I. 1920-1930 жылдары Қазақстанда кәсіптік–техникалық оқу орындарының қалыптасуы және олардың әлеуметтік бағыттылығы



бет3/5
Дата07.07.2016
өлшемі1.01 Mb.
#181997
1   2   3   4   5

Қарастырып отырған кезеңде ақылы түрде болған курстарды бітірген түлектер саны кәсіптік-техникалық оқу орнын бітіргендердің санынан асып отырды.

Дегенмен, уақыт өте келе жоғарыда аталған оқу орындары білім беру жүйесінде өз орындарын таба бастады және оларды бітірген түлектер мамандықтары бойынша жұмысқа тұрды. Маманданған жұмысшыларға деген қажеттілік елімізде индустриаландыру саясатының жүзеге асырылуы мен 1931-1933 жылдардағы аштықтың салдарынан 2 млн астам қазақтардың қырылып қалуына байланысты жоғары деңгейде қала берді. Еліміздің тарихындағы мұндай қасіретті жағдай өз кезегінде жаңадан ашылған өндіріс орындарында жұмысшы күші жетіспеуіне алып келгені белгілі. Бұл партия басшылығына жұмысшы күшті сырттан шақыруға қолайлы жағдай туғызған еді.

Аштық пен күштеп ұжымдастыру салдарынан кейін ауыл шаруашылық өндірісін қалпына келтіру шараларына байланысты республика бойынша агротехникалық кәсіби мамандарға деген сұраныс артты. Жауапкершілігі жоғары механик-құрылысшының жұмысын сәйкес мамандық бойынша мектеп бітірмеген, ал мектептерде оқытушы қызметін педагогикалық мамандығы жоқ адамдар атқарды. /4/

1926 жылдан бастап біртіндеп орталықтың бағдарламасына көшуге байланысты білім сапасы жақсара бастаған. Білім сапасының жақсаруына септігі тиген шаралардың бірі республика бойынша халыққа білім беру есебінің жылдық қорытындысы бойынша отырысында кәсіби-техникалық білім беретін оқу орындарының түлектерінің жұмысқа орналасқаннан кейін айқындалатын кемшіліктері туралы талқыланып, оларды жоюға қатысты арнайы шешім шығарып отыруында деп ойлаймыз. Түлектердің білімдеріндегі кемшіліктерді жою және техникум жұмысының білім деңгейін жоғарлату мақсатында, алдыңғы жылға арнайы оқу орындарында дайындық курстарының сапасын көтеру керек деген шешім жасалды. Оқу жылы қыркүйектің ортасында басталып, маусымның басында аяқталды. Сабақ кеш басталса, өтілмеген сағат жазғы демалыс уақытынан алынды.

1920-1939 жылдары республика бойынша арнайы орта және жоғары білімді мамандардың жетіспеу сезілді, бірақ бұл олқылық барлық кәсіптік-техникалық білім беретін ұйымдарға тән болатын. 1927 жылы білім беру мекемелерінде өзгерістер болды. Бұл кезде техникумдарға қосымша білімді оқытушылар шақыртылған болатын, олар жоспардан тыс жұмыс істейтін мұғалімдердің жарты жұмыстарын өздеріне алды. Осыдан бастап мұғалімдер айына 30 сағат көлемінен аспайтын сабақ берді.

1930-шы жылдың басынан оқу мекемелерінің педагогтар құрамында айтарлықтай өзгерістер болды. Әрбір техникум мен кәсіптік-техникалық мектептерде жалпы пәндер бойынша оқытушылар саны жетерлік еді, бірақ мамандық бойынша арнайы пәндерді беретін оқытушылар жетіспеді.

1935 жылға қарай кәсіптік-техникалық оқу орындарында кеңес қоғамының талаптарына сәйкес білім берудің жаңа әдістері енгізіле бастады. Алайда Батыстың педагогикалық ойының жетістіктері, Еуропа мен Американың кейбір білім беру жүйесінің озық тәжірибесін пайдалану кеңестік идеологияға жауап бермейтін еді.

Жалпы алғанда 1920-40 жылдары республиканың кәсіптік-техникалық білім берудің дамуында тұтас комплексті кемшіліктер болды, алайда бұл кемшіліктер барлық оқу жүйесіне тән еді. Кәсіби-техникалық білім беретін оқу орындарының ең басты кемшілігі – олардың материалдық-техникалық тұрғыда жабдықталуы мен оқу-әдістемелік құралдарының жеткіліксіз болуында еді. Екіншіден, кәсіби-техникалық оқу орындарының білікті педагог мамандармен қамтамасыз етілуі өте төмен деңгейде болды. Оқу орындарының педагогикалық ұжымы мамандық жайлы мүлде түсінігі жоқ адамдардан жасақталды. Барлық кәсіби-техникалық білім беретін оқу орындары мектеп үлгісінде құрылды және олардан ешқандай айырмашылығы болмады.

Бірте-бірте құрал-жабдықтар мен оқулықтар қорының жиналуына байланысты кәсіби-техникалық оқу орындарының соғысқа дейінгі тарихында техникумдар бірқатар кемшіліктерін жойып, қызмет аумағын кеңейтті. Материалдық-техникалық базаның жақсаруы оқушылардың санының көбейіп, қосымша сыныптарды ашуға мүмкіндік берді.

Қысқы уақытта білім беру мекемелері жылудың тапшылығынан зардап шекті. Оған бөлінетін қаражат аз еді және кейде қыстың қатты суықтарында оқуда үзіліс жасалатын жәйттар жиі кездесіп отырған.

Барлық кәсіби-техникалық оқу орындары материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз етілуі мен білім деңгейі жағынан бірдей еді. Бірақ жеке аудандарда жағдай қиын болды. Қаржының тапшылығынан техникумдар аудан орталықтарында ғана құрылды, сондықтан талаптанғандардың барлығы оқуға түсе алмады. Оған себеп жатақхананың болмауы, интернаттар болғанымен оның саны оқығысы келетіндерді қамтамасыз ете алмайтын еді. /5/



2.2 Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарын дамыту нәтижелері.
1930-шы жылдың соңындағы кәсіби-техникалық білім беретін техникумдардың біреуін сипаттайтын болсақ, төмендегідей жағдайларды көруге болады. Мысалы, Семей облысында ауыл шаруашылық саласына арналған бір техникум жұмыс істеген. Біз кәсіби-техникалық білім беру туралы айтқанда біз осы салада білім беретін жалғыз техникум туралы қарастырамыз. 1920-30-шы жылдарда ауыл шаруашылық саласы бойынша білім беру толығымен облыстық халыққа білім беру басқармасы мен мемлекеттік жерді басқару мекемесі арқылы келісіліп жүргізілді. Бұл оқу орнының тәжірибелері мен түлектерінің дайындығы және жұмысқа қабілеттілігі басқарманың сұраныстарын қанағаттандырып отырған. Сонымен бірге, бұл техникумның ауыл шаруашылық органдарымен де берік байланыста болуы олардың материалдық-техникалық тұрғыда жақсы деңгейде қамтамасыз етілуіне мүмкіндіктер берді. Мұндай байланыстар нәтижесінде техникуды бітірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігі арта бастады. Оқушылардың дайындығы жақсарды және 1927 оқу жылынан бастап техникумды жылына он адамнан артық бітіріп отырды.

Қазақ оқушылары техникумның жалпы оқушылар санының үштен бірін құрады. Дайындық топтарында олардың саны көп болатын, бірақ соңғы курсқа көбісі жетпейтін. Оның себебі үлгерімнің төмендігі және кейбірі аяқталмаған кәсіптік-техникалық біліммен жұмысқа орналасуға мәжбүр болды.

Өндірістік-экономикалық техникумда жүйелі түрде есепшілер мен бухгалтерлер курсы ашылып, қызмет істеді. Оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілді. Курстар техникум оқушыларының сабақтары біткеннен кейінгі ауысымда істеді. Бұл курстар оқуы техникумның материалдық базасы мен педагогикалық ұжымы негізінде жүргізілді.

Өндірістік-экономикалық техникум басшылары өз жұмысын Республика Халық ағарту комиссариаты бекіткен жоспарды ұстанды. Оқу жоспары толық көлемде орындалды және жергілікті жерлердің ерекшелігіне қарай дайындалды, сондықтан оқу орындары жүйелі түрде әдістемелік кеңес өткізді. Негізгі сыныптарда оқу қазақ тілінде жүрді.

Еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру бағыты орта мектеп ретінде жұмыс істеді. Оқытудың негізі жалпы білім беру стандарттары негізінде құрылды, кейін оқу жоспары слесарлік-техникалық және құрылыстық арнайы бөлімдерді енгізуге байланысты бірқатар өзгерістерге ұшырады.

1936 жылға қарай Қазақстандағы кәсіптік-техникалық мектептердің толығымен жабдықталған шеберханалары болды. Сонымен қатар, тыңдаушылар біліктілігін көтеру бағытында қосымша мүмкіндерді пайдаланды. Жазғы демалыс кезеңінде олар өз ынталарымен тәжірибеден өту үшін өндірістік мекемелерді іздеп, сол бойынша білім деңгейін жоғарлатты.

Кәсіптік-техникалық мектептерде интернат болмады. Бұл жағдайды республика Халық ағарту комиссариатының басшылығы 1934 жылы өзгертуге талаптанды. Осы жылдан бастап кәсіби –техникалық білім беретін оқу орындарының бәрі болмаса да, көпшілігі интернатпен және жатақханалармен қамтамасыз етіле бастады.

Тағы бір индустриалы-техникалық білім беретін оқу орыны Риддер фабрика-зауыттық оқу мектебі еді. Ол 1925-1926 оқу жылнда пайда болды. Алғашқы кезде дайындық курсы мен санаулы негізгі топтары ғана болды. Мұнда оқушылардың жартысынан көбін қазақ жастары құрады.

Әдістемелік бюро фабрика-зауыттық мектеп үшін арнайы оқу бағдарламасын жасады, онда мамандық бойынша оқытылатын арнайы пәндер қарастырылды. Оқу бағдарламалары мен жоспарлары жер жерлерде тәжірибеден өткізіліп, түзетіліп, соның негізінде іске асырылды.

Кәсіби-техникалық оқу орындарына дайындау ісінде, ары қарай кәсіптік білім алуда маңызды рөлді «Қазақ жастар мектебі» атқарды. Ол техникумдар жанынан қазақ жастарының білім алуына мүмкіндіктер туғызу мақсатында құрылды. Мектепке сауат ашуға келген жастар, онда кәсіби-техникалық білім беретін техникумге түсетін емтихан тапсыруға дейінгі дайындықтан өтті. Мектепте оқыту қазақ тілінде жүргізілді және оқушылар жергілікті тұрғындардан ғана алынды.

Әрбір мектепте орташа есеппен 200 оқушы, ал 1926 жылдан бастап 50 адамға жуық түлектер шығарылды. 1940 жылға қарай Қазақ жастар мектептері қысқара бастады. Оның себебі аймақтағы сауатсыздық жойылды деп есептелді. Бұлардың бір бөлігі орта мектептерге, ал қалғандары техникумдерге айналды.

1936 жылға қарай дайындық бөлімдері азайып, кейін жойылды. Тек, кейбір жерлерде ғана сақталды, бірақ олар кәсіптік-техникалық немесе жоғарғы оқу орнына түсердегі апталық курстар түрінде ғана қалды.

Кәсіптік-техникалық білімнің 1920-1930, кейін 1931-1939 жылдан айырмашылықтарына тоқталатын болсақ, жергілікті бюджеттен қажетті қаражаттың бөлінбеуі, басқару органдардың халықтың білім алуына жетерлік көңіл аудармауы сияқты себептер білім жүйесіндегі мекемелерін және кәсіптік-техникалық білім беру орындарын материалдық-техникалық негізінен айырды. Ал материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз етілу кез келген әлеуметтік құбылыстың дамуында, соның ішінде білім жүйесінде де шешуші фактор екендігі белгілі жағдай.

1920-1930 жылдары кәсіптік-техникалық мекемелерде қаржы тапшылығынан қызметкерлерге ақша төленбеу, шаруашылық жағынан қамтамасыз етілуі көптеген қиындықтарға әкелді.

Мектептерді қаржыландыру деңгейінің төмендеуі, жетім балалардың көп болуы, оларды тәрбиелеу мен қамтамасыз ету үшін ұлттық білім қорының 30% алынды.

Кәсіптік-техникалық мекемелерінің есеп бермеуі, губерниялық білім беру басқармасының қызметкерлерінің әрекетсіздігінен жағдай күрделене берді. Педагог мамандар мен қызметкерлердің материалдық қиын жағдайы, оқу-әдістемелік әдебиеттердің болмауы кәсіптік-техникалық оқу орындарының деңгейінің өсуіне кедергі келтірді. Халыққа білім беру аппараты әкімшілік-шаруашылық және материалдық сұрақтар мен мәселелерді шешуден бос болмады. Кәсіби-техникалық оқу орындарының шаруашылық және материалдық – техникалық тұрғыда жабдықталу мәселелерінің шешілмеуі ұйымдық-педагогикалық және мекемедегі басқару әдістемесін жүргізуге мүмкіндік бермеді, әсіресе бұл ауылдық жерлерде өте ауыр күйде болды.

Бір сөзбен айтқанда 1920-1930 жылдары Қазақстандағы кәсіптік-техникалық және арнайы орта білімнің дамуындағы туындаған мәселелердің екі қырын қарастыруға болады. Бірінші қыры, «жоғары жақтан», бұл ұлттық білім беруді басқаратындардың маманданған техникалық білімді құруда тәжірибелерінің болмауынан Орталықтың Халыққа білім беру мекемелерінен нұсқау күтіп, соларға бар үміт артуынан. Екінші қыры, «төменнен», яғни жаңадан құрылған кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде ешқандай материалдық ресурстың болмауы. Бұлай бір мәселенің екі жақтылығы республикадағы кәсіптік-техникалық білім жүйесін кешенді және сапалы құруға итермелейтіні анық еді.

Қорыта айтқанда негізінен жедел қарқымен құрылған кәсіптік білім беретін мекемелер көп қиындықтарды көрді. Қай жағын алып қарамасаң да, кемшілік табылады. Кемшіліктер бола тұра сол кезде халыққа кәсіптік білім қажет болды. Кәсіптік техникумдарды бітіріп, мамандық алған түлектер өндірісте жұмыс істеді. Алғашқы кезде мектеп деңгейінде болғанымен, кейін бірте-бірте сапалық деңгейі арта берді.

Мысал үшін, Семей ауыл шаруашылық техникумының педагогикалық ұжымына ауыл шаруашылық мектептердің оқыту әдістері ұнамайтын еді. Ауыл шаруашылық техникумының ұстаздарының ойы бойынша мектеп түлектерінде формалады теориялық дайындықтарының дамуы ғана емес, материалдық білім қоры да жеткілікті болу керек деп санаған. Сондықтан, Дальтон-жоспарын ауыл шаруашылық техникумдарына енгізу, оның материалдық мүмкіндіктеріне кері әсерін тигізеді. Семейлік ауыл шаруашылық техникум оқуына жаңа жоспарларды енгізу жекешеленуге алып келеді деген үрей болған еді. Сол себепті де, облыстық халыққа білім беру басқармасы ауыл шаруашылық техникумның Педагогикалық Кеңесінде жаңа жоспарды енгізуді ұсынғанда ол қатаң сыналып, оны қолдану мақсатқа сәйкес емес деген қорытынды шығарады. /6/

Ауыл шаруашылық саласына мамандарды кәсіби-техникалық оқу орнының деңгейінде дайындауда Семейдің ауыл шаруашылық техникумның жұмысын мысал ретінде алуға болады. Оның техникалық, шаруашылық жағдайы және педагогикалық ұжымының кәсіби шеберлігі орташа болып келеді. Алғаш ашылғанда еш нәрсесі жоқ оқу орны 1932 жылы жабдықталған тәжірибе жасайтын бөлімшелері мен кітапханасы жасақталады. 1930-шы жылдары оқу жоспарына тұрақты сабақ ретінде енгізілген «Жер қыртысын тану», «Өсімдіктану», «Минералогия» және «Геология» пәндері техникумның оқу өмірінде тұрақты орын алды. Бұл пәндер оқушылардың өзіндік жұмысқа деген құштарлық пен қажеттілігін қанағаттандырды.

Білімнің сапалық жағын көбейту мақсатында белсенді-әдістемелерді енгізді, сондықтан білім беру жаңа бастауларда құрылды. Техникум жақын орналасқан мал фермасымен байланыста болды. Алайда техникумдарда мектеп біліміне сәйкес жақсы жабдықталған лаборотория болмады. /7/

Мұндай кәсіби мектептердің мақсаты: белсенді және білікті ұйымдастырушылар мен ауыл шаруашылығын құрушыларды дайындау болатын. Педагогикалық ұжым тәжірибе мен мектепті байланыстыруды және оқушыларды социалистік құрылыстың белсенді қатысушысын тәрбиелеуді көздеді. Алайда, оқушыларға ұжымдық рухта коммунистік идеялар негізінде тәрбие беру үрдісі өндірісте жекелеген көзқарас, жеке тұлғалардың жаңашыл құлшыныстарына шектеу қойылды, қабылданған шешімдерге жауапкершіліктен бас тарту, ұжымдық меншікке жауапсыздық қасиеттерін қалыптастырды.

Техникумның шаруашылық жағынан жеткен жетістігі қосымша өндірісті дамытуы болып табылады. Фермаға көптеген еңбек күшін және қаражат жұмсау нәтижесінде техникум басшылары алдарына қойған мақсатқа жетті. Ендігі кезекте оқушылар келешек мамандықтары жайлы түсінік қалыптастырып, не нәрсемен жұмыс істейтіндерін білді. Фермада орманды және отырғызылатын материалдар өсірілді. Кейін техникумда оқушыларды тәжірибеден өткізу бағытында маманданған орманды-бақ кеңейтіліп, шаруашылық есеп беруге көшті. /8/

1927 жылдан бастап өндірістік тәжірибені басқару үшін арнайы агроном шақырылды, оған әдістемелік құралдармен жабдықталу жүктелді. Арнайы тапсырыстар берілсе де агроном оқушыларға тәжірибемен көмек берудің орнына өзі ферманың шаруашылық істерімен айналысты. Педагогикалық білімі жоқ ол өзінің үйренген ісімен айналысты. Келесі жағынан фермаға жақсы шаруа қажет болды, ал техникумда тағы бір қызметкерді ұстауға қаражаты болмады. Сондықтан фермадағы тәжірибе алуға келген оқушылармен сабақ жүрмеді. Осыдан кейін техникум басшылары жазғы тәжірибені өткізу жаңа әдістер мен осы тәжірибе туралы техникумда теориялық курсты оқитын ұстаз-агроном керек екенін түсінді. Теория мен тәжірибені байланыстырып, ферманы оқу процесінің ажырамас бөлігі деп тану мақұлданды.

1928 жылы осыған қол жетті, енді орманды-бақ пен бақшадағы практикада оқушылар жұмыстың практикалық жағымен, бақша өсімдіктерінің әр түрлі мәдениеті мен оның өсу процессімен танысты. Бұл әдістер айналымға толық кіргеннен кейін 1932 жылы мемлекеттік жерді басқару басқармасынан оқушыларды күрделі дайындықтан өткізу мен жаңа жұмыс орнында өз міндеттерін толық орындауды талап етті. /9/

1930-шы жылдар соңында жазғы тәжірибеден өткен оқушыларға жақсы баға берілді. Алайда бағалардың бір кемшілігі объективтіліктің болмауы. Ол пікірлер жұмысқа қатысты болды, ал дайындық деңгейіне сілтеме жасалмады. Бұл бағаны берген адамдардың теориялық білімдерінің төмендігін және назарлары тек тәжірибеде көрсеткен жұмыс нәтижесіне байланысты екенін көреміз. Егер жұмысшы жоспарды орындаса, оны білікті деп тапқан, ал орындай алмаған жағдайда түлек біліктілігі төмен деп есептелді. Осындай жағдайларда жұмыстың сапасы шет қалып отырған.

Барлық техникумдарда сияқты ауыл шаруашылық техникумында «Всеработземлес» кеңесінің ұяшығы және РЛКСМ оқушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру және қоғамның өзін-өзі тануын жоғары көтеру қызметін атқарды. Бұл ұйымдар бір-бірімен тығыз байланыста еді және өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы – оқушылардың жалпы жиналысымен келісіп, бірігіп жұмыс атқарды. Өзін-өзі басқару 1926 жылға дейін нәтижелі жұмыс жасамады, себебі материалдық-техникалық негізі мен көп жағдайда ынталылық болмады.

Енді кәсіптік-техникалық білім беру, соның ішінде ауыл шаруашылық техникумының ішкі өмір құрылысына тоқталайық. Барлық өмір сүрген техникумдардың идеялық жоспарында оқушылардың өзін-өзі басқаруды кешенді енгізу туралы мәселе туындады. /10/

Өзін-өзі басқарудың рөлі 1930-шы жылдары өсті. Жалпы жиналыстарда атқарушы бюроға өкіл сайлау, мұғалімдер кеңесі, әр түрлі комиссиялар, оқушылардың қалалық комиссиясын т.б қатысты сұрақтар шешілді. Мектеп ішілік, одан тыс және басқа ұйымдар жиналыстарында жалпы жиналыстан өкілдің қатысуына байланысты, жалпы өз таңдауларының баяндамаларын талқылап, ұстаздар кеңесіне талқылайтын сұрақтар енгізуге бұйрықтар берді.

Өзін-өзі басқару аймағындағы жетістіктері оқушылардың материалдық жағдайы туралы мәселелер жалпы жиналыстарда бірнеше рет қаралды. Осында жеткен маңызды жетістіктерінің бірі оқушылардың бір-біріне көмектесу кассаларын ұйымдастыру еді. Ол белгілі уақытқа қарыз беру арқылы кассаға қатысатын оқушыларға көмек берді. Касса қаржысы оған қатысушылардан ай сайын жиырма тиыннан жинаудан түскен ақшадан құралды. Касса өз жұмысында жалпы жиналысқа бағынды. Өзін-өзі басқарудың нақты көмегі 1933-1934 жылдан кейін стипендияны бөлуде атқарушы бюрода қарастырылғанынан көруге болады. Осыдан кейін құжаттар губернияның стипендиялық комиссиясына жіберілді, оның құрамында дауыс беру құқығы бар оқушылар мен техникум директоры болды.

Осы уақыттан бастап жалпы жиналыс әр түрлі техникумдардың оқу-еңбек пәндерін қолдау туралы сұрақпен айналысты. Жоғарғы өзін-өзі басқару органымен бірлесе отырып, ішкі тәртіп ережелерін шығарып бекітті. Жалпы жиналыс сабақты көп босататындар мен ішкі тәртіп ережелерін бұзған оқушылар істері жайлы мәселелерді шешіп, кейбір оқушыларға жаза қолданылды.

Техникумның атқарушы бюросы құрамына әр сыныптан алты, ұстаздар кеңесіне екі, РЛКСМ ұяшығынан бір және «Всеработземлестен» бір өкілден қатысты. Барлығы – он адам. Техникумның атқарушы бюросы жүйелі түрде жиналыстар өткізіп тұрды, онда ауыл шаруашылық техникумның ережесіне қатысты барлық сұрақтар қарастырылды. /11/

Көптеген құжаттарда атқарушы бюроның ұлтаралық түсініспеушілікті жою бағытындағы жұмыстары жақсы нәтиже берді. Ондай түсініспеушілік қазақ жастарының төменгі дайындық сыныптарында сабаққа қатысудағы ұқыпсыздық салдарынан пайда болатын. Ондай балалар сабақты себепсіз босататын, кешігіп келіп, сабаққа кез келген уақытта кіріп шығып жүретін. Бұндай оқушыларды сынып жетекшісінің олардың кешіккенін журналға тіркеп отыратыны ұнамады.

Келешекте түсініспеушілік болмас үшін қазақ жастары арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды, ол үшін атқарушы комитеттен екі өкіл – орыс және қазақ сайланды. Олар курстарда еңбек пен достық қатынастарын сақтаудың қажеттігін түсіндірумен айналысты. Нәтиже қанағаттандырарлықтай болды және бірінші триместр соңында болған мәселелер толық жойылды.

Ауыл шаруашылық техникумында атқарушы бюро мен сол сияқты басқа техникумдардағы комиссиялар ұйымдастырған санитарлық комиссия оқу ғимаратындағы тазалықты, оқушылар гигиенасын, тамақтың дайындалу т.б бақылады. Санитарлық комиссия жалпы жиналыс алдында есеп берді. Оқушылардың мәдениет деңгейінің төмендігі, қоғам мен жеке бас гигиена ережесін білмеуі комиссия жұмысын қиындатты, ал кейбір оқу орындарында нұсқау бойынша тазалықты іске асырып, оны сақтау мүмкін болмады.

Айта кететін жайт комиссия құрамына техникумның жай қызметкерлері де кірді, сондықтан медициналық көзқарас бойынша қаралмады. Комиссия өз міндетіне формальды түрде ғана қарады. Осы көптеген мекемелердің өз қызметкерлерінен тұратын комиссиялар мен комитеттер қызметін оқушылар алғашқы уақытта ғана көрді.

Барлық техникумдарда мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды. Негізінен онда агрономдық, жаратылыстану ғылымы, әдеби-қоғамдық, драмалық, музыкалық, спорттық секция мен редакциялық коллегия құрылды. Ауыл шаруашылық техникумындағы әдеби-қоғамдық секция құрылған уақытта оған жеті адам ғана кіретін, кейін сәтсіздіктерге ұшырап өз жұмысын тоқтатты. Оған себеп техникумда тұрақты қоғамтану оқытушысы болмады.

Басқа секция мүшелерінің саны жеке сынып студенттерінің санынан аспады. Ауыл шаруашылық институтының агрономиялық секциясы ауыл шаруашылығының жеке салалары бойынша арнайы сұрақтарды қарастырды. Жылына бұл секцияда он бір баяндама қарастырылды. Жаратылыстану секциясының басты жұмысы биология саласынан болды. Биологиядан көптеген қызықты сұрақтар қарастырылды, сондықтан секцияға көп адамдар қатысты және оның жалпы жиналыстарында адам саны көп болды.

Драмалық секцияда сахнаны жақсы көретіндер жиналды. Секция ешқандай баяндамалар мен жиналыстар өткізбеді. Секцияның алдына қойған мақсаты спектакльдерді қою еді және ол мақсатты жақсы орындады. Музыкалық секция барлық техникумдерде мәдени-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастырудың алғашқы кезінде ғана өмір сүрді. Музыкалық бөлімді дирижер басқарды, оған қоса оркестрдің әкімшілік және техникалық бөлігін басқарды. Оркестр қысқы уақытта өз техникумдерінде және одан бөлек басқа техникумдерде қызмет істеді.

Бірақ маңызы және қатысушылар саны жағынан көп ағартушылық секциялар ішінде спорттық секция болды. Оның басты мақсаты қойылған оқушылардың жақсы дене тәрбиесін қолдап, салауатты өмір салтына үйрету еді. Бұл секциялар ішіндегі жастарға идеялық-саяси тәрбие бермейтін жалғыз секция болатын. Ол оқушылардың денсаулықтарын күшейту мен қатар әр түрлі спорттық және өмірлік жетістіктерге жеткізді. /12/

Ауыл шаруашылық техникумында спорттық секцияға қатысушылар саны басқа секциялармен салыстырғанда көп болды. Оқу ғимаратының шағын және ескі болуына байланысты секция жұмысын қысқартты. Секцияда екі топ: қыздар мен ұлдар болды. Қыздар тобында техникумның барлық қыздары кірді.

Техникумдарда үшінші триместр аяқталғанда оқушылардың жазғы демалысқа шығуы мен практикаға кетуімен ұйымдар жұмысы уақытша үзілгенімен, толық тоқтатылмады. Екінші триместр аяғында, жазғы практика басында оқушылардың жалпы жиналысы атқарушы бюроны сайлады. Бюро жаз бойы оқушылардың ісімен айналысып, қызығушылықтарын қорғады.

Орманды-бақшалы бақта практиканттар өкілетті орган мен шаруашылық комиссиясын сайлады, олар оқушылардың практикасымен байланысты барлық қажеттіліктерін қанағаттандырды. Кәсіподақ кеңесі ұяшығы бақшада «Кәсіби жұмысшы» деген қабырға газетін шығарды. Газет оқушылардың ынтасымен шығарылды және жас «социалистік құрылыстың» құндылықтарын жариялады.

Жазғы уақытта практиканттар фермада кәсіби кеңестік ұяшықтарды құрды. Бұл ұяшық жұмысы ферманың жұмысшы комитетінің басшылығымен жүрді. Оның жиналыстарында маңызды мәселелер ферма өмірі мен онда практиканттардың болғандағы қызметі еді. Мысалы, өндірістік еңбекті көтеру туралы сұрақты шешу үшін бірнеше адамнан тұратын өндірістік комиссия құрылды. Оған қоса бағалық және тарифтік-экономикалық комиссиялар жұмыс істеді. Практиканттар өмірінің шаруашылық жағын басқаратын шаруашылықты басқарушы (завхоз) мен есепші сайланды. Кейін шаруашылықты басқарушының орнына үш адамнан тұратын шаруашылық комиссиясы құрылды.

Бұл әрекеттің бәрі оқушылардағы жекелік көзқарастарды жоюға бағытталды. Барлық сайланған адамдар орнына әр түрлі ұжымдар келді. Ұжым болған жағдайда жауапкершілікті біреуге міндеттеу оңай болды.

Маманданған ұяшықтар құру кейде кең құлаш алды. Барлық жерде жарияланатын ұжымдастыру жекелеген белсенділердің даралық қасиеттері мен бастамалар көтеру икеміне кері әсерін тигізді.

Мұндай жұмыс бағыттары кәсіптік-техникалық оқу орындары мен маманданған кәсіптік мектептерде бірдей болды. Олардың барлығы әлеуметтік-мәдени бастаулардан бастап, қызметтерін коммунистік қоғам құру мақсатымен өтті. Ол мақсаттар барлық кеңес дәуірі бойы ақталмады, әсіресе 1920-1930 жылдары. /13/

Білім беру тұрғысынан алғанда ауыл шаруашылық техникумы арнайы бекітілген бағдарламамен жұмыс істеп, одан ауытқымады. Ұстаздарда жоспардан артық жұмыс істеуге ұмтылыс байқалды, алайды ұстаздар құрамы пәндерді оқытуда сәйкес тақырыптарға бөліп, квалификацияламаудан зардап шекті. Ал, оқушылар құрамына келер болсақ, қазақтар орта есеппен 33% құрды. Жоғарғы сыныптарда бұл көрсеткіш азайды, себебі әр түрлі себептермен оқуды аяқтамаған оқушылар болды. /14/

1920-1930 жылдары Қазақстан өнеркәсіп орындарының техникалық қарулануы да өте төмен дәрежеде болды. 1939 жылы республикадағы 2391 өнеркәсіп орындарының негізгі өнеркәсіптік қоры 1480,6 млн сомға жетті. Егер мұны жекелеген өнеркәсіп орындарына тең бөлсек, ол 6,3 млн сомнан айналар еді. Жергілікті өнеркәсіп орындары тек 1946 жылдан бастап қана бірінші рет ескі станоктармен, электромоторлармен, электр араларымен жабдықтала бастады.

Кішігірім әлсіз өнеркәсіп орындары технологиясы артта қалғандықтан өнімді аз берді және оның ассортименті шағын, сапасы төмен болды. Өнеркәсіптің, әсіресе өңдеу саласының өте әлсіз, жеткіліксіз дамуының салдарынан республикадағы өнеркәсіпке, ауылшаруашылығына , көлікке т.б. қажет техникалық жабдықтар, саймандар аз мөлшерде орталықтан тасымалданды. Қазақстанға бірнеше қалалардан әртүрлі заттар әкелінді. Қазақстан шикізатқа өте бай болғанмен мұнада оларды өңдейтін өнеркәсіп орындары салынбады. Мұндай зауыттар көбінесе одақтың орталық аудандарында орналасты.

Мұнымен қатар еңбек етуге жарайтын жергілікті ұлт өкілдерінің үштен екі бөлігінен астамы ауылдық жерлерде, негізінен экономикалық және әлеуметтік жағынан артта қалған шалғай аудандарда тұратынын да ескеруге тиіспіз.

Дегенмен, жұмысшыларды республикадан тыс жерлерден “вахталық әдіс” деп аталатын сорақы тәсілмен тарту тұрғылықты ұлттың жұмысшы табын қалыптастыруға бірден-бір кедергі келтіретін фактор екенін баса айтып өткен жөн. Оның экономикамен әлеуметтік өмірімізге қыруар шығын келтіріп жатқанына қарамастан әлі де бізге қажет емес екенін мойын ұсынғымыз келмейтін сияқты. Әйтпесе, дүниежүзілік практикада вахталық әдіспен орындары игеріліп жатқан және осы заманғы технология мен техникаға орай жаңа зауыттар мен фабрикалар бой көтерген аймақтарда сол 2-3 жыл бойы ғана қолданылатынын ескермес пе едік? Бізде ондаған жылдарға созылып, келімсектердің қалтасын қалыңдататын жергілікті халықтың мүддесі ескеріле бермейтін жағдайға айналып келеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа бірқатар облыстардағы кәсіптік-техникалық училищелерді бітірушілер арасында қазақ жастары 10 % жетпейді. Бұл училищелерге қазақ жастарының аз баруының бірден бір себебі-қазақ тілінде оқытылатын топтардың беделі мен берері кем мамандықтар бойынша ғана оқытатыны. Электронды техника, машина жасау салалары бойынша ұлттық жұмысшы кадрларын даярлау өте аз.

Әрине, жұмысшы табының білікті ұлттық жұмысшы кадрларын қалыптастыруды тежеп келген факторлар тек мұнымен ғана шектелмейді. Атап айтқанда қайда барса да алдынан шығатын әлеуметтік-тұрмыстық қиындықтармен бірге кәсіпорын басшыларының қазақ жастарының психологиялық ерекшеліктерін білмеуі, сондықтан олардың жұмыстың күрделі, техниканың озық түрлерін игеруге деген ниеттерін елеп ескермеуде болып отыр. Сол сияқты, әсіресе ауылдан келген жастарымыздың орыс тілін білмеуі немесе кәсіпорындардың барлық буындағы басшыларының негізінен басқа ұлт өкілдерінен болуы себепті олардың жергілікті ұлттың тілін үйренуді қажетсінбеуі өзара түсінікке тілдік жағынан да, психологиялық жағынан да кесапатын тигізді. /15/

Өнеркәсіп орындарынның басшылары жұмысшы қатарына сол қаланың өзінде және төңірегінде тұратын жастарды ғана қабылдауға тырысады. Себебі бұл оларды тұрғын жаймен қамтамасыз ету машақатынан құтқарады деп біледі. Мұндай көзқарас орныққан жерде ұлттық жұмысшы табы туралы қандай әңгіме, болуы мүмкін.

Қазақ жастары өнеркәсіп бағытындағы кәсіптік техникалық училищелерге бейім емес деген ұғымды қалыптастырудың түп төркіні негізінен тереңде, тарихи дамуымыздың қатпар-қатпар кезеңдерінде жатыр. Атап айтсақ, бұл біріншіден революцияға дейінгі патша үкіметінің шет аймақтарды ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші ретінде ғана пайдалануды мақсат тұтқан отаршылдық саясатының, ал одан кейінгі кеңестік тоталитарлық, бюрократтық жүйе жағдайында да осы принцип жалғасын тауып, республикамызды шикізат пен жартылай фабрикаттар өндіргіш аймаққа айналдырудың салдары екені айқын. Бізде өңдеу өнеркәсібінің дамымай қалып, қазіргі кезде соның зардабын тартып отырғанымыздың мәнісі осында. /16/

Екіншіден, бірімен бірі байланысты экономикалық, әлеуметтік проблемаларды кешенді түрде шешу мәселесінде жіберген олқылықтар көп залалын келтірді. Яғни жастарды өнеркәсіптік еңбекке бағыттаудың тиімді жүйесі жасалмады. Ал маман жұмысшы кадрлары қажет бола қалған жағдайда олардың жергілікті халықтан іздемей, тәрбиелемей, сырттан басқа республикалардан дайын күйінде әкелуді оңайсынған.

Осының бәрі жинақтала келе ұлттық жұмысшы табының, оның білікті кадрларының көбеюіне, нығаюына қырсығын тигізді.

Тәуелсіздік тізгіні өзімізге тиген бұл тарихи кезеңді қалт жібермей, ұлттық жұмысшы табын нығайтудың нақтылы шара-жолдарына көшуіміз керек. Тіпті ірі-ірі өндіріс алыптарына ауылдың қазақ жастарын бір кезде Қазақстан магниткасына, Қарағанды шахталарына шақырғанымыз тәрізді қадамдар жасасақ та артық емес. Ең бастысы бұл шешуші мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қарамай, жан- жақты қамқорлық жасамай көсегеміз көгермейді.

Қазіргі кезде, әсіресе жан - жақты білімі бар мамандар жергілікті ұлт кадрларынан даярлауға ерекше мән беріліп отырғаны белгілі. Елімізге жүріп жатқан оқу жүйесіндегі реформаларды орта мектеп бітіргеннен кейін кәсіптік білім алу көзделіп отыр. Сондықтан Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстандағы жан-жақты білімі бар маман жұмысшыларды даярлаудағы тәжірибесінің кәдеге жарайтыны сөзсіз.

Қай дәуірде болмасын кәсіптік-техникалық білім берудің маңызы зор. Әсіресе, ХХ ғасырдың басында халық арасында сауатсыздықты жою кезінде республиканың барлық облыстарында арнайы орта білімге көп көңіл бөлінді. Қысқа уақытта күрделі қаржылық және материалдық ресурстардың жетіспеуі жағдайында кәсіптік-техникалық білім беретін мекемелер пайда болды. Олардың жұмысында көптеген кемшіліктер кездесті, себебі бұл мәселе дұрыс қойылмай, жоспарланбай басталды. Солай бола тұрса да, кәсіптік білім беру республиканың барлық облыстарында қолға алынды. Еліміздегі өндірістік саланың дамуы осы саладағы мамандарды дайындау мәселесін алға қойды. Мамандардың дайындық деңгейі үлкен рөл атқарды деп айтуға болады.

Тек кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындары ғана емес, сонымен қатар уақытша курстардың жұмыстары да өте маңызды болды. Бұл курстар уақытша болғанымен білім беру жүйесінің белгілі саласы бойынша жастарға белгілі дәрежеде қажетті білім берді./17/

Сiлтеме


  1. Кузнецова В.В., Курицын И.И. Семипалатинская область.

  2. Экономико-географический очерк. Алматы, 1961. 224-б.

  3. Досаев Т.Д. Социалистік қоғамдығын құру мен нығайту кезеңіндегі.

  4. Семей обылысының мәдени құрлысы /1928-1970 жж/, т.ғ.к. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. Алматы, 1973 35-45 б.

  5. Керейбаев К.Ш. Культурная жизнь Восточного Казахстана в 20-ые годы. Алматы, 1989. 182-б.

  6. Мукатаева З. К. Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы /1917-1940 жж/: Автореф. Дисс. ... к.и.н. Алматы. 2001. 27- б.

  7. ҚРОМА, 5-қор, 1-тізбе, 228-іс, 1,2 -б.

  8. Храпченко Г.М., Храпченков В.Г. История школы и педагогической мысли Казахстана. Учебное пособие. Алматы. 1998. 168 – б.

  9. Кунантаев К.К. Развитие народного образования в Казахстане /1917-1990/ Учебное пособие. Алматы, 1997 183-б.

  10. Козыбаев М.К. История и современность. Алматы, 1991. 259.- б.

  11. Мышко Н. Рост образовательного уравния населения Казахстана в период построения социализма (1917-1937) 138- б.

  12. Беткенбаева Ш. К. Борьба за осществление ленинского декрета о ликвидации безграмотности среди населения в Казахском ауле /1917-1940/ Дисс.... к.и.н. Алматы, 1984 125-130 б.

  13. Козыбаев М.К. История и современность. Алматы, 1991. 244- б.

  14. Кенжебаев «Роль рабочих факультетов в подготовке кадров советской интеллигенции в Казахстане (1921-1940гг.)» 25-б.

  15. Бисенов Х. Культурное строительство в Казахстане в восстановительный период /1921-1925 гг./. Алматы, 1965. 145-б.

  16. Принципы обучения в среднем профессионально-техническом училище: Сб.науч.трудов./ Отв.ред. А.А. Кирсанов.- М.: Изд-во АПН СССР, 1986.-89б.

  17. Очерки истории школы и педагогической мысли народов СССР (1941-1961 г.г.)/ Редкол.: А.М.Арсеньев и др.- М.: Педагогика, 1988- 272 б.: табл.- Библиогр.: б. 254-266.


III - тарау

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның өндірістік әлеуметінің артуы және кәсіптік –техникалық оқу орындарының қызметі

3.1 Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның өндірістік әлеуметінің артуы

Кеңес Одағында, соның ішінде Қазақстанда да индустриаландыру саясаты басталған алғашқы мерзімдерде өндірістің жаңа салаларын училищелер мен ФЗО мектептері толық қанағаттандыра алмады. Мысалы, Алматыда 120 оқушысы бар бірақ-ақ ФЗО мектебі болды, ол металл өңдеушілер мен құрылысшыларды қажет еткен өнеркәсіп орындарының тілегін қамтамасыз ете аламды. Сондықтан да 1941 жылдың жаз айында өнеркәсіп, темір жол мекемелеріне қажетті кәсіби маман дайындайтын 3 ФЗО мектебі ашылды. Алматы ФЗО мектебі байланыс саласына маман дайындайтын қолөнер училищесіне айналды. Сонымен қатар, оқушылар саны артып, оқу орындарының материалдық техникалық базалары нығая түсті. Студенттердің де тұрмыс жағдайлары жақсара бастады. Өйткені, жігіттер мен қыздар оқу мерзімдерінде оқулық және оқу құралдарымен, киім, тамақ және жатаханамен мемлекет есебінен қамтамасыз етілді. 1941 жылдың бірінші жартысында ФЗО мектептері республика шаруашылығына 16 мамандық бойынша 3540 жас жұмысшылардың жіберді. /1/

Бейбіт өмір кезінде құрылған мемлекеттік еңбек резервтері Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап өз жұмыстарын соғыс мүддесіне бейімдеп, қайта құруға мәжбүр болды. Себебі шаруашылықтың барлық саласын соғыс мүддесіне бейімдеу, соғысқа алынған маман жұмысшылардың орнына жаңа жұмысшылардын дайындау қажет болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында зауыттар мен фабрикаларға, құрылыс пен көлік саласына, шахталарға мыңдаған маман жұмысшылар жіберілді, бұлардың көпшілігі қолөнер, темір жол училищелерін, ФЗО мектептерін бітірген еді. Олардың арасында жүздеген қазақ жігіттері мен қыздары болды, көпшілігінің жасы әлде де кәмелетке толмаған болатын. Олар соған қарамастан жақсы оқып, үлгілі өнеге көрсетті. Осындай ел басына ауыр күндер туғанда жауынгерлермен бірге тың еңбеккерлері де отансүйгіштіктің биік үлгісін көрсетті. Олардың арасында жас жеткіншектер де бар болатын.

Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында Украина, Белоруссия және РКФСР - дың жау қолында қалған аудандарының қолөнер, темір жол училищелері мен ФЗО мектептері көшірілген болатын. Көпшілігінде оқу шеберханалары, мұғалімдері мен оқу шеберлері болмады. Сондықтан да оқу процесінің барлық мәселелерін жергілікті аудандардың мүмкіндіктері есебіне шешуге тура келді. /2/

Соғыс жылдарында Қазақстанға 25 училище мен ФЗО мектептері көшіріліп әкелінді. Олардың қатарында:

Кривой Рогтан: №16 ТЖУ – 208 адам;

Харьковтан: №5, 42 ТЖУ – 320 адам;

Рязаньнан: № 3 ТЖУ – 224 адам;

Курсктен: № 1 ТЖУ – 176 адам;

Воронежден: № 5 ТЖУ – 130 адам;

Туладан: ТЖУ – 119 адам;

Таганрогтан: № 2 ТЖУ – 50 адам;

Кательниковсктен № 1 ТЖУ – 108 адам;

Москвадан № 26, 55 ҚУ – 320 адам;

Варашиловградтан № 14 ҚУ – 252;

Сталинсктен №12 ҚУ – 182 адам;

Астраханьнан № 7 ҚУ – 112 адам;

Шахтинсктен № 10 ҚУ – 75 адам .

Ал, ФЗО мектептерінің көпшілігі Еңбек резервтері мектептеріне қосылды.

Тек 1942 жылдың өзінде ғана Қазақстанның ФЗО мектептері 4 рет бітіруші курстарын шығарды. Осылайша олар республикамыздың халық шаруашылығы үшін 40277 маманды оқытып шығарды. Ал, соғыс жылдары Қазақстанның кәсіптік техникалық білім беру жүйесінде оқыған оқушылар 84.398930 сом өнеркәсіп өнімін шығарған. Соның ішінде 11.225.645 сомды құрайтын өнім қорғанысқа жіберілді.

Еліміздегі кәсіптік техникалық оқу орындарының ұжымдары мен оқушылары ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Мысалы, Тау кен өндірісі бағытындағы №2 ФЗО мектебінің бұрғылау тобында оқитын Сейдалиева еңбектегі ерлік көрсетіп, өндірістік тапсырманы 1637 % орындаған. Көптеген қыздар ерлер атқаратын күрделі мамандықтарды игеріп, ерекше табандылықтарымен көзге түсті. Тағы да мысал келтіретін болсақ, Қарсақпайдағы №22 ФЗО мектебінде оқыған Жанна Даникенова құюшы мамандығын үйреніп, ересек адамға белгіленетін жоспарды 300-400 % артық орындап отырған. Сонымен бірге, Оралдағы №6 ФЗО мектебінің қыздары да құюшы мамандығын игерген. /3/

Қазақстанның ФЗУ мектептері оқушыларды көптеп қабылдай бастады. Соғыс жағдайы соны қажет етті. 1942 жылдың өзінде ғана халық шаруашылығына 54 мамандық бойынша мамандар даярлаған. Ал темір жолшы мамандарын даярлайтын 5 училище 1941 жылы мерзімінен бұрын дайындау есебінен 252 маман жұмысшыларға өндіріске жолдама берді./4/ Олар –паровоз және өнеркәсіп құралдарын өңдейтін слесарьлар, токарь-универсалдар, электромонтерлер және тағы басқалар еді.

Майдан тапсырмасын орындау, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерін мол шығару міндетіне қолөнер, темір жол және ФЗУ мектептері де атсалысып, осы саладағы жарысқа қатынасты. Училищелер мен ФЗУ мектептерінде саяси жұмысты ұйымдастыратын бөлімдер құрылып, олар сол кезеңнің материалдық тұрғыда ынталандыру әдістерінің бірі - социалистік жарысқа басшылық жасады. Республика комсомол ұйымдарының қызметі де белсенділігін арттырды.

Соғыс жылдарында тіректі мекемелердің тапсырмасы бойынша оқушылар 84 миллион сомнан астам өнеркәсіп өнімдерін шығарды, оның 11 миллионнан астамы майдан тапсырмасы еді. Оқушылар 290 мың тонна көмір, 1522 мың тонна руда, 27 мың тонна мұннай өндірді, соғысқа мындаған аяқ киім, іш киім басқа бұйымдар жіберді. /5/

Оқушылар оқу шеберханаларында, өндіріс тәжірибесі мерзімінде 7 млн сом ақшаға түрлі құралдар, автокөліктерге, ауыл шаруашылық машиналарына қосымша бөлшектер шығарды. /6/

Еңбек резерві оқу орындарының алғашқы бес жылы соғыс кезіне сәйкес келді, олар осы мерзімде 165 мамандық бойынша 102 мың кәсіби жұмысшылар дайындап, оларды халық шаруашылығының түрлі салаларына жолдама алды.

Ұлы Отан соғысы ел тарихындағы соғыстардың ең қатал да қиыны болды. Бұл соғысты жеңу үшін Кеңестер Одағына әскерді қарумен, әскери жабдықтармен, киім-кешек пен азық-түлікпен қамтамасыз ететін мықты тыл керек болды. /7/ Соғыстың осы қажеттіліктерін өтеу үшін елдің жеңіл өнеркәсібі де қайта құрылды.

Оның алдында қызыл әскерді киім-кешек, жабдықпен үздіксіз қамтамасыз ету тапсырмасы тұрды. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін қайта құру БКП(б) ОК мен МҚК нұсқаулары негізінде жүзеге асырылды. Қазақстанның КП(б) ОК мен Қазақ КСР ХКК жалпы экономикасы сияқты жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құру жұмыстарын майданға көмек беруе бағыттады.

Партия органдары басқарушы кадрлар мен ИТҚ кәсіпорындарының нығайтылуына шаралар қолданды. Осы мақсатпен жеңіл және тоқыма өнеркәсіптерінің көптеген жауапты қызметкерлері кәсіпорындарға директор, бас инженер болып жіберілді. Майдан қажеттіліктерін өтеу үшін жаңа жоспарлы тапсырмалар анықталды, еңбек, құрал-жабдық өнімдерін арттыру, азық-түлік өнімін жоғарлату үшін ішкі қор пайдаланылды.

Әскери рельстерге жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері жұмысын қайта құру бойынша мақсатты саяси және бұқаралық жұмыстар дамыды. Бұл орайда ұжымдық бастауыш партия ұйымының басқаруымен өндірісті әскери жағдайға бейімдеуге жедел аударған Алматы тігін фабрикасын айтуға болады. /9/

1941 жылдың 23-шілдесінде фабрикада соғысқа байланысты партия ұйымының тапсырмалары талқыланған ашық партия жиналысы болды. Жиналыс әскери жағдай талаптарына байланысты коллектив жұмысын қайта құрудың нақты шараларын бекітті. Тігін тігу ленталар саны 16 дан 25 ке дейін өсті. Бұрын қолмен орындалған өндіріс үрдістерінің бірқатары механикаланды. Бөлшекке қатысты талаптар мен операцияның техникалық шарттары нақты және анық берілген инструкциялық карточкалар беріле бастады. Бұл жаңа бұйымдарды игеру уақытын бірнеше айдан үш-төрт күнге дейін қысқартты.

Қызметкерлер матаны үнемдеп жұмсау үшін күрес бастады. Сағаттап жұмыс істеу графигі өңделіп енгізілді. Фабриканың механикалық цехы машинаның өте қажет бөлшектерін дайындауды меңгеріп алып жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Осының нәтижесінде тігін фабрикасы Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ішінде ең бірінші болып мерзімінен бұрын 1941 жылдың жылдық жоспарын орындап, жоспардан тыс 800 мың сомға өнім берді.

Әскери киім тігуге көшкен Алматының №2 тігін фабрикасының ұжымы партия ұйымының басқаруымен қайта құру бойынша үлкен қызу жұмыс жүргізді. Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп орындарын қайта құру Отан соғысы талаптарына сәйкес жылдам, ұйымдасқан түрде өтті.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құру әлі толық бітпеген 1941 жылдың тамызынан бастап елдің басқа да Шығыс аудандарына сияқты мұнда да эвакуацияланған кәсіпорындар келе бастады. /10/

Соғыстың басынан бастап 1942 жылдың 6-қазанына дейін Қазақстанға 142 кәсіпорын көшірілді, оның ішінде 20 жеңіл және 9 тоқыма өнеркәсіптері болған еді.

Эвакуацияланған кәсіпорындарды орналастыру мен қалыптастыруды партияның қалалық, аудандық комитеттері басқарды. Олар осы жұмыс барысын бақылап отырды. Эвакуацияланған кәсіпорындардың жабдықтарын монтаждаумен, олар үшін кадрлар дайындаумен байланысты сұрақтар жергілікті партия ұйымдарының отырыстарында қарастырылып отырды.

Мысалы, 1942 жылдың 30-мамырында Семей партия обкомы облаткоммен бірге эвакуацияланған кәсіпорындарды қалыптастыру мен құрылыс жұмыстарын жылдамдатудың нақты шаралары туралы сұрақтарды талқылап, бекітті. 1942 жылдың 12-қаңтарында Павлодар партия обкомы эвакуацияланған тері фабрикасының пайдалы жұмысын атап өтіп, оның әрі қарай жақсаруына шаралар белгіледі. /11/

3.2 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кәсіптік –техникалық оқу орындарының қызметі

Эвакуацияланған аяқ-киім фабрикасы үшін кадрлар дайындау 1944 жылы 20 қазанда Қызылорда партия обкомының бюро отырысында талқыланды және жұмысшы кадрларды дайындауды жақсарту бойынша ғана емес, олардың арасында саяси тәрбие жұмыстарын өткізу деңгейін көтеру шаралары да белгіленді.

Семейге көшіп келген Киев аяқ-киім фабрикасы алғаш эвакуацияланған кәсіпорындардың бірі болды. 26 тамызда жабдықтармен бірге 85 білікті жұмысшы мен ИТЖ келді.

Көп кешікпей мұнда эвакуацияланған Артемьев және Азов аяқ-киім фабрикалары көшіп келді. Адамдар жергілікті тұрғындардың пәтерлеріне орналастырылды. /10/

Бұл үш фабриканың техникалық жабдықтарын қайта жабдықтау үшін қаражат пен құрылыс заттары бөлінген дүкендер мен облпотребсоюз мекемелеріне орналастырылды. Эвакуацияланған фабрикалардың құрылыс жұмыстары мен жабдықтарын монтаждауға қала қызметкерлері белсене араласты. Адамдар барлық күш-қуаттарын кәсіпорындарды жылдам монтаждауға жұмсап, үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істеді.

Нәтижесінде, бар қиыншылықтарға қарамастан, үш айдан кейін 1941 жылдың 5 желтоқсаннында эвакуацияланған Киев, Артемьев, Азов аяқ-киім фабрикаларының жабдықтары негізінде қайта құрылған Семей аяқ-киім фабрикасы әскери аяқ-киім өндіру тапсырысын орындауға кірісті.

1941 жылдың желтоқсанында ол 197,6 мың сомға өнім шығарды, 1942 жылы жылдық жоспарды асыра орындады,ал 1943 жылдың жұмысы нәтижесінде эвакуацияланған коллективіне КСРО ХКК-ның ауыспалы Қызыл Туы берілді. /12/

35 күндік ауыр жолдан 1941 жылы 20-27 желтоқсанында Алматыға Ивантеевка қаласының трикотаж фабрикасының жабдықтары 123 жұмысшы мен 52 ИТҚ жанұясымен 97 вагонмен келді. Келген жабдықты орналастыру үшін 8000 кв. метр өндірістік аудан керек болды. Мұндай бос орынның болмауы салдарынан фабриканы 4900 кв. метр аланда қаланың әр жеріне орналастырды. Фабрика жабдықтарын орналастыру үшін бөлінген мекемелер бір-бірінен 5-6 км қашықтықта орналасты.

Жабдықтары бөлшектеніп келіп, дербес қылып ұйымдастыру мүмкін емес кәсіпорындар өндіріс қуатын кеңейту үшін жұмыс істеп тұрған біртекті кәсіпорындармен біріктірілді. Осылайша Харьков «Большевик» тері зауыты Петропавлдағы «Октябрьская революция» тері зауытымен біріктірілді. Харковтың тігін-трикотаж фабрикасы Алматының 2 фабрикасына беріліп, кейіннен жаңа ұйымдастырылған трикотаж фабрикасымен біріктірілді.

Егер жабдығы толық келіп және білікті жұмысшы мен ИТЖ орталығы болса, эвакуацияланған кәсіпорындардың дербестігін сақтап қалу үшін бір жерге орналастырды. Қазақстанға көшірілген 29 жеңіл және тоқыма өндірісі кәсіпорындарының 19-ы дербес болып құрылды. Қазақстанда эвакуацияланған кәсіпорындарды қабылдау және орындау қиын жағдайда өтіп жатты. Лайықты және бос өндіріс аудандары жетіспеді.

Құрылыс материалдары, жұмысшы күші, транспорт, электроэнергия, жағар май жөнінде шешуі қиын сұрақтар туындады. Бұлардың жетіспеуінен эксплуатацияға жабдықты енгізу мен монтаждау бөлініп жасалды. Бұдан басқа, кәсіпорындар негізінен жабдықтары жинақталмаған, бүлінген, басы артық бөлшектерсіз, жалпы зауыттық жабдықтың жеткіліксіз түрінде келіп жатты. /13/

Құрылыс жұмыстары жеке кәсіпорындар күшімен шаруашылық әдісімен жүргізілді. Жаңадан алынған жұмысшылар негізінен әйелдерден тұрды. Олар тасшы, балташы, сылақшы мамандықтарын игеріп, кірпіш күйдіруді және дайындауды үйреніп, өздері өндірістік және тұрмыстық ғимараттарды салды.

Қазақстанда эвакуацияланған кәсіпорындарды қайта жабдықтау үшін үлкен қаражат бөлінді. 1941 жылдың төртінші тоқсанында 1.734,8 мың сом жұмсалды. 1942 жылы 13,9 млн. сом жалпы шығынның 11,2 млн. сомы қалпына келтіру жұмыстарына кетті. Осы жылы осындай мақсатпен тоқыма өндірісі кәсіпорындарына 2 млн. сом жұмсалды. Материалды және ақшалай қаражаттың бәрі эвакуацияланған кәсіпорындарды қалыптастырып, іске қосуға бағытталды. Егер 1940 жылы Қазақстанның тоқыма және жеңіл өнеркәсібінің жүйесі 32 кәсіпорыннан тұрса, 1945 жылы 65 кәсіпорынға жетті, ірі кәсіпорындар саны 3 есеге көбейді. Соғысқа дейін болған 17 тігін шеберханаларының саны 21-ге жетті. Кәсіпорындарды орналастыру жақсарды. Соғысқа дейін олар тек бес облыс орталығында шоғырланса, соғыстың аяғына қарай 14 облыс орталығының он бірінде болды. Алматы, Семей, Шымкент Қазақстанның жеңіл және тоқыма өңдірістерінің жетекші ошақтарына айналды. /14/

Соғыс жылдарында Қарағанды көмір бассейінінің әскери маңызы арта түсті. Кеңес үкіметі, стратегиялық тұрғыдан алғанда қуатты шикізат базасына айналған бұл аймақтағы жұмысшы мамандарға ерекше көңіл бөліп отырған. Әсіресе, көмір өндірудегі өндіріс тиімділігін арттыру бағытында жұмысшы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесін үнемі басты назарда ұстап отырған. Оған төменде беріліп отырған кестелердегі 1943-1944 жылдарға тиісті статистикалық мәліметтер нақты дәлел бола алады.(3,4-кесте)



Сонымен бірге, соғыс кезеңінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі құрылымында да маңызды өзгерістер болып жатты. Соғысқа дейін жеткілікті дамымаған салалар енді айтарлықтай кеңейіп,күшейді. Соғысқа дейін Қазақстанда бір ғана аяқ-киім жұмыс істеді. Эвакуацияланған бес аяқ-киім кәсіпорынның жабдықтарын орналастыру негізінде төрт аяқ-киім фабрикасы құрылды. Республикаға тігін кәсіпорындары көшіріліп, дербес болып қалыптасты. Нәтижесінде бес тігін фабрикасы қызмет ете бастады.
3-кесте 1943 жылдағы Қарағанды көмір бассейнінің жұмысшыларын дайындау және біліктілігін жетілдіру(ҚР ОММ, 3-қор, 1-тізбе, 189-іс, 12-парақ)

Дайындық түрлері

Трест бойынша оқыту


Ленин–көмір

Молотов– көмір

Киров– көмір

Сталин – көмір

Қаркөмір разрезі

Басқалары.

Бассейн бойынша

Алдын-ала

356

1861

1560

3073

289

-

7139

Курстық

283

190

599

1041

123

287

2523

Жеке-бригадалық

1004

749

2580

3391

567

148

8439

Біліктілікті жоғарлату

27

-

119

828

-

-

474

Стахан мектептері

69

81

193

1347

67

-

1754

БАРЛЫҒЫ

1739

2881

5051

9680

1046

435

20329


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет