Педагогика тарихының ғылым ретіндегі мақсаты: Әр түрлі өркениеттілік жағдайларда, мемлекеттерді, мәдениеттерді тарихи заңдылықтардың теориялық және практикалық даму тенденциялардың қазіргі заманда оларды зерттеу және өркендету.
Педагогика тарихының ғылым ретіндегі міндеттері:
Жалпы адамзаттық және қоғамдық құбылыс ретінде тәрбиенің заңдылықтарының зерттеу.
Бірнеше ұрпақ педагогтардың жасаған құралдарының, әдіс-тәсілдерінің гуманистік және рационалдық бағыттарын ашып көрсету. Өткен тарихи заманда жиналған оқуды тәжірибені жалпылау және педагогикалық ғылымның даму жолын талдау. Бүкілдүниежүзілік және отандық мектептердің тарихи дамуын нақты тарихи көрініс екенін констатациялау. Нақты педагогикалық жүйесінің өрістеуінің зерттеу. Оның негізінде жатқан тарихи-педагогикалық идеяларды талдау. Әлеуметтік қоғамның құрылысындағы және мәдениеттің, мектептердің, педагогикалық теориялардың арасындағы айырмашылықтарды табу.Өткен замандағы педагогтардың және қосқан үлесін және өмірбаянын танып білу.Белгілі тарихи кезеңінде педагогикалық теориялардың пайда болуын және білім берудің тарихи-қоғамдық дамуындағы рөлін анықтау.
Тарихи-педагогикалық зерттеулер әдістері: Реконструкциялық, тарихи-салыстырмалық, тарихнамалық, аналитико-теориялық, фактологиялық, (сипаттау және түсіндіру, тарихи-мұрағаттық.
Педагогика тарихының принциптері: Тарихи-әлеуметтік принципі, таптық сәйкестілік принципі, ғылымилық принципі, жүйелілік, тұтастық талдау принципі, тарихи принципі.
Педагогика тарихының пән ретіндегі мақсаты:
Қоғамның байланысымен және нәтижесі - бір жағынан, мектептің және педагогиканың - екінші жағынан;
Мектептің жаңадан өндіру үрдісі және педагогикалық қоғамдар мен өркениеттер;
Тәрбие және оқыту сферасында бекіту механизмі және адамзаттық мәдени құндылық жетістіктері.
Педагогика тарихының пән ретіндегі міндеттері:
Дүниежүзілік және отандық мектептердің дамуы және білім жүйесінің қалыптасу сатыларымен және ерекшеліктерінің пайда болуы;
Өткен шақ педагогтардың идеяларында педагогикалық сана-сезімді қалыптастыру;
Қазіргі тарихи мәселелердің тарихи түбірінің амалын табып, анықтауын қалыптастыру;
Қазіргі педагогикалық проблемаларды (мәселелерді) шешуге өткен заманның педагогикалық көзқарастарын, идеяларын нақты пайдалануға амалын табуын қалыптастыру
Аналитикалық және сын тұрғыдан ойлауды мұғалімде қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |