Дәстүрлі
Жаңа оқу материалын оқу сабағы
Іскерлік, дағдылы қалыптастыру
Қайталау сабағы
Қорытынды жинақ
Аралас сабақ
Дәстүрлі емес
Дамыту сабағы
Интеграциялық
Панорамалық
Сайыс
Аукцион
Шығармашылық
Интеграциялық сабақ пәнаралықбайланысты жетілдіру мақсатына байлнысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктілген сабақтың негізгі мақсаты – оқу материалдарын байланыстырып, ссабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп ьеру оқушылардың жан-жақты тұтас, тереңжәне берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пәнаралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Панорамалық сабақ . Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат – озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдстемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімге оқыту үдерісінде ең көп сүйінетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі – мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәджірибелерін көпке танытыды.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпты екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданыңжеңгені анықталады. Екі команданың капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың дажауаптары салыстырылады. Соңынан қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион тәртібін түсіндірук, зат сату, финал, қорытынды.сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, колөнер бұйымдары.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша крассворд құрса, 3-4 топтың оқушыоары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |