И. А. Зимняя педагогикалық психология


Мотивация – оқу іс-әрекеті құрылымының бірінші компоненті



Pdf көрінісі
бет103/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Мотивация – оқу іс-әрекеті құрылымының бірінші компоненті 
 
 
Мотивация, ары қарай кӛрсетілетіндей, тек оқу іс-әрекетінің 
қҧрылымдық ҧйымдасуының негізгі компоненттерінің бірі ғана емес 
(Э.Торндайктың «әзірлік заңын», П.Я. Гальпериннің мотивацияны ақыл-
ой әрекеттерінің сатылап дамуының алғашқы міндетті сатысы ретінде 
қарастыруын еске тҥсірейік), сонымен қоса осы іс-әрекет субъектінің 
ӛзінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Мотивация оқу іс-
әрекетінің қҧрылымына бірінші міндетті компонент ретінде енеді. Ол іс-
әрекетке қатысты ішкі немесе сыртқы болуы мҥмкін, бірақ осы іс-әрекет 
субъекті ретіндегі тҧлғаның әрқашанда ішкі сипаттамасы болады. Дәл 
осы мотивацияның оқу іс-әрекетіндегі бірінші дәрежелік маңызды-
лығымен оның келесі тарауда арнайы жете қарастырылуы тҥсіндіріледі.
Оқу іс-әрекеті құрылымындағы оқу міндеті 
Санақ бойынша екінші, бірақ іс-жҥзінде оқу іс-әрекеті 
қҧрылымының басты компоненті оқу міндеті болып табылады. Ол 
оқушыға белгілі бір оқу жағдайындағы белгілі бір оқу тапсырмасы 
ретінде ҧсынылады (оның тҧжырымы оның шешілуі мен нәтижесі ҥшін 
аса маңызды), олардың жиынтығы тҧтастай оқу процесі болып 
табылады.
«Міндет» тҥсінігі ғылым дамуында ҥлкен тарихқа ие.
Психологиялық тҧрғыда отандық ғылымда міндеттер категориясын 
алғашқылардың бірі болып қарастырған зерттеуші М.Я. Басов (1892-
1937). Ол баланың іс-әрекетін талдай отырып, тҥрлі оқу және ӛмірлік 
ситуациялар ҥшін ортақ нәрсе - міндет болып табылады деп кӛрсеткен.
Бҧл ортақ сәт адамның әлі білмейтін нәрсесін және затта жай ғана кӛре 
алмайтын нәрсені ашуға деген қажеттілігімен байланысты; ол ҥшін оған 
осы затпен белгілі бір әрекет жасау қажет. Ӛз еңбектерінде ол 
психологияда міндет тҥсінігімен қатар, «әрекет», «мақсат» және 
«тапсырма» терминдерін қатар қолданудың мақсатқа сәйестілігін 
дәйектеді.
Кейіннен С.Л. Рубинштейн жҧмыстарында міндет тҥсінігі әрекет 
тҥсінігімен ара қатынаста және жалпы мақсатты болжау контексінде 
неғҧрлым кең талқылау алды. С.Л. Рубинштейн бойынша «адамның 
ырықты әрекеті дегеніміз – бұл мақсатты жүзеге асыру. Әрекет 
жасамас бұрын, мақсатты түсіну керек, яғни соған жету үшін 
әрекеттенетін мақсатты түсіну. Алайда, мақсат қаншалықты 
маңызды болғанмен де оны сезініп қана қою жеткіліксіз. Оны жүзеге 


189 
асыру үшін әрекет атқарылатын шарттармен санасу керек. Мақсат 
пен шарттың арақатынасы міндетті анықтайды, ол әрекетпен 
шешілу тиіс. Адамзаттық саналы әрекет – бұл азды кӛпті мӛлшерде 
міндетті саналы түрде орындау. Бірақ әрекетті атқару үшін 
міндеттің субъект тарапынан түсінікті болу да жеткіліксіз; ол 
субъект тарапынан қабылданған болу қажет» [193, 152 б.]. Айта 
кететін жайт, А.Н. Леонтьев бойынша міндет – бҧл белгілі бір жағдайда 
берілген мақсат.
Міндет тҥсінігінің жалпы дидактикалық мазмҧнын қарастыра 
отырып В.И. Гинецинский оны былайша анықтайды «...іске асырылып 
қойған танымдық іс-әрекеттің кейбір үзінділерін сипаттаудың 
стандартталған сәйкес формасы, ол оқыту жағдайында осы іс-
әрекетті қайта ӛндіру үшін жағдай тудыруға бағдарланған» [53, 173 
б.]. Міндет шарттарына, оның талаптарына берілген деректер мен 
іздестіру жатады, сондай-ақ негізгі шарты «бар дерек арқылы 
іздестіруды кӛрсетеді». Сонымен қатар, тапсырмаларды мҥлтіксіз және 
кҥрделілік критерийлері бойынша тҧжырымдаудың маңыздылығы атап 
ӛтіледі, бҧл жерде соңғысы объективті кӛрсеткіш болып табылады, ол 
субъективті кӛрсеткіш қиындыққа немесе міндетті орындаудың
жеңілдігіне теңестіріледі. Дидактикалық тҧрғыда В.И. Гинецинский
кӛрсеткен психологиялық міндеттің екі сипаттамасы да маңызды, мҧнда 
біріншісі оқу материалын игеруді анықтау міндеттеріне теңестіріледі, 
ал екіншісі – танымдық белсенділікті, танымдық жігерлерді 
ынталандырумен байланысты.
Оқу іс-әрекетінін, субъекттің ӛзін-ӛзі дамуына бағытталған 
әрекеттердің жалпыланған тәсілдерін игерудегі ӛзгеше іс-әрекеті 
ретіндегі анықтамасына сҥйене отырып, атап ӛтетін жайт, оқу міндеті – 
бҧл оқу іс-әрекетінің негізгі бірлігі. Д.Б. Эльконин бойынша, оқу 
міндетінің басқалардан негізгі айырмашылығы оның мақсаты мен 
нәтижесі субъект әрекеттенетін заттардың емес, керісінше субъектің 
ӛзінің ӛзгеруінде тҧр.
Оқу 
міндеттерінің қҧрамы, яғни берілген оқу уақыты 
қиындысында оқушы жҧмыс істеуі тиіс сҧрақтар (әрине, жауаптар да) 
мҧғалімге, оқытушыға, және де оқушыға, студентке белгілі болу керек. 
Іс жҥзінде бҥкіл оқу іс-әрекеті оқу міндеттерінің жҥйесі ретінде 
қойылуы тиіс (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Г.А. Балл). Олар белгілі 
бір оқу жағдайларында беріледі және де белгілі бір оқу әрекеттерін 
ҧйғарады – заттық, бақылау және кӛмекші (техникалық) әрекеттер. 
Кӛмекші әрекеттерге сызба жасау, айрықша кӛрсету, кӛшірме және т.б. 
жатады. Сонымен қоса, А.К. Маркованың айтуынша оқу міндеттерін 


190 
игеру оқушының соңғы мақсатты тҥсінуі мен берілген оқу міндетін 
тағайындауы ретінде жҧмыспен ӛтеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет