І бөлім. Жалпы фармакология



бет114/117
Дата03.11.2022
өлшемі1.02 Mb.
#463898
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Farmakologia kitap

Меркаптопурин (леуперин, пуринетол және т.б.) түймедақтары - 0,05 г - №25. Меркаптопуриннің құрылысы нуклеин қышқылдарына (ДНҚ, РНҚ), пуриндік заттарға (аденин, гуанидин және т.б. субстраттарға) ұқсайды, сондықтан меркаптопурин олармен бәсекелестікке түседі де, содан соң нуклеотидтердің құрылысын бұзады.
Меркаптопуринді жедел лейкозда, лимфобласттық және миелобласттық лейкоздарда, созылмалы миелолейкозда және полицитемияда қолданады. Мұны күніне 2-2,5 мг/кг дейін, қажеттілігіне қарай 5мг/кг дейін ішу керек, содан соң жалпы мөлшерін қан тамырда бір қалыпта ұстап тұру үшін, күніне 1,5-2,5 мг/кг қолдану керек. Қатерлі және жанама әсерлері метотрексатқа ұқсас.
Фторурацил (фивофлу, флуороурацил, флурокс және т.б.) 2,5%- 10, 20, 40 және 100 мл, сонымен бірге 5% - 5, 10 және 20 мл флакондарының бәрі егуге арналған. Күніне 10-15 мг/кг мөлшерде 4-5 күн қатарынан қан тамыр арқылы егіледі немесе 15 мг/кг мөлшерде жылдам ағызып егу үшін, аптасына 1 рет 8-10 мөлшерде немесе 600 мг/м2 тағайындалады 1-ші және 8-ші күндері басқа да химиялық заттармен бірге қолданылады.
Фторурацилді асқазан, тамақ, ұйқы безі, тоқ және тік ішек, сүт бездері, жатыр, қуық, бас, мойын және т.б. мүшелер қатерлі ісіктеріне қарсы қолданады. Бұл өте улы дәрі, оның көптеген қатерлі және кері әсерлері болады және басқа да антиметаболиттерге (метотрексат және меркаптопуринге) ұқсас, сондықтан мұны пайдаланғанда алдын ала қорғаныс шараларын жасап, зақымды болдырмауға тырысу керек.
3. Аралас жасанды дәрілер тобынан цитостатиктер цисплатин, прокарбазин тағы да басқа белгілі заттар қатерлі ісік торшасының ішіне еніп, ДНҚ-мен әрекеттесіп, сол дененің байланыстарын бұзады. Олар көбінесе жыныс бездерінің, қуықтың, эндометрий ісіктеріне және лимфосаркомаларға қарсы қолданылады.
Цисплатин (платамин, онкоплатин және т.б.) 0,05%; 0,1% және 0,25% - 10, 20, 50, 100 және 200 мл флакондағы ерітіндісі егуге арналған. Бұл негізі екі пластинамен қосылмалы заттардан тұрады. Қатерлік ісіктерге деген әсері өте жоғары, соның өзінде де оны басқа дәрілермен (метотрексат, циклофосфан және т.б.) бірге беру керек.
Цисплатинді ұрық, жатыр, өкпе, қарын, өңеш, қуық, тері, бас, мойын т.б. көптеген ісіктерге қосымша басқа да цитостатиктермен бірге қолданады. Емдік мөлшерлері 20 мг/м2 тәулігіне 1 рет қан тамыр арқылы 5 күн қатарынан егіледі. 3-4 аптадан кейін қайталауға болады. Басқа да емдік кестелерді қолдануға болады. Бұның қатерлі және жанама әсерлері басқа да цитостатиктермен ұқсас келеді.

4. Ісіктерге қарсы белсенділігі бар антибиотиктер.


Көптеген антибиотиктердің микробтарға қарсы әсерінен басқа цитостатикалық қасиеті бар. Олар нуклеин қышқылы құрылысын бұзады.
Дактиномицин (космеген және т.б.) - 0,05% - 1 мл ампуласы және 0,0005 г флакондағы ұнтағы болады. Мұны 0,3 мг/м2 тәулігіне 1 реттен 5 күн қатарынан қан тамыр арқылы егеді немесе 4 аптада 1 рет тамшылатып 2-3 сағат егуге ( 0,0005 г флакондағы 1-2 мг/м2) қолданылады.
Дактиномицин препаратын көбінесе жатыр хорионкарциномасына, ретикулосаркомаға, Юинг саркомасына, лимфогранулематозға және басқа да ісіктерге қарсы қолданады. Мұны пайдаланған кезде лоқсу, құсу, іш өту, асқазанның жарақаттануы, қызба, бауыр қызметінің бұзылуы, лейкопения, анемия, тромбоцитопения және т.б. жанама әсерлері болып тұрады. Адам ауыр халде жатқанда, жүкті әйелдерге, бауыр мен бүйрек жетіспеушілігінде, вирустық инфекцияда беруге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет