Оқу іс-әрекетінің негізгі сипаттамалары
Оқу іс-әрекетінің, оны оқудың басқа формаларынан ажырататын
ҥш негізгі сипаттамалары белгіленеді: 1) ол оқу материалын игеруге
және оқу міндеттерін орындауға әдейі бағытталған; 2) онда әрекеттердің
жалпы тәсілдері мен ғылыми тҥсініктер игеріледі (мектепке дейін
игерілген тҧрмыстық тҥсініктерге қарағанда); 3) әрекеттің жалпы
тәсілдері міндеттерді орындаудың алдын алады (И.И. Ильясов) (алдын
алушы жалпы тәсілдер, әрекеттер бағдарламасы жоқ кездегі, байқап
кӛру және қателесу әдісі бойынша оқумен салыстырсақ, онда оқу іс-
әрекет емес). Бҧл ҥшеуіне оқу іс-әрекетінің екі маңызды сипаттамасын
қосайық. Біріншіден, танымдық қанықпайтын қажеттіліктерге жауап
бере отырып, 4) оқу іс-әрекеті субъекттің ӛзін ӛзгеріске тҥсіреді, бҧл
оның, Д.Б. Эльконин анықтауы бойынша, негізгі сипаттамасы болып
табылады. Екіншіден, оқу қҧрылымы мен ҥрдісінің чехиялық теоретигі
Й. Лингарт оқудың белсенді формасы ретінде оқу іс-әрекетінің тағы
бір ерекшелігін қарастырады, дәлірек айтсақ, 5) ҥйренушінің
психикалық қасиеттері мен мінез-қҧлқының «оның ӛз әрекеттерінің
нәтижелеріне байланысты» ӛзгеруі. Осылайша, оқумен теңестіре
отырып оқу іс-әрекетінің бес сипаттамасы жайлы айтуға болады.
Оқу іс-әрекетінің, ҥйренушілердің әрекеттің жалпыланған
тәсілдерін игеруі, олардың мҧғалімнің оқу әрекеттері арқылы әдейі
қойған оқу міндеттерін орындау арқасында ӛзіндік дамуы іс-әрекеті
ретіндегі анықтамасын негізге ала отырып, оның іс-әрекеттік
сипаттамаларын қарастырайық. Ең алдымен Д.Б. Элькониннің ізімен
оның қоғамдық сипатын атап ӛтейік: мазмұны бойынша, себебі ол
адамзат жинақтаған мәдениет пен ғылымның барлық байлықтарын
игеруге бағытталған; мағынасы бойынша, себебі ол қоғамдық мәнді
және қоғамдық бағалаушы; формасы бойынша, ӛйткені ол оқытудың
қоғамдық ӛндірілген нормаларына сәйкес және де арнайы қоғамдық
мекемелерде ӛтеді, мысалы мектептерде, гимназияларда, колледждерде,
институттарда. Кез-келген іс-әрекеттер сияқты оқу іс-әрекеті саналы
тҥсінілгендігімен сипатталады және оның белгілі бір қҧрылымы мен
мазмҧны бар.
185
Достарыңызбен бөлісу: |