И. А. Зимняя педагогикалық психология


Педаогогикалық мамандық басқа мамандықтар арасында



Pdf көрінісі
бет73/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Педаогогикалық мамандық басқа мамандықтар арасында 
Е.А. 
Климовтың 
зерттеулерінде 
мамандықтардың 
бҥкіл 
саналуандығы адамның айналасындағы табиғат, адамдар, техника 
әлеміне және т.б. қатынасының схемаларымен кӛрсетілген. Е.А. Климов 
ҧсынған әдіс оларды еңбек пәні, оның мақсаттары, әрекеттер сипаты, 
еңбек қаруы және оның шарттары бойынша бӛлуге мҥмкіндік береді. 
Еңбек қҧралдары бойынша барлық мамандықтар – биономикалық 
(табиғат), 
техномикалық 
(техника), 
сигноникалық 
(белгілер), 
артономикалық (кӛркем бейнелер) және социономикалық (адамдардың 
ӛзара әрекеттесуі) болып бӛлінеді. Е.А. Климов кәсіби іс-әрекеттің бес
схемасын анықтайды: «Адам – табиғат», «Адам – Техника», «Адам –
Белгі», «Адам – Бейне», «Адам – Адам» [88-90]. 
Педагогикалық мамандық «Адам - Адам» деген типке жатады. 
Е.А. Климов бойынша мамандықтың бҧл типі адамның келесі 
сапаларымен анықталады: адамдармен жҧмыста тҧрақты жақсы кӛңіл 
кҥй, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, ӛзін ойша басқа адамның 
орнына қоя білу қабілеті, басқалардың ниеттерін, пиғылдарын, кӛңіл-
кҥйлерін жылдам тҥсіне қою, адамдармен ӛзара қатынасты тез талғау, 
кӛптеген және әр тҥрлі адамдардың жеке қасиеттерін есте сақтап, ойда 
ҧстау т.б. Осындай мамандық схемасындағы адамға тән: басқару, оқыту, 
тәрбиелеу ептілігі, «адамдардың тҥрлі қажеттіліктеріне қызмет етуде 
пайдалы әрекеттерді іске асыру»; тыңдау және ести білу; кең ой-ӛріс; 
тіл (коммуникативтілік) мәдениеті; «ақыл-ойдың жантанушылық 
бағыты, адамның сезімдерін, ақылын және мінезін, мінез-құлқын 
аңғара білу, оған ӛзінің немесе ӛткен тәжірибеден таныс ішкі дүниені 
жапсырмай, дәл оның ӛзінің ішкі дүниесін ойша елестету, модельдеу 
ептілігі немесе қабілеті»; «адам әрқашан жақсырақ бола алады деген 
сенімділікке негізделген, адамға деген жобалаушы қатынас»; 
уайымдаса білу, байқампаздық; «тұтастай халыққа қызмет ету 
идеясының дұрыстығына деген терең және оптимистік иланым»;
стандартқа сай емес жағдаяттарды шешу; ӛзін-ӛзі реттеудің жоғарғы 
дәрежесі [90, 176-181 б.]. 
Бҧл жерде, «Адам - Адам» схемасы типтік қалаулардың, 
қызығушылықтардың, адамның тҧлғалық ерекшеліктерінің Дж. 


128 
Холланд, Е.А. Климов) жинағымен сипатталатынын есепке алсақ, онда 
оның кәсіби сипаттамасы терең даралық тҥрлендірілген болып шығады.
«Адам-Адам» схемасымен жҧмыс істейтін адамның кәсіби 
жарамдылығын талдау ҥшін, кәсіби қол бос болмаушылықтың осы 
типіне қарсы нәрселер тізімі орынды. «Берілген типтегі кәсібін 
таңдауға қарсы кӛрсеткіштер:сӛйлеу ақаулары, мәнерсіз сӛз, 
тұйықтық, ӛз-ӛзіне беріліп кету, айқын кӛрінетін дене кемістіктері, 
ӛкінішке орай, ебедейсіздік, шектен тыс баяулық, адамдарға 
селқостық, адамға ешбір пиғылсыз қызығушылық білдірудің болмауы» 
[90, 181 б.]. Бҧл «Адам - Адам» типіндегі кәсіп субъектісінің 
жалпыланған портреті. Осы типке жататын педагогикалық мамандық 
тағы да бірқатар ӛзгеше талаптарды қояды, олардың ішінде негізгілері – 
кәсіби қҧзырлылық және дидактикалық мәдениет. 
Педагогикалық 
іс-әрекетті 
еңбек 
қаруы 
позициясынан 
қарастырғанда ӛзіне назар аудартатын жағдай – онда басқа да 
қатынастар схемаларының шоғырлануы,
ең алдымен «Адам – Белгі» 
схемасы. Белгілік, соның ішінде, тілдік жҥйелер педагогикалық іс-
әрекетте қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдаушы негізгі қҧрал 
болып табылады, сонымен бірге таңбалық 
жҥйелер ӛз тарапынан 
меңгеру пәні болып келеді. Бҥгінгі кҥнгі білім беру процесінде 
компьютерлік техника да аз рӛл атқармайды. Педагог оны білімдерді 
беру қҧралы ретінде де, зерттеу, сонымен қатар, оқыту пәні ретінде де 
қолданады
Мамандықтың әр типі ҥшін әрекеттер қҧрамын талдай отырып, 
Е.А. Климов олардың тӛрт тобын ҧйғарады:
1. Қозғалыстық әрекеттер (орын алмастыру, орналасу, бҧрылу 
және т.б.). 
2. Танымдық (гностикалық) әрекеттер, оған қабылдау, қиял және 
логикалық әрекеттер жатады. 
3. Тҧлғааралық қарым-қатынас әрекеттері, оған диагностикалау-
шы, әрекет-талап, серіктесті ақпаратпен басқару әрекеті. 
4. Жігерді келісімдеу әрекеті.
Педагог 
субъект 
ретінде 
осы 
әрекеттердің 
барлығын 
орындайтынын айта кетейік (аз мӛлшерде бірінші топ әрекеттерін, және 
егер олар тек механикалық болған жағдайда. Аталған әрекеттер 
тобының барлығының педагогтың кәсіби іс-әрекетіне енуі оның 
интеллектуалдық және мінез-қҧлықтық мәдениетінің жан-жақтылығын 
анықтайды.
Кәсіби іс-әрекет субъект қойған мақсатқа байланысты жіктелуі 
мҥмкін: гностикалық (танымдық), қайта қҧру немесе іздеу мақсаттары.


129 
Бҧл жерде екіншісі мен ҥшіншісі міндет қоюмен және оларды 
орныдаудың жаңа тәсілдері мен қҧралдарын табуына байланысты. 
Қайта қҧрушы іс-әрекет заттардың, қҧбылыстардың, процестердің кез-
келген класымен ара қатынаста. Педагогикалық іс-әрекет ең алдымен, 
субъектте қайта қҧру (ӛзгерту, дамыту) міндеттерін қою мен орындау 
іскерлігін және осы міндеттерді орындаудың жаңа қҧрал-тәсілдерін 
іздеу іскерлігін ҧйғарады.
Еңбектің функционалды қаруларын белгілеген кезде – Е.А. 
Климов санаға қатысты сыртқы және ішкі кәсіби іс-әрекет қҧралдары 
мен тәсілдерін ойға алады, және де ең алдымен, «ауызша және жазбаша 
сӛз, бейнелеуді» алады. Педагог сӛзі оның іс-әрекетінің маңызды 
сипаттамаларының бірі екені белгілі.
Педагогтың педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретіндегі жалпы 
сипаттамасын, оның мақсаттарын, пәнін, қҧралдарын, әрекет тәсілдерін 
анықтау негізінде келтіру осы мамандықтың жалпы кҥрделілігі мен 
кӛпжақтығын кӛрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет