123
§ 2. Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер
Білім беру іс-әрекетінің біріккен субъекті
Педагогикалық және оқу іс-әрекетінің субъекттерін сипаттаған
кезде, қоғамдық субъект (педагогикалық қоғамдастық немесе шәкірттік)
бола отырып, әрбір мҧғалім мен оқушының ең алдымен, бҥкіл білім
беру процесінің субъекті болатынын айта кету қажет. Біріккен субъект,
қоғамдық қҧндылықтарды кӛрсете отырып, әр білім беру жҥйесінде,
мекемелерде әкімшілік пен оқытушылар ҧжымымен,
оқушылар
қауымдастығымен (институтта бҧл ректорат, кафедра, деканат, оқу
тобы) кӛрсетілген. Осы біріккен субъекттердің іс-әрекеттері
нормативтік-қҧқықтық және бағдарламалық бағытталады, тәртіптен-
діріледі. Біріккен субъекттерге жататын нақты субъекттердің әрқайсысы
жеке ӛзінің, бірақ келісілген, біріктірілген мақсаттарға ие. Олар белгілі
бір
нәтижелер формасында берілген, бірақ олардың функциялары мен
рӛлдері шектеулі, осыған орай білім бері процесі кҥрделі полиморфты
іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет ретіндегі білім беру процесінің
жалпы мақсаты – ӛркениет, нақты халық, қауым жинақтаған қоғамдық
тәжірибені сақтау мен оны ары қарай дамыту. Оны осы тәжірибені
игеруді ҧйымдастырудың, беру мен алудың және оны меңгерудің екі
қарсы бағытталған мақсаттары жҥзеге асырады. Бҧл жағдайда біз бҥкіл
білім беру процесінің идеалды біріккен субъекті жайлы айтамыз, оның
әрекетінің тиімділігі екі жақты да ортақ ӛркениеттік-мәнді
мақсатты
саналы тҥсінуімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: