаруда амалдардың орындалу тәртібін (жұмыс кезеңдерін) реттеу.
-
Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р.Г.Хазанкин)
Мақсаты: барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту, балалардың математикаға қызығуын туғызу және таланттарды тәрбиелеу.
Тұжырымының ерекшелігі:
· математиканы оқыту-есеп шығаруға үйрету; есеп шығаруға үйрету-типтік бірліктерге типтік есептерді шығаруға үйрету.
· “қиын” және “дарындылармен” жеке жұмыстану; жеке және ұжымдық іс-әрекеттің табиғи байланысы.
· ересек оқушылар мен төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынасын орнықтыру;
· сабақ кезіндегі және сабақтан тыс мезгілдегі жұмыс түрлерін байланыстыру
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелілігі:
-
есеп шығаруға “кілтін” табу, яғни:
· есептерді әр түрлі әдістермен шығару;
· бірін-бірі тексеру арқылы есептердің шығарылуының дұрыстығына көз жеткізу;
· өз бетінше есептер құрастыру; конкурс, олимпиадаларға қатысу.
-
сабақ-консультация дайындалған карточкалар бойынша өткізіледі;
· есептер мазмұнына, шығарылу әдісіне, күрделілігіне қарай іріктеледі;
· әр түрлі карточкалардағы есептерге ұқсас бір есептің шығарылуы көрсетіледі.
· барлық оқушы үшін маңызды мұғалім пікірі бойынша есеп алынады;
-
есеп-сабақ
-
сыныптан тыс жұмыс математикалық сайыс, математикалық олимпиада; КВН;
· математикалық кеш.
-
Өздігінен даму технологиясы (М.Монтессори)
Мақсаты: жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу мен бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.
Тұжырымының ерекшелігі:
· оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) бала өзін-өзі дамытады.
· Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге “мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер” деуіне жету;
· баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі-оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.
· жеке және әлеуметтік дамудың бірлігі;
· сезімде жоқ нәрсе ақыл да болмайды.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
· ортаның тәрбиелік рөлі;
· Монтессори материал — баланың өздігінен дамуы мүмкіншілігінің пайда болуына әсер ететін, педагогикалық дайындық ортасының бөлігі.
· Монтессори — материал дүниені танып қабылдаудың психологиялық қаруы, құралы.
· оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді;
· мектепте сабақ болмайды, әр күн жалпы жиыннан басталады;
· жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады, біреу математика, келесі бәрі әріптер жазумен, т.б. нәтиже талданады.
· баға болмайды, бірақ әр бала өз еңбегіне орай үлкендердің не басқа бала тарапынан бағаланады. Ең бастысы оқушы өзін-өзі бағалайды.
-
Дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов)
Мақсаты: бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту. Дамыта оқытудың басты мақсаты: баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Тұжырымының ерекшелігі:
Оқыту дамытудың алдында жүруі керек; дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
· Дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған; Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.
14. Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі.
Мақсаты: жеке адамның жоғары дәрежеде дамуы мен жан-жақты гармониялық даму үшін жағдай жасау.
Тұжырымының ерекшелігі:
Дамудың тиімділігі үшін:
· кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму;
· мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы;
· теориялық білімнің жетекші ролі, жоғары қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел ілгерілеу;
· оқу үрдісін баланың сезінуі;
· оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту;
· барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстар.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Бастауыш сатыдағы оқыту мазмұны жан-жақтылығымен ерекшелінеді: 1-сыныпта-дүнитетану, 2-сыныпта-география, 3-сыныпта–тарихтан әңгімелер енгізіліп, бейнелеу өнерінен музыкадан, әдеби кітаптар оқуға үйрету; әдептік әліппесі, әсемдік жайлы, еңбек жайлы мағлұматтар беріледі. Танымдық қызығушылыққа негізделген–дидактикалық ойындар, пікірталас, ойды, қиялды ұштайтын есте сақтауға үйрететін әртүрлі әдістер қолданады.
-
В.М.Монаховтың технологиясы
Мақсаты: 1. оқытудың тұтас технологиясын жобалау; алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу; мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру; 2. оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу жәнетүзету жұмысының жүйесін жасау, жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау; жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру.
Тұжырымының ерекшелігі:
Технология мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістемелерді жоспарлауына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі обьект–оқу тақырыптары, дидактикалық модуль, әр пакеттің өзінше қамтитын нақты мәселелері болады.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Әдістемелік технология (В.М.Монахов бойынша) оқу үрдісінің методикалық мазмұнын басқару технолдогиясы, оқу үрдісін неғұрлым мақсатты жобалап құру жүйесі. Бұл технология мынадай кезеңдер арқылы жүзеге асады: 1-кезең. “Оқытудың жаңа технологиясының теориялық негіздемесі” пакетін түзу. 2-кезең. “Берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық жұмыстар” пакетін түзу. 3-кезең. “Берілген дидактикалық модульды жүзеге асырудағы мұғалімнің әдістемелік құралдары” пакетін түзу. 4-кезең. “Берілген дидактикалық модульды жүзеге асыруда технологиялық ойлардың жүзеге асуының нәтижесін өлшейтін өлшемдер (критерий) мен әдістер” пакетін түзу. 5-кезең. “Оқытудың жаңа технологиясын меңгеру мәдениеті” пакетін түзу.
Модульдік оқыту технологиясы (М.М.Жанпейісова)
Модуль дегеніміз-міндетті түрде оқушының білімі мен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульды құрастырудың негізіне пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блогына сәйкес келеді. Бірақ, тақырыптан айырмашылығы – модульде: тапсырма, жұмыс, оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгей – бәрі өлшеніп, бағаланып отырады.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклы ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу және қорытынды.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Бұдан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (1-12 минут ішінде)сызба, кесте, т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) “өсу” бағытымен-қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше рет қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Сөйлесу(әңгімелесу) бөлімінде танымдық процесс негізінен, сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы белсенді әрекет етуіне сәйкестендіріп құрылады. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі сабақ формаларын (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар т.б) қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатында, кейіннен-алынған білімді талдау, бекіту және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3,4-ші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.
ІІІ-ші деңгей-білім стандарттарының талаптарына сай қарапайым білім мен түсініктер деңгейіндегі тапсырмалар (“жеңілдетілген” стандарт), ІІ-ші деңгей-стандарт талаптарына сай алған білімдерін талдау және қолдану деңгейіндегі тапсырмалар (“стандартты”), І-ші деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне-интеллектуалды және креативті дарынды балаларға арналған шығармашылық пен ізденушілік сипаттағы тапсырмалар (“стандарттан жоғары”).
Оқушылар кез — келген деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең — кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындай алу шамасына қарай таңдауға ерікті. Жеңілдетілген деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезеңінен-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады. Олар — кеңесшілер, жүргізушілер, т.б. ролдерді атқара алады.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданып, оқу модулінің осы бөлімінде беріледі.
Модуль оқушыда өз бетімен еңбектену, оқу-танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен, жоғарыда аталғандарды жүйелей отырып, модульдік оқыту технологиясы құрылымының нұсқасы мынадай:
-
Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
-
Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы немесе тарау бойынша жасалған жалпы модульмен таныстыру.
-
Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі-сызбалар, кестелер, т.б. негізінде)
-
Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесіе әр сабақтабағалап отыру.
-
Жалпы тақырыпқа, тарауға (“өсу” бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену.
-
Тұтас тақырып бойынша тестілеу.
-
Тақырып бойынша қалыпты сынақ (өзіндік жұмыс, бақылау жұмысы, т.б.).
Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі.
Ол:
-
ақпараттардың аяқталған блогынан;
-
оқушы іс-әрекеті бағдарламасынан;
-
бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік оқытудың басқа жүйелерінен ерекшелігі мен айырмашылығы:
1. Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекеленген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып, онда тек оқылатын мазмұн көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгеру деңгейі де анықталады. Сонымен қатар оқушы мұғалімнен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады.
2. Мұғалімнің оқушылармен қарым — қатынас түрі өзгереді. Ол модульдер арқылы, басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым-қатынас процесі арқылы жүзеге асады.
3. Оқушы көп уақыт өз бетінше жұмыс атқарады, ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға, өзін бағалауға үйренеді.
Модульдік оқытудың ерекшеліктері:
1. Модульдік оқытудың мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.
2. Модульдік оқыту іс-әрекет принципіне негізделген; оқушының кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі.
Сондықтан, мұғалім тапсырмаларды дайындағанда оқушыларды оқу мақсатына бағыттайды, оның қабылдауына жағдай жасайды, балалардың өзін — өзі бақылау және бағалау жүйесін анықтайды, сол арқылы өзін — өзі басқаратын рефлексивті оқыту процесін қамтамасыз етеді.
3. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген:
Егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының көмегімен орындайтын болса, онда ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясының жетілуіне септігін тигізеді, өйткені ол бүгін басқалардың көмегімен орындаған тапсырмаларды ертең өзі орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да, оқушы актуальды даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады.
Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап, оқу әрекетінің әр түрлі формада ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады.
4. Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған.
Бағдарламалы оқытудың мынадай белгілері: іс-әрекеттегі нақтылық логика, белсенділік және оқушының өзінше жұмыс істеу мүмкіндігі, жеке жұмыстың қарқыны, нәтижелерді салыстыру, өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау – модульдік оқытуға да тән.
5. Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі оқыту процесін оңтайландыруды, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырып жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қараев Жауынбай Амантұрұлының деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Балалардың таным қабілеттеріне сай төрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі.
Ж.Қараев деңгейлік тапсырмаларда:
1- жаңа өтілген тақырыпты қайталап, пысықтау, ереже жаттау
2- ойлау қабілетін жетілдіру
3- танымдық іздену (эвристикалық)
4- ұғым, түсінік, қиялын тәжірибеде қолдану талаптарын қояды.
Жеке тұлғаның біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және білім деңгейін айқындауда деңгейлік тапсырмалар барлық білімгерлерге ұсынылады. Олар жұмыла іске кіріскенде, мұғалім үлгерімі төмендерге дербес, жекелей көмек бере алады. Бірінші деңгейдің “міндетті”, “оқушылық” жұмысын жаппай орындау мемлекеттік стандартқа сай жүргізіледі. Әр деңгейлік тапсырма бойынша ұпай саны белгіленіп, рейтингтік жүйемен жинақталып, мониторинг бойынша бағаланады. Жоғары деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындаса, ұпай санының артуынан көтеріңкі баға алуына мүмкіндік беріледі, дамытаоқыту жүзеге асады.
Деңгейлік тапсырмалар даярлауда:
1. Меңгерген білімді қайталау, пысықтау, тақырыптың өмірмен байланыстылығы
2. Тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға танымдық ойындар: сөзжұмбақтар, басқатырғылар, өзгертпесөз, сөзөрім және т.б. пайдалану
3. Танымдық қабілеттерін дамытатын ойын элементтерін енгізу, диаграмма, графиктер, тірек сызбалар сызу, ой қорыту
4. Ұғым, түсінік, қиял, ой еңбегіне негізделген өзіндік жұмыс, реферат, баяндама т.б. назарда болуы тиіс.
Бұл технологияның ерекшелігі: әр тұлға өз бетінше жұмыс жүргізуге дағыдыланады. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес ойлау қабілеті артады, жасқаншақтықтан арылады. Білім берудің жаңа мазмұны тұлғаның білімін, білігін, дағдысын емес, оның білім алу арқылы дамуына ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясындағы төрт деңгейлік тапсырмаларды барлық оқушылардың толық орындауы талап етіледі. Әр деңгейдегі тапсырманың орындалуына қарай ұпаймен белгілеп, рейтингтік жүйемен есептеледі де, мониторинг бойынша баға қойылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы
|
Мақсаты
Деңгейлер
Маңыздылығы
Нәтижесі
|
қабілеті мен мүмкіндігіне қарай
топтардың ерекшелігіне бейімдеу
оқуға деген ынтасын арттыру
оқушылық
алгоритмдік
эвристикалық
шығармашылық
қиындықты жеңіп, қызығушылығының пайда болуы
жаппай жұмысқа кірісуі
бос отырған оқушының болмауы
оқушы білім деңгейін, білімпаздығын дамытуы
ізденіс дағдысы, шығармашылық қабілетті дамытуы
білім деңгейін, мүмкіншілігін, іскерлігін дамытады
мақсатқа жетелей алатын оқушы
шығармашылық тұлға тәрбиелеу
|
Достарыңызбен бөлісу: |