Озат педагогикалық тәжірибені мектепке еңгізуде мектеп директорының қызметі
Қазіргі заманғы мектепте нақты педогогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педогогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың барлығы бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекеттерінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педогогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.
Педогогикалық тәжірибе көпшілік және озық болуы мүмкін. Озық педогоикалық тәжірибе техникамен ерекшеленеді. Өйткені әрбір жаңа кезде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа мүмкіндіктерінің кеңеюімен педогогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педогогика ғылымы мен практикасының қазынасын үнемі толықтырушы, жаңатушы қызмет те атқарады. Озық педогоикалық тәжірибені жасау және таратуға мұғалімнің поэзиясы үлкен рөл атқарады сондықтан нақты тәжірибенің жетекші ережелеріне талдау жасап, оны қолдануға кіріскенде субективті факторлардың ықпалын ескеру арқылы оның нәтижесі мен педогогикалық ұжымға кірігуіне болжам жасау қажет. Педогогикалық тәжірибеде объективті және даралық құндылықар бір-бірімен астасып жатады, бірақ педогогикалық қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей көпшіліктің игілігі бола алмайды. Тек жеке тұлғаның жаңа тәжірибе жасауға ықпал жасайтын бірегей және қайталанбас ерешеліктері ғана назарға алынады. Озық педогогикалық тәжірибе бұқаралық негізде қалыптаса отырып, обективті педогогикалық заңдылықтарды игерудің деңгейін де танытады (Ю.К.Бабанский). Озық педогогикалық тәжірибенің бір түрі болып есептелінетін жаңашылдық пен зерттеушілік педогогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты. Жаңашылдық пен педогогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И.П.Волков, Т.И.Гончарова, И.П.Иванов, Е.Н.Ильин, В.А.Кариновский, С.П.Лысенкова, Р.Г.Хазанкин, М.П.Шетинин, П.М.Эрдиров, Е.А.Ямбург және т.б ғалымдар мен педоготардың тәжірибелі мұғалім қауімінің игілігіне айналды.
Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының екінші құрамды бөлігі – психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің практикасына ендіру. Педагогика мен психология бойынша ғылыми зерттеудің нәтижелері уақытылы хабардар ету мүмкіндігі болмағандықтан мектеп қызмет-керлеріне белгісіз болып қалады.
Педагогикалық зерттеудің нәтижелерін практикаға енгізу үшін практикалық қызметкерлердің алынған нәтижелерімен арнайы танысады, оны іске асырудың орындылығын, сол арқылы осы негізде ғылыми зерттеу нәтижесін практикада қолдануға деген қажеттілік анықталатындығы В.Е.Грурман, В.В.Краевский, П.И. Керташева,
М.Н Скатин және басқа ғалымдардың арнайы еңбектерінде атап айтылған. Мамандар тарапынан жедел әдістемелік көмек көрсету арқылы бұл ғылыми ұсыныстарды іске асыру әдістері мен тәсілдерін игеруге болады.
Осыған байланысты жаңа педагогикалық идея мен технологияның насихатшысы және таратушысы кім болады деген сұрақ туындайды. Жеке мұғалімнің, мектептің тәжірибесін, ғылыми зерттеу мен таратуды мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары немесе оқу ісің меңгерушісінің жетекшілігімен жан-жақты дайындалған мұғалімдер тобы жүргізуі тиіс.
Бұндай топты құрудың қажеттігі бірқатар жағдайларға байланысты. Біріншіден, педагогикалық жаңалықтың немесе түбірлі педагогикалық идеяның, технологияның авторы, оның құндылығы мен перспективалығын аңғара бермейді. Екіншіден, қосымша уақыт және т.б. қажет етеді деп ол өзінің идеясын іске асыруға көбіне құлшына кіріспейді. Үшіншіден, жаңалық автордың баяндауында жүйелі ғылыми және әдістемелік негіздеме таба алмауы мүмкін. Төртіншіден, автор инновациясы және оны іске асыру жолдары туралы өзінің немесе әріптестерінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты мұғалім әріптестерді тарапынан «кері тебу» реакциясына тап болуы мүмкін. Бесіншіден, аталған топтың функциясы идеяны іске асырумен шектелмейді, сонымен бірге оны талдау және оны түзетумен айналысады. Алтыншыдан, бұндай топ педагогикалық мониторинг қызметін атқарады, отандық, шетелдік баспасөз материалдары және жоғарғы оқу орнының тәжірибесі бойынша жаңа идеялар, технологиялар мен концепцияларды жүйелі түрде талдап,іріктеп отырады.
Педагогикалық жаңалықтарды практикаға енгізу қызметін басқару бұл жұмысқа автордың қатысуын жоққа шығармайды, қайта оның дербес шығармашылық мүмкіндіктерін ынталандырып, қабілетін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Осылайша мектеп жағдайында педогогикалық инновацияны жасаушылар мен насихаттаушылардың күші біріктіріледі. Нақты практикада инновациялық үдерістердің сипаты алынған нәтиженің мазмұнымен, енгізілуге тиісті жаңалықтың күрделілік деңгейімен, сол сияқты практиктердің инновациялық қызметіне дайындығының деңгейімен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |