Бұрын «
алақанның ауданындай» деп,
аудан сөзін конкрет орында
қолданбайтын едік (
үй ауданы...). Қазір
аудан сөзі
әкімшілік, территория дегенді
білдіреді. Бұл мағынаның шақталғанына мысал.
Қатын деген сөз ерте замандарда ханның әйелдеріне ғана арналған атау
болған, кейін келе ханның уәзірлерінің
әйелдерін де солай деп атаған, ақыр
соңында байға тиген барлық әйелдерді
қатын деп атап кеткен.
Микро-космический период
(
Кішкене космос дәуірі; кішкене дүние дәуірі)
Адам баласының табиғатында әуелі басқаны біліп алып,
өзін кейіннен білу
қасиеті бар. Мысалы: адам фотографияны танып білгеннен кейін ғана өзінің көру
аппаратын (көзін) білген. Ежелгі дәуір адамдарының алдымен өзінен басқа заттарға
ат қоятыны өзін сол басқаларға ұқсата атайтыны – өз басын кіші дүние деп біліп,
оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы таным тілге де әсер еткен.
Мысалы, орысша
небо – аспан, неба – таңдай; қазақ тіліндегі
таң = аспан әлемінің
аты, яғни жоғарғы
жаққа тән қасиеттің иесі;
таңдай = адам денесінің жоғарғы
жағы.
Көз, жүз деген сөздер бет
мағынасын білдірген; көне түркідегі
беңіз=бет,
екі
бет деген ұғымды білдіреді (
беңзе=меңзе). Ай,
күн = көз, жүз; сөз = жүз ағыз –
бәрі бір мағынада болған. Бұрын сөз деген қимылды білдірген; демек
қол қимылы,
бет қимылы (жүз қимылы). «Сөз» атауының «жүз» дегеннен шығуы осыған
байланысты;
бас=биік деген сөз. Біз
биікті нұсқау үшін
«таудың басы», «үйдің
төбесі» дейміз.
Ал
адамның басы деген қазіргі қолданыс кейіннен қалыптасқан болу керек.
«
Көмей» мен «
көк» сөздерінің де байланысы болуы ықтимал (Қасымов
дәптерінен:).
Көз, жүз, ауыз деген сөздер бұрын бір сөзбен айтылған.
Ай мен
күн =
аспан көз (
жүз = ай, күн = көз).
Ай аз=ай юз (Алпаров).
Достарыңызбен бөлісу: