І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет23/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

балалық шақ – 2-ден 12 жасқа дейін;жеткіншек – 12-ден 15 жасқа дейін;жасөспірмдік – 15-тен некеге тұрғанға дейін. Әр жаста табиғи нышандар әр қалай көрінеді. Жыл сайын баланың қажет­ті­лігі өзгереді. Эмильдің есеюін мысалға келтіре отырып, әр жастағы тәрбиенің мақсат пен міндеттерін нақтылай сипаттайды.
Әлемдік педагогика тарихында Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827г.г.) үлкен рөл атқарды. Оған «халық ағартушысы», «жетімдер әкесі», «ха­лық мектебін ұйымдастырушы» атақтары берілді. Швейцария педагогы, тәжі­ри­бе­лі ұстаз, әдебиетші-ғалым барлық өмірін халық ағарту ісіне қалаған.1774ж. Песталоцци Нейгофте кедей балаларына арналған балалар үйін ұйымдастырды. Песталоцци жоспарларына шаруа балаларын ауылшаруашылық енбегінің тиімді әдістеріне үйрету кірді. Уақытша тәжірибелік қызметінен босаған Песталоцци «Лингард және Гер­труда» педагогикалық романын жазады. 1789ж. Песталоцци өзінің сүйікті ісіне қайта оралуына мүмкіндік туды. Ол Станцеде жетімдер мен кедейлерге арналған тәрбиелік мекеме ашады. Станцедегі мекеме ұзақ өмір сүрмеді. Балалар мен тәрбиешіні далаға қуып шықты. Бірақ бұл Песталоцциге қатты әсер етпеді. Ол Бургдорфте (1800-1804), Ивердондегі (1805-1826) кедейлер арналған үйде педагогикалық жұмыстарды қайта-қайта қалпына келтіріп жүрді. Өмірінің соңында Песталоцци өз тәжірибесін жинақтап жазған біраз шы­ғар­малар жазады. Оның ішінде – «Аққулар әні».Песталоцци ойынша, мектептің мақсаты - жан-жақты үйлесімді даму, ол ақыл-ой, рухани және дене дамуының бірлігін қамтамасыз ету мен еңбекке дайындыкты қамтамасыз етуді қарастырады. Песталоцци қарапайым білім берудің құрамдас бөліктерін бөліп корсетеді:интеллектуалды, оның мақсаты ақыл-ой қабылетін, өзіндік ойлау мен интеллектуалды жұмыс дағдыларын игеруді жан-жақты дамыту,дене – «дене өзімшілдігі» мен «дене дағдыларын» игеруге қажетті адамның дене дарын белгілерінің жан-жақты дамуы,рухани – «рухани ойлаудың өзіндік дамуын қамтамасыз ету мен нақты рухани дағдылардың игерілуіне» қажетті рухани дарын белгілерінің жан-жақты дамуы. Ол жақсылықты жасаудың әдісі мен тілегін қа­рас­ты­ра­ды.
Песталоццидің оқытудың әдістері баланың табиғи дарын белгілерінің пайда болуында үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған жаттығулар жо­лы­мен баланың жүйелі дамуы ретінде тәрбие түсінігінен шығады.Бала оқиды, сезімді қабылдау мен өзінің қызмет тану әсерінен дамиды. Оның тәжірибесі сөздерде айқын көрініс табуы тиіс.Песталоццидің педагогикада ең негізгі бағытының бірі - еңбек тәрбиесі. Песталоццидің педагогикалық идеялары батыс еуропа педагогикада қолдау – дамуды, ал онымен басқарылатын мекемеде өткізу тәжірибелері танымал педа­гог­тың мектеп тәжірибесінің дамуына әсер етті.
Танымал неміс педагогы, психолог, философ И.Ф. Гербарт (1776-1841)өзінің педагогикалық теорияларын келесі шығармаларда ұсынды:«Тәрбие мақсаттарынан шыққан жалпы педагогика» (1806); «Психология оқулығы» (7816); «Педагогикадағы психология нұсқаулары жөніндегі жазбалар» (7613); «Педагогика жөніндегі лекция очерктері» (1835)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет