Сiлтеме
-
«Егеменді Қазақстан», 2003, 4 тамыз.
-
Қожамқұлов Т. Профессионально-техническое образование в Казахстане, Алма-Ата, 1962
-
Асылбеков М., Нурмухамедов С., Пан Н. «Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане (1946-1965 гг.), 1979.
-
ҚР ОММ 81 қор, 1 тізбе, 30 іс, 35-36, 41 пп
-
Михайлов Ф.К. «Профессионально-техническое образование в Казахстане», 1962.
-
Богенбаева А.К. «История развитие нородного образование в Восточном Казахстане в 20-30гг.»
-
Мышко Н. Рост образовательного уравния населения Казахстана в период построения социализма (1917-1937)
-
Қожамқұлов Т. «Профессионально-техническое образование в Казахстане», 1962.
-
Богенбаева А.К. «История развитие нородного образование в Восточном Казахстане в 20-30гг.»
-
«Утебалиев Ж. История развития народного образованиия в Казахстане в годы 1928-1932. 35 –б.
-
Ескеев Ж. Педагогическое образование в Казахстане 1917-1930. 105-110 б.
-
Кенжебаев «Роль рабочих факультетов в подготовке кадров советской интеллигенции в Казахстане (1921-1940гг.)» 25-б.
-
Кенжебаев «Роль рабочих факультетов в подготовке кадров советской интеллигенции в Казахстане (1921-1940гг.)» 26-б.
-
Сулейменов Р.Б. Великий Октябрь и культурные преобразования в Казахстане. Алматы, 1987, 88 – б.
-
Михайлов Ф.К. «Профессионально-техническое образование в Казахстане», 1962.
-
Уманов Г.А. История создание и тенденции развития профессионально-технического образования в Казахстане. Дисс. ... к.и.н. Алма-Ата. 1970, 1-2 часть 135 бет
-
Джанабаева Р.А. История создания и развития профессионально- технического образования в Казахстане: Дисс. ... к.и.н. Алматы, 1989.
-
Табылдиев Х.Б. Қазақстанда сауатсыздықты жою: тарихи тәжірибе және тағлым /1917-1941 ж./. т.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін. Алматы 1997 50-б.
-
Беткенбаева Ш. К. Борьба за осществление ленинского декрета о ликвидации безграмотности среди населения в Казахском ауле
-
Бакулина Т.И. Роль добровольного общества «Долой неграотность» в осуществлении ленинского плана культурной революции /1923-1936 гг./. Дисс. .. к.и.н. Ленинград. 1984
-
«Утебалиев Ж. История развития народного образованиия в Казахстане в годы 1928-1932. 35 –б.
-
ҚРОМА, 81-қор, 1-тізбе, 453-іс, 18-б.; 441-іс, 230-б.
II- тарау
Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарының даму үрдісі: қиыншылықтары мен жетістіктері
2.1 Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарының проблемалары
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында халық арасында сауатсыздықты жою науқаны кезінде республиканың барлық облыстарында арнайы орта білім беру ісіне көп көңіл бөлінді. Кәсіптік білім беру республиканың барлық облыстарында қолға алынды. Кәсіптік-техникалық оқу орындары ауыл шаруашылығы мен өндіріске қажетті мамандарды дайындағандықтан республиканың экономикасының дамуында шешуші роль атқарғаны түсінікті.
Кеңестік билік пен партияның алдына қойған маңызды мәселелерінің бірі – қоғамдық-саяси өмірге еңбекші әйелдерді тарту болған еді. Бұл міндеттің орындалуы барысында қазақ әйелдері арасынан да жоғары білікті маман кадрларды даярлау ісінің біршама алға басқандығын атап көрсетуіміз керек. Кеңес өкіметінің орнағаннан кейінгі алғашқы кезең жылдарында жоғары оқу орындары мен жұмысшы факультеттерінде 62 әйел оқыды. Соның ішінде 6 қазақ қыздары болған екен. Бұл аз да болса сол тарихи кезеңдегі маңызды көрсеткіш болатын-ды.
Риддерлік мектеп аймақтағы кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің тұрақсыздығының нақты дәлелі бола алады. Өйткені, Губерниялық халыққа білім беру бөлімі жүргізген 1929 жылғы зерттеулер бойынша осы мектеп оқушыларының 14 адамы сауатсыздықты жоюға байланысты жүргізілген іс-шараларға да қатыспағандығы белгілі болды./1/ Яғни, деректердің көрсетуіне қарағанда техникумдарда оқып-жаза білмейтін тыңдаушылар да жиі кездесетін еді. Сонымен бірге, қосымша дайындықты қажет ететін тыңдаушылар да жеткілікті болған. Мәліметтер бойынша бұл бір ғана техникумға тән нәрсе емес болатын-ды.
Семей қаласында орналасқан жалғыз кәсіптік-техникалық мектептің жағдайы өте төмен деңгейде болған. 1923 жылы бұл кәсіптік-техникалық мектепті алғаш түлектері бітіріп шықты. Жыл сайын түлектер саны 30 адамнан аспайтын, орта есеппен олардың 7-10 ғана жоғарғы оқу орнында білімін жалғастырса, қалғаны Семей немесе көршілес губерниядағы өндіріске жұмысқа орналасатын болған. 1930 жылы кәсіптік мектептің бюджеті еңбек ақы төлеу жағынан ғана «қанағаттандыратындай» деп бағаланды. Бірақ, стипендия мөлшері студенттің күнделікті өміріне жетпеді. 1929 жылы 119 оқушыға бюджеттен және құрылыс жұмысшылар одағынан шағын мөлшерде 50 адамға стипендия бөлінді. /2/
Семей губерниясында кәсіптік-техникалық білім жүйесінде тұрақты қызмет етуші ұйымдармен салыстырғанда жастардың көп бөлігін оқытатын курстар ерекше орын алды. Курстар қысқа мерзімде және оларды ашқан өндірістік мекемелер қаражаты негізінде жұмыс істеді. 1920-1939 жылдары тұрақты түрде келесі курстар жұмыс істеген:
1) Кеңес қалалық қызметкерлердің бухгалтерлік-есепші одағының курсы (Одақ қаржысы бойынша)
2) Жер өлшеушілер дайындайтын курс (мемлекеттік жерді басқару басқармасының қаржысына)
3) Қазақтың кооперативтік-есепшілер даярлайтын курс (Губерниялық одақ қаржысы негізінде)
4) фельдшерлік курсы (мемлекеттік жерді басқару басқармасының ветеринарлық бөлімшесінің қаржысына)
5) Орысша машина жазу мен киім пішу және тігу курстары. (оқушылардың қаржысымен толық төленетін)
Жоғарыда аталған курстар Семей губерниясындағы барлық оқуға ынталы жастарды қамтамасыз ете алмады, оған қоса шаруашылықтың сұранысын қанағаттандырмады. Курстардың жұмыс істеу тәжірибесі жеткіліксіз еді, дегенмен, курстарды бітіріген жастан жұмысқа орналасуға деген талпынысы өте жоғары болған.
Бухгалтерлік-есепшілер мен машина жазу курстары маманданған білім берудің Басты басқармасының жоспары бойынша құрылды. Басқа курстар жоспар бойынша жұмыс бағытына қарай өндірістік жерлерде құрылды. Алғашқы кезеңде қаржы тапшылығына байланысты курстар нашар ұйымдасқан және халықтың аз бөлігін қамтыды. Сондықтан сауатсыздықты жою науқанымен кәсіптік-техникалық білім беруді қатар алып жүру оңайға түспеді. Дерек көздеріне қарағанда, осындай күрделі жағдай 1920 жылдан 1931 жылға дейін сақталды. Соған сәйкес кәсіби-техникалық білім берудің оқу орындар жүйесі құрыла бастаған алғашқы уақыттарда, олар халыққа білім берудің жоғарғы органдарының стандарттарына сәйкес болмады.
Сол кезеңге тән облыстағы арнайы орта білім берудің ерекшелігі кәсіптік-техникалық мектептердің сан жағынан көбеюі болатын. Техникум басшылары білімнің осы саласының сапалық деңгейіне көп көңіл бөле бастады. Сапаға бетбұрудың алғашқы қадамы ретінде губерниялық халыққа білім беру басқармасы кәсіптік мектептердің санын көбейтуден бас тартты, себебі олардың барлығын техникалық жағынан және оқытушылармен қамтамасыз ете алмайтындығын түсінген-ді.
1934 жылғы жағдаймен танысатын болсақ, есеп кестелері әр түрлі қайшылықты мәліметтер жиынтығынан тұрады. Мысалы, оқу орындарының саны туралы мәліметтер бірдей болса, оқушылар саны, стипендия мөлшері және оқытушылар саны туралы деректер әр түрлі болып келеді. Егер Губерниялық халыққа білім беру басқармасының есеп беруінде Семейлік ауыл шаруашылық техникумындағы оқушылар саны келтірілсе, техникумның сол кезеңге сәйкес есеп беруінде басқа сандар келтірілген. Осындай сәйкессіздік әрбір бесінші құжатта кездеседі.
Сонымен 1934 жылдың орта кезінде Шығыс Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындары мен оған сәйкес оқушылар саны 2-кестеде берілген. /3/
1934 жылға дейін жыл сайын Семей облысында шығарылатын түлектер 500-ден аспайтын еді. Жаңа кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарын ашу үрдісі баяу жүрді, ал курстар саны қысқарып, кейде 7-8-ге дейін көбейіп отырды.
2-кесте 1934 жылдың орта кезінде Шығыс Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындары мен оқушылар саны
Атауы
|
Оқу орындар саны
|
Оқытушылар мен қызметшілер саны
|
Оқушылар саны
|
Орыс педагогикалық техникумы
|
1
|
13
|
166
|
Қазақ педагогикалық техникумы
|
1
|
16
|
268
|
Өндірістік-экономикалық техникумы
|
1
|
16
|
108
|
Ауылшаруашылық техникумы
|
1
|
12
|
208
|
Қарқаралы пед. техникумы
|
1
|
15
|
100
|
Өскемен педагогикалық техникумы
|
1
|
9
|
136
|
Кәсіптік-техникалық мектеп
|
1
|
10
|
117
|
Киім пішу және тігу курсы
|
1
|
2
|
57
|
Орысша бухгалтерлік курсы
|
1
|
6
|
75
|
Қазақша қаржы-есеп курсы
|
1
|
11
|
43
|
Машина жазу курсы
|
1
|
3
|
59
|
Қазақ-жасөспірімдер курсы
|
1
|
7
|
157
|
Жасөспірімдердің фабрика-зауыттық училищесі
|
1
|
6
|
54
|
Облыс бойынша барлығы:
|
12
|
126
|
1636
|
Достарыңызбен бөлісу: |